Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Абай облысы Курчатов қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Курчатов қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 32 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5992 болып тіркелген) толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулының 1 қосымшасы:
келесі мазмұндағы, реттік нөмірлері 9, 10, 11, 12 – жолдармен толықтырлсын:
"
9. | Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Курчатов қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының жанындағы алаңы | Курчатова көшесі, 9 |
10. | Автобус аялдамасының жанында, Олимпия көшесі, 20 тұрғын үйге қарама-қарсы | Олимпийская көшесі, 20 |
11. | "ҚТЖ-жүк тасымалдау" - "ЖТ Семей бөлімшесі" АҚ бөлімшесінің әкімшілік ғимаратының жанында | Железнодорожная көшесі, 1 |
12. | Автобус аялдамасының қасында, Көктем көшесі, 2 тұрғын үйге қарама-қарсы | Көктем көшесі, 2 |
"
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Н. Т. Қошқарбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы Курчатов қаласының әкімі | |
Б. Абдралиев |
Келісілді:
Абай облысы Курчатов қаласының
аумақтық сайлау комиссиясы