Курчатов қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 32 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға үй-жайлар беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 214 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 8 ақпанда № 20-18 болып тіркелді

      Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Курчатов қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 32 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға үй-жайлар беру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5992 болып тіркелген) келесі өзгерiстер енгiзiлсiн:

      көрсетілген қаулының атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Абай облысы Курчатов қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы";

      қаулының 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерлері үшін" деген сөздер "барлық кандидаттар үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулының 1 қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулының 2 тармағы және 2 қосымшасы алып тасталсын.

      2. "Абай облысы Курчатов қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны Курчатов қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Н. Т. Қошқарбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      М. Табылдин

  Курчатов қаласы әкімдігінің
2023 жылғы "7" ақпандағы
№ 214 қаулысына
1 қосымша
Курчатов қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "30" мамырдағы
№ 32 қаулысына
1 қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары

№ р/с

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Мекен-жайы

1.

"Абай облысы Курчатов қаласының қалалық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы алаңы

Тәуелсіздік көшесі, 2

2.

Қалалық телекоммуникация торабы ғимаратының жанындағы алаңы

Абай көшесі, 13

3.

"№2 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы алаңы

Тәуелсіздік көшесі, 10

4.

"№3 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы алаңы

Олимпийская көшесі, 3

5.

"№4 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы алаңы

Абай көшесі, 50

6.

"Курчатов қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы алаңы

Тәуелсіздік көшесі, 12

7.

"Журавушка" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимаратының жанындағы алаңы

Олимпийская көшесі, 30

8.

"Жайлаубай" базар ғимаратының жанындағы алаңы

Абай көшесі, 29


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады