Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 18.03.2020 № 72 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 – бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 қарашадағы № 231 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4781 тіркелген, 2017 жылғы 27 қаңтарда "Аудан тынысы", "Пульс района" аудандық газеттерінде және 2017 жылғы 11 қаңтарда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған); "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 қарашадағы № 231 қаулысына өзгерту енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қарашадағы № 208 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5308 тіркелген, 2017 жылғы 29 желтоқсанда "Аудан тынысы", "Пульс района" аудандық газеттерінде және 2017 жылғы 11 желтоқсанда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж.Селихановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | О. Булавкина |
Бородулиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "26" наурыздағы № 80 қаулысына қосымша |
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
№ | Ұйымның атауы | Жыл басына ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орын есептемегенде жұмыс орындарының тізімдік саны (адам) | Жыл басына ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орын есептемегенде тізімдік санынан бекітілген квотасының мөлшері (%) | Жұмыс орындардың саны (бірлік) |
1 | "Жезкент кентінің мктеп-лицейі" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 100 | 2 | 2 |
2 | "Новопокровка орта мектебі" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 61 | 2 | 1 |
3 | "Комаров атындағы орта мектебі" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 90 | 2 | 2 |