Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 28.11.2022 № 23-2-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1)тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 10030 нөмірімен тіркелген) сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бородулиха ауданының Жезкент кенті бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Әубәкіров |
Аудандық мәслихат хатшысы | У. Майжанов |
Бородулиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 7 маусымдағы № 38-2-VI шешіміне қосымша |
Бородулиха ауданының Жезкент кенті бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жиналатын объектілер | Есептік бірлік | 1 есептік бірлікке текше метр, жылдық норма |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,50 |
2 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,50 |
3 | Мекемелер, ұйымдар,офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,11 |
4 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,30 |
5 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,12 |
6 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,52 |
7 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,07 |
8 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м² | 0,51 |
9 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м² | 1,04 |
10 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м² | 0,07 |
11 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | жалпы алаңы 1 м² | 0,13 |
12 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңы 1 м² | 0,05 |
13 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м² | 0,20 |
14 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 1,96 |
15 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,43 |
16 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,17 |
17 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м² | 0,12 |
18 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м² | 0,33 |
19 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 1,96 |
20 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м² | 0,39 |