Бородулиха ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 қарашадағы № 23-2-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 желтоқсанда № 30913 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бородулиха ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары, осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Бородулиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 7 маусымдағы № 38-2-VI "Бородулиха ауданының Жезкент кенті бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6003 болып тіркелген).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов

  Бородулиха аудандық
мәслихатының
2022 жылғы 28 қарашадағы
№ 23-2-VII шешіміне
қосымша

Бородулиха ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

№    

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілерінің түрлері

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3

1.

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,75
1,98

2.

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,14

3.

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,65

4.

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,52

5.

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,13

6.

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,0004

7.

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,36

8.

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,18

9.

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,50

10.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,07

11.

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,03

12.

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,002

13.

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,04

14.

Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер

сауда алаңы 1 м2

0,68

15.

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

1.04

16.

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,14

17.

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

-

18.

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,16

19.

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,07

20.

Жағажайлар, жолдардан көше сыпырындысы

Жалпы алаңы 1 м2

-

21.

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,22

22.

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС

1 машина-орын

2.0

23.

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1, 5

24.

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гаражға

0,31

25.

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1.20

26.

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,17

27.

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,35

28.

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

2.0

29.

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0.42

30.

Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

0,08

31.

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады