Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 25.12.2020 № 449 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексiнiң 18 бабының 2) тармақшасына, 139 бабының 9 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 25.12.2020 № 449 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)2. "Жарма аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде, қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауын аудан әкімінің орынбасары Н.А. Нургалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарма ауданының әкімі | А.А. Нургожин |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Жарма аудандық | |
мәслихатының хатшысы | |
________________ | А.Ж. Сахметжанова |
"___" ___________ 2019 жыл
Жарма ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 170 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Абай облысы Жарма ауданы әкімдігінің 21.12.2023 № 539 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Әлеуметтік қамсыздандыру: әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектігі бар адамды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, музыкалық жетекші, инженер-программист (негізгі қызмет), әдіскер, тәрбиеші, психолог, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, мейіргер, диеталық мейіргер, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, логопед.
Мәдениет: барлық атаудағы әдіскерлер (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әртістер, кітапханашы, дирижер, музыкалық жетекші, хореограф, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер).