Жарма ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 170 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 449 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 желтоқсанда № 8098 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексiнiң 1 бабының 2) тармақшасына, 18 бабының 2) тармақшасына, 139 бабының 9 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарма ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 170 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6037, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылдың 1 шілдесінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулының атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";

      1-тармағы келесідей редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын";

      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жарма ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын қамтамасыз ету;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулының Жарма ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруы қамтамасыз етілсін. 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Бексултановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарма ауданының әкімі А. Нургожин

      КЕЛІСІЛДІ:
Жарма аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
________________ Узбеханов А.М.
"___" ___________ 2020 жыл

  Жарма аудандық
мәслихатының хатшысы
________________ Сахметжанова А.Ж.
"___" ___________ 2020 жыл
  әкімдігінің 2020 жылғы
25 желтоқсандағы № 449 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Әлеуметтік қамсыздандыру: әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, ассистент, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, музыкалық жетекші, инженер-программист (негізгі қызмет), әдіскер, тәрбиеші, психолог, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, мейіргер, диеталық мейіргер, емдік денешынықтыру жөніндегі маман, логопед.

      Мәдениет: барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әртістері, кітапханашы, дирижер, музыкалық жетекші, хореограф, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады