Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 02.07.2020 № 69/18-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алтай ауданының мәслихатының 2019 жылғы 26 ақпандағы № 45/4-VI "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5755 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 18 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімге Қосымшаның 2- тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Алтай қаласында митингiлер және жиналыстар өткізілетін орындар: қаланың орталық алаңы, Мәдениет Орталығының алаңы, Тәуелсіздік Аллеясының алаңы, "Горняк" стадионы.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Д. Фаустов |
Алтай ауданының мәслихат хатшысы | Л. Гречушникова |