Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2019 жылғы 26 ақпандағы № 45/4-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 наурызда № 5755 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2020 жылғы 2 шілдедегі № 69/18-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 02.07.2020 № 69/18-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.

      2. "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Зырян ауданының мәслихатының 2016 жылғы 10 наурыздағы № 58/2 – V шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4488 тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 18 сәуірде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Л. Попова
      Алтай ауданының мәслихаты хатшысы Л. Гречушникова

  Алтай
ауданының мәслихатының
2019 жылғы 26 ақпандағы
№ 45/4-VІ шешіміне қосымша

Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін реттеу

      1. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

      2. Алтай қаласында митингiлер және жиналыстар өткізілетін орындар: қаланың орталық алаңы, Мәдениет Орталығының алаңы, Тәуелсіздік Аллеясының алаңы, "Горняк" стадионы.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 16.10.2019 № 54/3-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Шерулер мен и демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді:

      Алтай қаласында - қаланың орталық алаңынан бастап Тәуелсіздік көшесі бойымен Мәдениет Орталығына дейін.

      4. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтайды.

      5. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:

      1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

      2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;

      3) Алтай ауданының жергiлiктi атқарушы органдардың рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

      4) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;

      5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

      6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға, және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;

      7) егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарымен өзге де нормативтік актілердің басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткізу қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, оларды өткізуге тыйым салынады.

      6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізілетін жерлерде алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың үйлестіктерін пайдалануға; қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамға қарсы мінез-құлыққа және басқа құқықбұзушылыққа шақыратын транспоранттар, ұрандар, басқа да материалдар пайдалануға (визуалды, аудио/видео), сондай-ақ, көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.

      7. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес өткізілуі тиіс.

      8. Пикет өткізу кезінде:

      1) пикет өткізу объектісінің жанында тұруға, отыруға;

      2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

      3) қысқа ұрандар айтуға, пикеттің тақырыбы бойынша ұрандар айтуға рұқсат етіледі.

      9. Пикетті тұрпатын өзгерту/өзге түрде жалғастыру үшін митинг/ жиналыс/шеру жергілікті атқарушы органның белгіленген тәртіптегі рұқсатын алу қажет.

      10. Бұқаралық шараларды темiр жол су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.

      11. Егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, оларды өткiзу тәртiбі бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Алтай ауданының жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талап етуi бойынша тоқтатылады.

      12. Алтай ауданының жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады