Ескерту. Күші жойылды – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 05.12.2022 № 698 қаулысымен (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасы, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санынан қосымшаға сай мөлшерде белгіленсін.
2. Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 254 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекетік тіркеу Тізілімінде 5135 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Сабырбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Садуақасов |
Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 мамырдағы №203 қаулысына қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
Тізімдік саны бар ұйымдар | Квота мөлшері (%) |
елуден жүз адамға дейін | 2 |
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін | 3 |
екі жүз елу бірден артық адам | 4 |