Тарбағатай ауданы бойынша 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 698 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының" 5) тармағына сәйкес, Тарбағатай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тарбағатай ауданының әкімінің 27 мамыр 2019 жылғы №203 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №132049 болып тіркелген) күші жойылсын.

      2. Тарбағатай ауданы бойынша ауыр жұмыстарды,еңбек жағдайлары зиянды,қауіпті жұмыстардағы жұмыс орнындарын есептемегенде ,жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота қосымшаға сай белгіленсін.

      3. "Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны Тарбағатай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Болатбек Омарбекұлы Мамарбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Д. Жоргекбаев

  Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "05" 12 № 698
қаулысына қосымша

Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота

   №

Жұмыс берушінің атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны (адамдар)

Квота мөлшері (%) қызметкерлердің тізімдік санынан)

Жұмыс орындар саны (бірліктер)

1

Тарбағатай аудандық ауданаралық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын

316

1

1

2

КГКП"Балауса-Балғын бөбекжайы"

70

1

1

3

"Абай атындағы орта мектебі"КММ

108

1

1

4

"М.Әуезов атындағы орта мектебі"КММ

143

1

1

5

"Қ.Билялов атындағы мектеп лицей"КММ

83

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады