Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 254 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 шілдеде № 5135 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 203 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 27.05.2019 № 203 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санынан қосымшаға сай мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Сабырбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Қ. Мауадинов

  Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "28" маусым
№ 254 қаулысына қосымша

Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері

Ұйымдардың тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

Елу адамнан жүз адамға дейін

2

Жүз бір адамнан екі жүз елу адамға дейін

3

Екі жүз елу бір адамнан жоғары

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады