ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 30 мамырдағы № 499 ұсынысы негізінде Көкжыра ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округіне карасты Көкжыра ауылының I квартал және Жоламан көшелеріне белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округіне карасты Көкжыра ауылының I квартал және Жоламан көшелеріне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Көкжыра ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 17 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-16-175 тіркелген, 2018 жылғы 15 желтоқсандағы "Тарбағатай" газетінде және 2019 жылғы 08 қаңтардағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкжыра ауылдық округінің әкімі | Ж. Баянбаев |