РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Аблакет ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2017 жылғы 17 қарашадағы № 2 "Ұлан ауданының Аблакет ауылдық округінің Мамай батыр ауылы және "Кайнар", "Назбиев", "Жетеу", "Болашақ" шаруа қожалықтарында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 5304 болып 2017 жылғы 29 қарашада тіркелген, аудандық "Ұлан таңы" газетінің 2017 жылғы 3 қарашадағы № 45 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аблакет ауылдық округі әкімінің | |
міндетін атқарушы | А. Агланбеков |