Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округі әкімінің 04.01.2019 № 2 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекция басшысынын міндетін атқарушысының 2017 жылғы 24 қазандағы № 01-14/397 ұсынысына сәйкес, Аблакет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округінің Мамай батыр ауылы және "Кайнар", "Назбиев", "Жетеу", "Болашак" шаруа қожалықтарын ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Аблакет ауылдық округ әкімінің | |
міндеттін атқарушы | М. Кырыкбаева |