Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы №11-5 "Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4873 тіркелген, 2017 жылғы 4 тамыздағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) және 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №19-3 "Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы №11-5 "Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5350 тіркелген, 2018 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.