Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 11-5 "Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 19-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 15 қазанда № 5350 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № 28-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 28.08.2019 № 28-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №235 "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде №10886 тіркелді) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы №11-5 "Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4873 тіркелген, 2017 жылғы 4 тамыздағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген шешіммен бекітілген Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидасында:

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;";

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) уәкілетті орган – жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау мәселелерін реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген аумақтардағы көгалдандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлерi бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау мыналарды қамтиды:

      1) жасыл екпелерді отырғызу;

      2) ағаштардың діңгек қуысын орнатумен қыртыстарды қопсыту, ағаштарды ақтау, жасыл қоршамды қию, ағаштардың діңін көтеру, ағаш өскіндерін жою;

      3) гүлзарлар, көгалдарды орналастыру, арамшөптерді отау, шөптерді шабу, қысқы кезеңде раушан гүлдерін жауып ұстау;

      4) бүкіл вегетациялық кезең бойы жасыл екпелерді суару;

      5) авариялық, құрғаған, жасамыс ағаштарды және бұталарды санитариялық кесу, ұшарбасты қалыптастыру;

      6) тыңайтқыштар салу;

      7) жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Ағаштарды жасарту және қалың өскен ағаштарды сирету іс-шаралар вегетация басталғанға дейін немесе күздің соңында жүргізіледі.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау бойынша қызмет көрсетуді, сондай-ақ жалпыға ортақ жерлердегі жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу жүргізуді ұйымдар жүзеге асырады.";

      2) көрсетілген шешіммен бекітілген Батыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидасында:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген аумақтардағы абаттандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлерi бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды жинау және күтіп-ұстау қызмет көрсетудің мынадай түрлерін қамтиды:

      1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

      2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

      3) сыпыру;

      4) қамысты, қурайды, шөптерді және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;

      5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын ағымдағы жөндеу және сырлау.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Алаңдардың саны, орналасуы мен жабдықталуы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес болуы тиіс.".

      2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы И. Илимисов
      Облыстық мәслихаттың
хатшысы
М. Құлшар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады