РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орал қалалық (аумақтық) сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес Орал қаласының аумағында барлық кандидаттарға арналған үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Желаев селолық округі әкімдері және Зачаган, Круглоозерный кенттері "Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
3. Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы №353 "Орал қаласының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-1-202 тіркелген, 2011 жылғы 31 наурызда "Жайық үні" газетінде жарияланған) және Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 наурыздағы №787 "Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы №353 "Орал қаласының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3840 болып тіркелген 2015 жылғы 12 наурызда "Жайық үні-Жизнь города" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы (Е.Н.Каримов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Х.Нарымбетовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛIСIЛДI"
Орал қалалық (аумақтық)
сайлау комиссиясының төрайымы
___________С.Ж. Кинжигареева
10 мамыр 2019 жыл
Орал қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 10 мамырдағы № 1059 қаулысына қосымша |
Орал қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№ | Елді мекен атауы | Орналасатын жері | Орналасатын нысанның атауы | Саны |
1. | Серябряково ауылы | Победа көшесі, Орал қаласының білім беру бөлімінің "Серебряково жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
2. | Круглоозерный кенті | Астана көшесі, Орал қаласының білім беру бөлімінің "Круглоозерный жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
3. | Зачаган кенті | Жәңгір хан көшесі, "Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті" комерциялық емес ақционерліқ қоғам ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
4. | Зачаган кенті | Жәңгір хан көшесі, "Жәңгір хан" сауда үйі ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
5. | Орал қаласы | Даля көшесі, №10 қалалық пошта байланысы ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
6. | Желаев ауылдық округі | Мүсірғали Көпбергенов көшесі, Орал қаласының білім беру бөлімінің "№14 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
7. | Орал қаласы | Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
8. | Орал қаласы | Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының филиалы ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
9. | Орал қаласы | Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, Мәншүк Мәметова алаңы | Қалқан | 1 |
10. | Орал қаласы | Привокзальная көшесі, Василий Чапаев алаңы | Қалқан | 1 |
11. | Орал қаласы | Хамза Есенжанов көшесі, "Нефтебаза" аялдамасының сол жағы | Қалқан | 1 |
12. | Орал қаласы | Карбышев көшесі, "Орал қаласы әкімдігі Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Жастар мәдениет үйі" мәдениет үйі ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
13. | Орал қаласы | Евразия даңғылы, "City Center" ойын-сауық сауда орталығының алдында | Қалқан | 1 |
14. | Орал қаласы | Әбілқайыр хан даңғылы, Дінмұхамед Қонаев атындағы сквері |
Қалқан | 1 |
15. | Орал қаласы | Әбілқайыр хан даңғылы, "Астана" сауда орталығының алдында | Қалқан | 1 |
16. | Орал қаласы | Әбілқайыр хан даңғылы, "Орал" сауда ойын-сауық кешені ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
17. | Орал қаласы | Жамбыл көшесі, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
18. | Орал қаласы | Юрий Гагарин көшесі, "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет басқармасының жастар шығармашылығы орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
19. | Орал қаласы | Құрманғазы көшесі, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
20. | Орал қаласы | Құрманғазы көшесі, "Орал" қонақ үйінің алдында | Қалқан | 1 |
21. | Орал қаласы | Құрманғазы көшесі, "Орал қаласының әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
22. | Орал қаласы | "Жұлдыз" шағынауданы, №5 автобус маршрутының соңғы аялдамасының оң жағы | Қалқан | 1 |
23. | Орал қаласы | Чагано-Набережная көшесі, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
24. | Орал қаласы | Әбілқайыр хан даңғылы, "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет басқармасының Қадыр Мырзалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және өнер орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
25. | Орал қаласы | "Қадыр Мырза Әли" шағынауданы, Орал қаласының білім беру бөлімінің "Оқушылар сарайы" ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
26. | Зачаган кенті | Жәңгір хан көшесі, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған бөлімі ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
27. | Зачаган кенті | "Сарытау" шағынауданы, Сәлім Айтқұлов көшесі, Орал қаласы білім беру бөлімінің "№50 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
28. | Зачаган кенті | №994 учаскесі, "Жайық" өзенінен өтетін жаңа көпірге апаратын айналмалы жолдың бойындағы "Зачаганский" баугерлік серіктестігі кеңсесі ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
29. | Деркөл кенті | "Көкжиек" шағынауданы, Ақтамберді жырау көшесі, Орал қаласы білім беру бөлімінің "№48 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |
30. | Деркөл кенті | "Сарыарқа" шағынауданы, Бейімбет Майлин көшесі, Орал қаласы білім беру бөлімінің "№49 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында | Қалқан | 1 |