Жәнібек аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №20-1 "Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 қазандағы № 36-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 қазанда № 5837 болып тіркелді. Күші жойылды -Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы № 40-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 04.03.2020 № 40-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" және 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулыларына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№20-1 "Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3414 тіркелген, 2014 жылғы 24 қаңтардағы "Шұғыла" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:

      8 – тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) белсенді туберкулезбен ауратындарға аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде 5 АЕК мөлшерінде.";

      9 – тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 1, 2, 3, 4 сатыдағы қатерлі ісікпен ауыратындарға, белсенді емес туберкулезбен ауыратындарға аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;";

      9 – тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Батыс Қазақстан облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызнан табыстары бар отбасыларға, емделуге және тұрмыстық қажеттіліктеріне 7 АЕК мөлшерінде;";

      10 – тармақтың 3) – тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы.";

      3-қосымшасында:

      реттік нөмірі 2-жолдағы 4) тармақшадағы "30 000" деген сандар "50 000" деген сандармен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 4-жолдағы 1) тармақшадағы "20 000" деген сандар "50 000" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Жәнібек аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Н.Уәлиева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту: аббревиатураның шешуі:
ЕК – айлық есептік көрсеткіш.

О внесении изменений и дополнения в решение Жанибекского районного маслихата от 20 декабря 2013 года № 20-1 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жанибекского района"

Решение Жанибекского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 15 октября 2019 года № 36-5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 21 октября 2019 года № 5837. Утратило силу решением Жанибекского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 4 марта 2020 года № 40-6

      Сноска. Утратило силу решением Жанибекского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 04.03.2020 № 40-6 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", постановлениями Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2017 года №689 "Об утверждении перечня праздничных дат в Республике Казахстан" и от 21 мая 2013 года №504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Жанибекский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Жанибекского районного маслихата от 20 декабря 2013 года №20-1 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жанибекского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №3414, опубликованное 24 января 2014 года в газете "Шұғыла") следующие изменения и дополнение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жанибекского района, утвержденных указанным решением:

      пункт 8 дополнить подпунктом 5) следующего содержания:

      "5) активно больным туберкулезом на основании справки подтверждающей заболевание в размере 5 МРП.";

      подпункт 1) пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "1) больным злокачественными новообразованиями 1, 2, 3, 4 стадии, неактивно больным туберкулезом, на основании справки подтверждающей заболевание без учета дохода в размере 15 МРП;";

      подпункт 4) пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "4) семьям, имеющих среднедушевой доход ниже 70 процентов прожиточного минимума по Западно-Казахстанской области за квартал, предшествующий кварталу обращения, на лечение и на бытовые нужды, в размере 7 МРП;";

      подпункт 3) пункта 10 изложить в следующей редакции:

      "3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего 70 процентов от прожиточного минимума.";

      в приложении 3:

      в строке, порядковый номер 2 в подпункте 4) цифры "30 000" заменить цифрами "50 000";

      в строке, порядковый номер 4 в подпункте 1) цифры "20 000" заменить цифрами "50 000".

      2. Руководителю аппарата Жанибекского районного маслихата (Н.Уалиева) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Примечание: расшифровка аббревиатуры:
МРП – месячный расчетный показатель.