Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 04.03.2020 № 40-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" және 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулыларына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 09.10.2018 № 24-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1. Қоса беріліп отырған Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы бекітілсін.
2. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстық жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленсін.3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Хаби |
Мәслихат хатшысы | Т. Кадимов |
"КЕЛIСIЛГEH"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
_____________ Б. Мәкен
27.12.2013 ж.
2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 20-1 Жәнібек аудандық мәслихатының шешімімен бекітілген |
Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 18.07.2016 № 5-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Осы Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" және 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағида) қаулыларына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 09.10.2018 № 24-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
10) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 09.06.2017 № 13-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
11) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 09.06.2017 № 13-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
12) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 09.06.2017 № 13-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
13) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 09.06.2017 № 13-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
14) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 09.06.2017 № 13-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
15) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 09.06.2017 № 13-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 09.06.2017 № 13-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Осы Қағиданың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидамен көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі ЖАО ұсынымы бойынша осы Қағиданың 1- қосымшасына сәйкес белгіленді.
7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстың ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және әлеуметтік көмектің мөлшерлері
8. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу үшін 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бұдан әрі - АЕК) және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 3 АЕК мөлшерінде;
2) "Капустин Яр" және "Азғыр" ядролық сынақ полигондарының әсерінен зардап шеккен және аудан аумағында тұратын бірінші топтағы мүгедектерге, бала жасынан мүгедектерге және мүгедек балаларға 2 АЕК мөлшерінде, екінші топтағы мүгедектерге 1,5 АЕК мөлшерінде, үшінші топтағы мүгедектерге 1 АЕК мөлшерінде көрсетіледі.
3) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 09.06.2017 № 13-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
4) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 09.10.2018 № 24-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
5) белсенді туберкулезбен ауратындарға аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде 5 АЕК мөлшерінде.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 09.06.2017 № 13-7(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); . 09.10.2018 № 24-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 15.10.2019 № 36-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.9. Бір реттік әлеуметтік көмек:
1) 1, 2, 3, 4 сатыдағы қатерлі ісікпен ауыратындарға, белсенді емес туберкулезбен ауыратындарға аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;
2) аз қамтамасыз етілген азаматтарды (отбасыларды) жерлеу рәсімдеріне 15 АЕК мөлшерінде;
3) мүгедектер балаларға облыстан тыс жерлерге оңалту орталықтарына жол жүруіне байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, 15 АЕК мөлшерінде;
4) өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Батыс Қазақстан облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызнан табыстары бар отбасыларға, емделуге және тұрмыстық қажеттіліктеріне 7 АЕК мөлшерінде;
5) 90 жасқа толған және асқан адамдарға,табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;
6) гемодиализдегі бірінші топ мүгедектеріне, табысын есепке алмай 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға санаторлық-курорттық емделуді алу үшін 50 мың теңге мөлшерінде көрсетіледі.
8) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, санаторлық-курорттық емделуге жолданған мүгедектерге және мүгедек балаларға жол жүру құжаттарын (билеттер) ұсынған кезде, шығу пунктінен межелі орынға дейін және кейін қайтуға дейін, плацкарттық вагон орны бағасы мөлшерінде төлем жүргізіледі.
9) "бас бостандығынан айыру орындарынан босағандар" санатына бейімделуге берілетін біржолғы көмек мөлшерін біріңғай 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленсін
Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 09.06.2017 № 13-7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 09.10.2018 № 24-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 15.10.2019 № 36-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен..
10. Осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес, алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері ЖАО белгіленген.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін жоғарыда көрсетілген негіздемелердің тізбесін басшылыққа алады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 15.10.2019 № 36-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
11. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің бірыңғай мөлшерлерді облыстың ЖАО келісімі бойынша осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес белгіленген.
12. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
13. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Үлгілік қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және /немесе аудандық аурухананың жолдамасы, ауруханадан шығару құжаты.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 09.10.2018 № 24-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
15. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
17. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3- қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жібереді.
Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
18. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
19. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
20. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
21. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
22. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағиданың 18 және 19-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
23. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
24. Алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 09.06.2017 № 13-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
25. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін осы Қағиданың 10 тармағының 3) тармақшасында белгіленген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
26. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асыралады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
27. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
5) жолдаманы белгілі бiр себептермен (қайтыс болу, сырқаттану және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі дәлелдi деп таныған басқа да) пайдалануға мүмкiндiк болмаған жағдайда, ол жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қайтарылуға және кезектiлік тәртiбiмен басқа адамға берiлуге тиiс
Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 09.06.2017 № 13-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
28. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына 1-қосымша |
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 09.06.2017 № 13-7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері | Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі |
9 мамыр - Жеңіс күні | бір реттік | |
15 ақпан - Ауғанстан аумағынан совет әскерлерін шығару күні | бір реттік | |
26 сәуір - Чернобыль АЭС-інде апатқа ұшырағандарды еске алу күні | бір реттік | |
29 тамыз - Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні | бір реттік | |
Қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні | бір реттік |
Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына 2-қосымша |
Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 21.09.2016 № 7-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Алушылар санатының тізбесі | Әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері | Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері |
1. | Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдайда қалған азамат (отбасы) | 50 АЕК | бір ай ішінде |
АЕҚ– Айлық есептік көрсеткіш.
Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына 3-қосымша |
Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің бірыңғай мөлшерлері
Ескерту. 3-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 09.06.2017 № 13-7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 15.10.2019 № 36-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
№ | Алушылардың жекелеген санаттарының тізбесі | Әлеуметтік көмектің бірыңғай мөлшерлері (теңге) |
1. | Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері | 150 000 |
2. | Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар: | |
1) Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептеледі қалаларда болған адамдар | 20 000 | |
2) қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтар | 60 000 | |
3) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары | 60 000 | |
4) бұрынғы КСР Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер | 50 000 | |
5) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар | 30 000 | |
3. | Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар: | |
1) бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер | 30 000 | |
2) әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар | 30 000 | |
3) басқа елдерде қимыл жасаған әскер | 30 000 | |
4) Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары | 30 000 | |
4. | Жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттары: | |
1) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы | 50 000 | |
2) бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасы | 20 000 | |
3) Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасы | 20 000 | |
4) Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлімі белгіленген тәртіппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердің, сондай-ақ азаматтардың отбасы | 20 000 | |
5) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері) | 15000 | |
6) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар | 15 000 | |
7) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда | 10 000 | |
5. | 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар | 10 000 |
6. | Радияциялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар | 20 000 |
7. | 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар | 10 000 |
АЕҚ– Айлық есептік көрсеткіш;
КСР Одағы – Кеңес Социалистік Республикалар Одағы;
Чернобыль АЭС – Чернобыль атом электр станциясы.