Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 19.02.2020 № 47 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, Казталов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Казталов ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 4 мамырдағы №142 "Казталов ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерін қызметтік, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарларға арналған шығыстарды өтеудің қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5665 тіркелген, 2019 жылы 27 мамырында Қазақстан Республикасының эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулысымен бекітілген Казталов ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерін қызметтік, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарларға арналған шығыстарды өтеудің қағидасында:
5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) іссапарға жіберілген жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру құжаттары болмаған кезде шығыстар осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген көлікпен (әуе көлiгiн қоспағанда) жол жүрудің ең төменгі құны бойынша өтеледі;" .
2. Аудан әкімі аппаратының басшысы (А.Исламбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Бегжановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімінің орынбасары | Р.Зулкашев |