РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі аудан аумағында 2019 жылғы егіс егу жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Сарсенов) осы қаулының әділет органында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Сырым ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 118 қаулысына қосымша |
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі аудан аумағында 2019 жылғы егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№ | Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері | Оңтайлы егу мерзімдері | |
басталуы | аяқталуы | ||
Құрғақ далалық аймақ | |||
1 | Жаздық бидай | 5 мамыр | 15 мамыр |
2 | Арпа, сұлы | 25 сәуір | 5 мамыр |
3 | Тары | 10 мамыр | 20 мамыр |
4 | Мақсары | 5 мамыр | 15 мамыр |
5 | Күнбағыс | 5 мамыр | 15 мамыр |
6 | Күздік бидай | 15 тамыз | 10 қыркүйек |
7 | Күздік қара бидай | 5 тамыз | 20 тамыз |