Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2019 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. "Шыңғырлау ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.С.Бейсенге жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2019 жылғы 19 сәуірдегі № 58 Шыңғырлау ауданы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2019 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№ | Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері | Оңтайлы мерзімдері | |
3 құрғақ дала аймағы | |||
басталуы | аяқталуы | ||
1. | Жаздық арпа | 25 сәуір | 5 мамыр |
2. | Жаздық бидай | 10 мамыр | 25 мамыр |
3. | Тары | 20 мамыр | 25 мамыр |
4. | Сұлы | 25 сәуір | 5 мамыр |
5. | Күнбағыс | 5 мамыр | 15 мамыр |
6. | Мақсары | 10 мамыр | 25 мамыр |
7. | Күздік қара бидай | 5 тамыз | 20 тамыз |
8. | Күздік бидай | 15 тамыз | 10 қыркүйек |