"Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 5 қаңтардағы № 1457 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 қаңтарда № 19863 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10593 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларында:

      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттерінің есебінен Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарына, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасына, өңірлердің стратегиялық бағыттары мен әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, мемлекеттік бағдарламаларға, аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес келетін ЖБИ іске асырылады.";

      5-1- тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте, республикалық бюджеттен:

      ауылдарда және қалаларда 3 және одан да көп ауысымды оқыту және оқушылар орындарының тапшылығы проблемасын шешетін апатты жай-күйде тұрған және бұзуға жататын мектептердің орнына қуаттылығы 300 және одан да көп, ал республикалық маңызы бар қалаларға және астанаға іргелес елді мекендерде қуаттылығы 300 аз жалпы білім беру мектептерін;

      медициналық көмектің қол жетімділігіне шектеу қаупін тудыратын апатты және бұзуға жататындардың орнына қуаттылығы кемінде 200 төсектік көп бейінді және туберкулезге қарсы ұйымдардың және ауысымына кемінде 250 адам қабылдайтын қуаттылығы бар емханалардың;

      республикалық маңызы бар қалалар мен астанаға іргелес, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар мен астананың шетінде орналасқан елді мекендерде, және тіректі ауылдық елді мекендерде ауысымына кемінде 250 адам қабылдайтын амбулаторлық-емханалық ұйымдардың;

      жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарына арналған қанды, оның құрауыштары мен препараттарын өндіру орталықтарының;

      психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінің;

      балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінің;

      мүгедектерге арналған оңалту орталықтарының, оңалту және мүгедек балаларды бейімдеу орталықтарының;

      облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының;

      тұрғын үй мен тұрғын үйге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның;

      объектілердің, ғимараттардың, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің;

      республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың көшелерінің;

      кернеуі 35/10/0,4 кВ жоғары, ал республикалық маңызы бар қалалар мен астанаға іргелес елді мекендерде және халық саны 50 мың адамға дейін шағын қалаларда, сондай-ақ тіректі ауылдық елді мекендерде кернеуі 0,4 кВ және жоғары кіші станциялар мен электртаратушы желілерінің;

      қуаттылығы 100 Гкал/сағ жоғары, ал республикалық маңызы бар қалалар мен астанаға іргелес елді мекендерде және халық саны 50 мың адамға дейін шағын қалаларда, сондай-ақ тіректі ауылдық елді мекендерде барлық қуаттылықтағы жылуэлектрорталықтарының және қазандықтарының;

      магистралды газқұбырларының, магистралды газқұбырларынан жоғары қысымды азқұбырларының-бұрулардың, автоматтандырылған газтаратушы станцияларының, жоғары қысымды кентаралық әкелуші газқұбырларының, елді мекендердің шекаралары (шегі) шегінде газтаратушы желілерінің;

      полигондардың (қауіпсіз, қатты тұрмыстық қалдықтар);

      тұрғындар саны елу мың адамнан аз елді мекендер үшін сұрыптау кешендерінің (станцияларының);

      шағын елді мекендерде қоқысты тиеу кешендерінің (алаңдарының);

      құрылыс материалдарын қайта өңдеуге арналған алаңдардың;

      қалдықтарды орналастыру объектілерін қалпына келтірудің құрылысына, оларды реконструкциялауға, кеңейтуге және жаңартуға арналған шығыстар қаржыландырылады.";

      7-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Іске асырылуына қаражат республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері түрінде бөлінетін ЖБИ-ді қаржыландыру көлемі 3 %-дан кем емес мөлшерде айқындалатын Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті бюджетін қоспағанда, ЖБИ-ді жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі барлық салалар бойынша әрбір жаңа жергілікті инвестициялық жоба бойынша жоспарлы кезеңге кемінде 10 % мөлшерінде айқындалады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен нысаналы даму трансферттері түрінде қаражат бөлу кезінде тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландыру талап етілмейді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынған ЖБИ тізбелерінің:

      1) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға (Қазақстан Республикасын дамыту стратегиялық жоспарына; елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық схемасына; мемлекеттік бағдарламаларға; аумақтарды дамыту бағдарламаларына; мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына) сәйкестігін;

      2) стратегиялық жоспар жобасының мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізілуін;

      3) өңірдің стратегиялық бағыттары мен әлеуметтік-экономикалық дамуына сәйкестігін;

      4) елді мекеннің ұзақ мерзімді (10 жылдан астам) кезеңге даму әлеуетін;

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 20 сәуірдегі № 29, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 164, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № ҚР ДСМ-50, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 243, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 113 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 56/НҚ бірлескен бұйрығымен бекітілген, Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесінің ережелеріне сәйкестігін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18592 болып тіркелген);

      6) тиісті құжаттаманың болуын қарайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Министрдің м.а. Б. Шолпанкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 126 "Об утверждении Правил рассмотрения и отбора целевых трансфертов на развитие"

Приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 5 января 2020 года № 1457. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 января 2020 года № 19863.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 126 "Об утверждении Правил рассмотрения и отбора целевых трансфертов на развитие" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10593, опубликован 13 мая 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Правилах рассмотрения и отбора целевых трансфертов на развитие, утвержденных указанным приказом:

      часть вторую пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "За счет целевых трансфертов на развитие из вышестоящего бюджета реализуются МБИ, соответствующие Стратегическому плану развития Республики Казахстан, Прогнозной схеме территориально-пространственного развития страны, стратегическим направлениям и социально-экономическому развитию регионов, стратегическим планам государственных органов, государственным программам, программам развития территорий.";

      часть вторую пункта 5-1 изложить в следующей редакции:

      "При этом из республиканского бюджета финансируются расходы на строительство, реконструкцию, расширение и модернизацию:

      общеобразовательных школ взамен аварийных и подлежащих сносу, решающие проблему 3-х и более сменного обучения и дефицита ученических мест в селах и городах, с мощностью 300 мест и более, а в населенных пунктах, прилегающих к городам республиканского значения и столице, с мощностью менее 300 мест;

      многопрофильных и противотуберкулезных организаций с мощностью не менее 200 коек и поликлиники с мощностью не менее 250 посещений в смену, взамен аварийных и подлежащих сносу, создающие угрозу в ограничении доступности медицинской помощи;

      амбулаторно-поликлинических организаций мощностью менее 250 посещений в смену в населенных пунктах, прилегающих к городам республиканского значения и столице, а также расположенных на окраинах городов республиканского значения и столицы, и в опорных сельских населенных пунктах;

      центров производства крови, ее компонентов и препаратов для местных организаций здравоохранения;

      психоневрологические медико-социальные учреждения;

      детские психоневрологические медико-социальные учреждения;

      реабилитационные центры для инвалидов, центры реабилитации и адаптации детей-инвалидов;

      автомобильных дорог областного и районного значения;

      жилья и инженерно-коммуникационной инфраструктуры к жилью;

      объектов, сооружений, сетей водоснабжения и водоотведения;

      улиц городов республиканского значения, столицы;

      подстанций и линии электропередач напряжением выше 35/10/0,4 кВ, а в населенных пунктах, прилегающих к городам республиканского значения, столице и малых городах с численностью до 50 тыс.человек и в опорных сельских населенных пунктах, напряжением 0,4 кВ и выше;

      теплоэлектроцентралей и котельных мощностью 100 Гкал/час и выше, а в населенных пунктах, прилегающих к городам республиканского значения, столице и малых городах с численностью до 50 тыс.человек и в опорных сельских населенных пунктах, всех мощностей;

      магистральных газопроводов, газопроводов-отводов высокого давления от магистральных газопроводов, автоматизированных газораспределительных станций, подводящих межпоселковых газопроводов высокого давления, газораспределительных сетей в пределах границ (черты) населенных пунктов;

      полигонов (неопасных, твердых бытовых отходов);

      сортировочных комплексов (станций) для населенных пунктов с численностью менее пятидесяти тысяч человек;

      мусороперегрузочных комплексов (площадок) в малых населенных пунктах;

      площадок для переработки строительных материалов;

      рекультивацию объектов размещения отходов.";

      часть третью пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "Объемы финансирования из местного бюджета МБИ, на реализацию которых выделяются средства из республиканского бюджета в виде целевых трансфертов на развитие, на плановый период определяются в размере не менее 10 % по каждому новому местному инвестиционному проекту по всем отраслям, за исключением местного бюджета города Нур-Султана, для которого объемы финансирования МБИ определяются в размере не менее 3 %. При выделении средств из резервов Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов в виде целевых трансфертов на развитие софинансирование из соответствующих местных бюджетов не требуется.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Центральный или местный уполномоченный орган по государственному планированию рассматривает представленные администраторами бюджетных программ перечни МБИ на:

      1) соответствие стратегическим и программным документам (Стратегическому плану развития Республики Казахстан; прогнозной схеме территориально-пространственного развития страны; государственным программам; программам развития территорий; стратегическим планам государственных органов);

      2) достижение целей и задач проекта стратегического плана;

      3) соответствие стратегическим направлениям и социально-экономическому развитию региона;

      4) потенциал развития населенного пункта на долгосрочный (более 10 лет) период;

      5) соответствие положениям Cистемы региональных стандартов для населенных пунктов, утвержденной совместным приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 апреля 2019 года № 29, Министра образования и науки Республики Казахстан от 23 апреля 2019 года № 164, Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 апреля 2019 года № ҚР ДСМ-50, Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 23 апреля 2019 года № 243, Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 апреля 2019 года № 113 и Министра цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 25 апреля 2019 года № 56/НҚ (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18592);

      6) наличие соответствующей документации.".

      2. Департаменту бюджетного законодательства Министерства финансов Республики Казахстан (Ерназарова З.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня государственной регистрации и подлежит официальному опубликованию.

      И.о. министра Б. Шолпанкулов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан