"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № ҚР ДСМ-107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19141 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10. | "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы "Жамбыл жоғары медициналық колледжі" ШЖҚ КМК | 20 қазақ тілінде білім алушылар | 5 қазақ тілінде білім алушылар | 15 қазақ тілінде білім алушылар |
". |
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1 және 2-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
Е. Биртанов |