"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес және "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 - 2019, 2019 - 2020, 2020 - 2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) 2019 - 2020 оқу жылына осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында саны 400 орын орта білімнен кейінгі білімі бар маман даярлауға;
2) 2019 - 2020 оқу жылына осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес саны 500 орын жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар маман даярлауға;
3) 2019 - 2020 оқу жылына конкурс негізінде медицина кадрларын даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында саны 2200 орын жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар маман даярлауға;
4) 2019 - 2020 оқу жылына конкурс негізінде медицина кадрларын даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында саны 325 орын жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар маманды магистратурада даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрдегі, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1, 2, 3-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № ҚР-ДСМ 107 бұйрығына 1-қосымша |
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Ескерту. Тапсырысқа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.01.2020 № ҚР ДСМ-4/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с № | Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары | Бөлінген орындардың саны | "Медбикелік іс" мамандығына қолданбалы бакалавриат бойынша бөлінген орындар саны | |
Оқыту мерзімі | ||||
3 жыл 6 ай | 1 жыл 6 ай | |||
1. | Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жоғары медицина колледж" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – ШЖҚ МКК) | 25 орыс тілінде білім алушылар | - | 25 орыс тілінде білім алушылар |
2. | Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Көкшетау жоғары медициналық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 20 оның ішінде 10 қазақ тілінде білім алушылар | 10 қазақ тілінде білім алушылар | 10 орыс тілінде білім алушылар |
3. | Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жоғары медициналық колледжі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ШЖҚ КМК) | 40 оның ішінде 30 қазақ тілінде білім алушылар | 10 қазақ тілінде білім алушылар | 30 оның ішінде 20 қазақ тілінде білім алушылар |
4. | "Республикалық жоғары медициналық колледжі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – ЖШС) | 30 оның ішінде 10 қазақ тілінде білім алушылар | 20 оның ішінде 10 қазақ тілінде білім алушылар | 10 орыс тілінде білім алушылар |
5. | "Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Талдықорған жоғары медицина колледжі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 20 қазақ тілінде білім алушылар | 10 қазақ тілінде білім алушылар | 10 қазақ тілінде білім алушылар |
6. | Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының "Жоғары медицина колледжі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 20 қазақ тілінде білім алушылар | 5 қазақ тілінде білім алушылар | 15 қазақ тілінде білім алушылар |
7. | "Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" акционерлік қоғамы | 35 оның ішінде 20 қазақ тілінде білім алушылар | 10 оның ішінде 5 қазақ тілінде білім алушылар | 25 оның ішінде 15 қазақ тілінде білім алушылар |
8. | Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқарамасының "Түркістан жоғары медицина колледжі" ШЖҚ МКК | 15 қазақ тілінде білім алушылар | 5 қазақ тілінде білім алушылар | 10 қазақ тілінде білім алушылар |
9. | "Түркістан" көпсалалы жоғары медицина колледжі" жеке мекемесі | 10 қазақ тілінде білім алушылар | 10 қазақ тілінде білім алушылар | |
10. | "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы "Жамбыл жоғары медициналық колледжі" ШЖҚ КМК | 20 қазақ тілінде білім алушылар | 5 қазақ тілінде білім алушылар | 15 қазақ тілінде білім алушылар |
11. | Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Павлодар медициналық жоғары колледжі" КМК | 20 орыс тілінде білім алушылар | - | 20 орыс тілінде білім алушылар |
12. | Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі" ШЖҚ МКК | 25, оның ішінде 15 қазақ тілінде білім алушылар | - | 25, оның ішінде 15 қазақ тілінде білім алушылар |
13. | Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі" ШЖҚ КМК | 25, оның ішінде 10 қазақ тілінде білім алушылар | 10 қазақ тілінде білім алушылар | 15 орыс тілінде білім алушылар |
14. | Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай жоғары медициналық колледжі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – КМК) | 15 орыс тілінде білім алушылар | - | 15 орыс тілінде білім алушылар |
15. | "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізі құқығындағы "Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 25, оның ішінде 10 қазақ тілінде білім алушылар | 10 қазақ тілінде білім алушылар | 15 орыс тілінде білім алушылар |
16. | "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда медициналық жоғары колледжі" ШЖҚ КМК | 30 қазақ тілінде білім алушылар | 10 қазақ тілінде білім алушылар | 20 с қазақ тілінде білім алушылар |
17. | Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі" КМК | 25, оның ішінде 15 қазақ тілінде білім алушылар | 5 қазақ тілінде білім алушылар | 20, оның ішінде 10 қазақ тілінде білім алушылар |
Барлығы: | 400 | 120 | 280 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № ҚР-ДСМ 107 бұйрығына 2-қосымша |
Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлаудың 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
р/с | Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары | Білім беру бағдарламалары тобының атауы | Бөлінген орындардың саны |
1. | "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Жалпы медицина | 310, оның ішінде 220 қазақ тілінде білім алушылар |
Стоматология | 10, оның ішінде 7 қазақ тілінде білім алушылар | ||
Мейіргер ісі | 10, оның ішінде 7 қазақ тілінде білім алушылар | ||
Фармация | 10, оның ішінде 7 қазақ тілінде білім алушылар | ||
Қоғамдық денсаулық сақтау | 10, оның ішінде 7 қазақ тілінде білім алушылар | ||
Педиатрия | 150, оның ішінде 115 қазақ тілінде білім алушылар | ||
Барлығы: | 500 |