"Орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № ҚР ДСМ-107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы № ҚР ДСМ-4/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 қаңтарда № 19884 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № ҚР ДСМ-107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19141 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10.

"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы "Жамбыл жоғары медициналық колледжі" ШЖҚ КМК

20 қазақ тілінде білім алушылар

5 қазақ тілінде білім алушылар

15 қазақ тілінде білім алушылар

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1 және 2-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
Е. Биртанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады