БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өнеркәсіптік өндірістің индексін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 11 қазандағы № 235 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14413 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 21 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік өндірістің индексін есептеу әдістемесінде:
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
4) өнеркәсіптік өндірістің индексі - "Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне" (бұдан әрі - ЭҚЖЖ) сәйкес "Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу", "Өңдеу өнеркәсібі", "Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау", "Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет" қызмет түрлері бойынша агрегатталған өндірістік индекс.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Өнеркәсіптік өндірістің индексін есептеу бойынша статистикалық ақпаратты есепке алу мынадай үлгіде қалыптастырылады:
1) ай сайын жұмыспен қамтылғандар саны 100-ден асатын кәсіпорындар бойынша құндық және заттай көріністе өндірілген өнімнің көлемін жаппай есепке алу жүргізіледі. Жұмыспен қамтылғандар саны 100-ден аспайтын кәсіпорындар, өнеркәсіптік емес кәсіпорындардың өнеркәсіптік бөлімшелері, жеке кәсіпкерлер және үй шаруашылықтарының секторы бойынша өндіріс көлемін есептеу арқылы анықталады;
2) тоқсан сайын жұмыспен қамтылғандар саны 100-ге дейін болатын кәсіпорындар және өнеркәсіптік емес кәсіпорындардың өнеркәсіптік бөлімшелері бойынша құндық және заттай көріністе өндірілген өнімнің көлемін жаппай есепке алу жүргізіледі;
3) жыл сайын барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық тобы бойынша құндық және заттай көріністегі өндірілген өнім көлемін жаппай есепке алу, құндық және заттай көріністегі өнеркәсіптік өнімдердің өндірісімен айналысатын жеке кәсіпкерлерді іріктеме тексеру құндық және заттай көріністе, үй шаруашылықтарының секторын іріктеме тексеру жүзеге асырылады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Өндірістің индекстерін қалыптастыру бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады.
Есептеудің бірінші кезеңінде әрбір қарапайым қызмет түріне есептік кезеңдегі өкіл-тауарлардың шығарылымын олардың базистік кезеңдегі шығарылымымен салыстыру жолымен өндірістік индексі анықталады. Бұл ретте әрбір өкіл-тауардың шығарылымы салыстырылатын кезеңдерде бірдей бағада - базистік жылдағы орташа жылдық бағада бағаланады.
Қарапайым экономикалық қызмет түрлері үшін өндірістің жиынтық индексін есептеу төменде көрсетілген формулалар бойынша орындалады:
(4) |
(5) |
(6) |
мұнда:
- базистік жылдың орташа айлық өндірісімен салыстырғанда t есепті кезеңдегі (есепті айдағы, жылдың басынан бастап кезеңдегі) j қызмет түрі бойынша индексі, %-бен;
- t-кезеңге (есепті айға, жыл басынан бастап кезеңге), t-1-кезеңге (өткен айға, өткен жылғы тиісті кезеңге) және базистік жылдың орташа айына сәйкес келетін заттай (немесе құндық) көріністегі n тауары бойынша өндіріс;
- базистік жылдағы n тауар бірлігіне орташа жылдық баға;
N - қызмет түрі бойынша себетке енгізілген тауарлардың мөлшері;
- базистік жылдың орташа айлық өндірісімен салыстырғанда t-1 өткен кезеңдегі (өткен айдағы, өткен жылғы тиісті кезеңдегі) j қызмет түрі бойынша индексі, %-бен;
- t-1 өткен кезеңімен (өткен айымен, өткен жылғы тиісті кезеңімен) салыстырғанда t есепті кезеңдегі (есепті айдағы, жылдың басынан бастап кезеңдегі) j қызмет түрі бойынша индексі, %-бен.
Келесі кезеңдерде қарапайым қызмет түрлері бойынша индекстерді есептеу ЭҚЖЖ иерархиялық құрылымына сәйкес 1-кезеңде қалыптастырылған қызмет түрлерінің топтары бойынша индекстерге, олар өз кезегінде бөлімдер, B "Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу", C "Өңдеу өнеркәсібі", D "Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау", Е "Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет" секциялар бойынша индекстерге біріктіріледі.
Нақты қызмет түрінің (қызмет түрлерінің тобы, бөлімі) ЭҚЖЖ-дағы B "Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу", C "Өңдеу өнеркәсібі", D "Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау", Е "Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет" секциялары бойынша жалпы индекске ықпалын есепке алу үшін ЭҚЖЖ сәйкесінше топтамалары бойынша базистік жылдың жалпы қосылған құнының шамасына кезең-кезеңмен өлшеумен жүзеге асырылады.
Өндірістің жиынтық индекстерін есептеу келесі формулалар бойынша орындалады:
(7) |
(8) |
мұнда:
- базистік жылдың орташа айлық өндірісімен салыстырғанда t есепті кезеңдегі (есепті айдағы, жыл басынан бастап кезеңдегі) немесе t-1 өткен кезеңдегі (өткен айдағы, өткен жылғы тиісті кезеңдегі) j қызмет түрі (класс, топ, бөлім, секция) бойынша индексі, %-бен;
- өткен кезеңдегі есептеумен қалыптастырылған базистік жылдың орташа айлық өндірісімен салыстырғанда t есепті кезеңдегі (есепті айдағы, жыл басынан бастап кезеңдегі) немесе t-1 өткен кезеңдегі (өткен айдағы, өткен жылғы тиісті кезеңдегі) j қызмет түрі бойынша индексі, %-бен;
- j қызмет түрі бойынша базистік жылдағы жалпы қосылған құны, миллион теңге.
(9) |
мұнда:
- базистік жылдың орташа айлық өндірісіне есептелген, индекстердің ара қатынасы арқылы шамаланған t-1 өткен кезеңімен салыстырғанда t есепті кезеңге өндіріс индексі;
- базистік жылдың орташа айлық өндірісімен салыстырғанда t есепті кезеңдегі (есепті айдағы, жыл басынан бастап кезеңдегі) немесе t-1 өткен кезеңдегі (өткен айдағы, өткен жылғы тиісті кезеңдегі) j қызмет түрі (класс, топ, бөлім, секция) бойынша индексі, %-бен;
Өнеркәсіптік өндіріс индексі ЭҚЖЖ B "Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу", C "Өңдеу өнеркәсібі", D "Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау", Е "Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет" секциялары бойынша өндіріс индекстерінен орташа арифметикалық өлшеу ретінде келесі формулалар бойынша есептеледі:
(10) |
(11) |
(12) |
мұнда:
- t-1 өткен кезеңімен (өткен айымен, өткен жылғы тиісті кезеңімен) салыстырғанда t есепті кезеңдегі (есепті айдағы, жылдың басынан бастап кезеңдегі) өнеркәсіптік өндірістің индексі, %-бен;
- базистік жылдың орташа айлық өндірісімен салыстырғанда t кезеңдегі (есепті айдағы, жыл басынан бастап кезеңдегі) және t-1 кезеңдегі (өткен айдағы, өткен жылғы тиісті кезеңдегі) өнеркәсіптік өндірістің индексі, %-бен;
- базистік жылдың орташа айлық өндірісімен салыстырғанда t кезеңдегі (есепті айдағы, жыл басынан бастап кезеңдегі) және t-1 кезеңдегі (өткен айдағы, өткен жылғы тиісті кезеңдегі) B "Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу", C "Өңдеу өнеркәсібі", D "Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау", Е "Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет" секциялары бойынша өндіріс индексі, %-бен;
- B "Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу", C "Өңдеу өнеркәсібі", D "Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау", Е "Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет" секциялары бойынша базистік жылға жалпы қосылған құны, миллион теңге.";
көрсетілген әдістемеге қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Н. Айдапкелов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 7 бұйрығына қосымша |
|
Өнеркәсіптік өндірістің индексін есептеу әдістемесіне қосымша |
Өнеркәсіптік өндірістің индекстерін есептеудің алгоритмі
1-кесте. Қарапайым экономикалық қызмет түрлері бойынша (өкіл-тауарларынан шығатын) өнеркәсіптік өндірістің индексін есептеудің шартты үлгісі
1-кезең
Базистік жылдағы тауар бірліктерінің бағасы, мың теңге |
Базистік жылдағы |
Заттай көріністегі | ||||
заттай көріністе | құндық көріністе, мың теңге | өткен жылғы тиісті айға | өткен айға | есепті айға | ||
А | 1 | 2 | 3=2*1 | 4 | 5 | 6 |
10.11 Етті қайта өңдеу және консервілеу | Х | Х | 25 390 765,1 | Х | Х | Х |
Ірі қара мал, шошқа, қой, ешкі, жылқы және жылқы тектес жануарлардың жас немесе тоңазытылған еті, тонна | 375,2 | 59 689 | 22 395 312,8 | 6 301 | 6 288 | 6 675 |
Ірі қара мал, шошқа, қой, ешкі, жылқы және жылқы тектес жануарлардың жас немесе тоңазытылған тағамдық қосымша өнімдері, тонна | 173,9 | 1 289 | 224 157,1 | 61 | 108 | 170 |
Мұздатылған ет және тағамдық қосымша өнімдер; өзге де ет және тағамдық қосымша өнімдер, тонна | 635,9 | 2 653 | 1 687 042,7 | 213 | 169 | 161 |
Ірі қара малдың немесе жылқы тектес жануарлардың, қой және ешкінің түтілген жүні, илен-беген терісі мен былғарысы, тонна | 184,3 | 5 293 | 975 499,9 | 505 | 509 | 598 |
Ірі қара малдың, қойдың, ешкінің, шошқаның майлары, тонна | 119,0 | 121 | 14 399,0 | 2 | 1 | 1 |
Өңделмеген тағамдық емес қалдықтар, тонна | 2144,4 | 44 | 94 353,6 | 171 | 172 | 44 |
10.12 Ауылшаруашылығы құсының етін қайта өңдеу және консервілеу | Х | Х | 26 451 780,3 | Х | Х | Х |
Жас немесе тоңазытылған тауықтар (балапандарды қоса), күркетауықтар, үйректер, қаздар және мысыр тауықтары, ұшалар, тонна | 252,6 | 44 586 | 11 262 423,6 | 2 234 | 2 248 | 3 812 |
Мұздатылған тауықтар (балапандарды қоса), күркетауықтар, үйректер, қаздар және мысыр тауықтары, ұшалар, тонна | 315,0 | 27 179 | 8 561 385,0 | 4 280 | 4 228 | 3 852 |
Мұздатылған тауықтар (балапандарды қоса), күркетауықтар, үйректер, қаздар және мысыр тауықтары, ұша бөліктері, тонна | 348,3 | 13 391 | 4 664 085,3 | 2 334 | 2 334 | 2 811 |
Үй құсының тоң майы, тонна | 142,3 | 35 | 4 980,5 | 10 | 10 | 9 |
Үй құсының тағамдық қосымша өнімдері, тонна | 235,7 | 8 234 | 1 940 753,8 | 1 388 | 1 388 | 1 282 |
Қауырсынды құстардың қауырсындары, мамықтары және терілері, тонна | 72,9 | 249 | 18 152,1 | 8 | 8 | 13 |
Кестенің жалғасы
Құндық көріністегі | Базистік жылдың орташа айлық деңгейіне өнеркәсіптік өндірістің индексі, %-бен | ||||
өткен жылғы тиісті айға | өткен айға | есепті айға | өткен жылғы тиісті айға | өткен айға | есепті айға |
7=1*4 | 8=1*5 | 9=1*6 |
10=7/(3/ | 11=8/(3/12)*100 |
12=9/(3/ |
2 970 191,7 | 2 948 270,4 | 2 841 086,9 | 140,4 | 139,3 | 134,3 |
2 364 135,2 | 2 359 257,6 | 2 504 460,0 | 126,7 | 126,4 | 134,2 |
10 607,9 | 18 781,2 | 29 563,0 | 56,8 | 100,5 | 158,3 |
135 446,7 | 107 467,1 | 102 379,9 | 96,3 | 76,4 | 72,8 |
93 071,5 | 93 808,7 | 110 211,4 | 114,5 | 115,4 | 135,6 |
238,0 | 119,0 | 119,0 | 476,0 | 238,0 | 238,0 |
366 692,4 | 368 836,8 | 94 353,6 | 4663,6 | 4690,9 | 1200,0 |
3 054 598,4 | 3 041 754,8 | 3 459 758,3 | 138,6 | 138,0 | 157,0 |
564 308,4 | 567 844,8 | 962 911,2 | 60,1 | 60,5 | 102,6 |
1 348 200,0 | 1 331 820,0 | 1 213 380,0 | 189,0 | 186,7 | 170,1 |
812 932,2 | 812 932,2 | 979 071,3 | 209,2 | 209,2 | 251,9 |
1 423,0 | 1 423,0 | 1 280,7 | 342,9 | 342,9 | 308,6 |
327 151,6 | 327 151,6 | 302 167,4 | 202,3 | 202,3 | 186,8 |
583,2 | 583,2 | 947,7 | 38,6 | 38,6 | 62,7 |
2-кесте. 10.1 "Етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру" экономикалық қызмет түрі бойынша өнеркәсіптік өндірістің индексін қалыптастырудың шартты үлгісі
2-кезең.
Қызмет түрлерінің атауы |
Базистік жылға жалпы қосылған құны, миллион | Есептік шама (базистік жылдың жалпы қосылған құнынан шығатын), миллион теңге |
Базистік жылдың орташа айлық деңгейіне өнеркәсіптік өндірістің индексі, |
өнеркәсіптік өндірістің индексі, | |||||
өткен жылғы тиісті айға | өткен айға | есепті айға | өткен жылғы тиісті айға | өткен айға | есепті айға | өткен айға | өткен жылғы тиісті айға | ||
А | 1 | 2= 1*5 / 100 | 3= 1*6 / 100 | 4= 1*7 / 100 |
5=2:1* |
6=3:1* |
7=4:1* | 8=7:6*100 |
9=7:5* |
10.1 Етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру | 45 647,2 | 53 465 | 52 436 | 56 342 | 117,1 | 114,9 | 123,4 | 107,4 | 105,4 |
қарапайым қызмет түрлеріне кіретіндердің сомасы | |||||||||
10.11 Етті қайта өңдеу және консервілеу | 10 223,4 | 14 353,7 | 14 251 | 13 730 | 140,4 | 139,4 | 134,3 | 96,3 | 95,7 |
10.12 Ауылшаруашылығы құсының етін қайта өңдеу және консервілеу | 15 571,1 | 21 582 | 21 488 | 24 447 | 138,6 | 138,0 | 157,0 | 113,8 | 113,3 |
10.13 Еттен және ауылшаруашылығы құсының етінен жасалған өнімдерді өндіру | 19 852,7 | 17 530 | 16 696 | 18 165 | 88,3 | 84,1 | 91,5 | 108,8 | 103,6 |
3-кесте. 10 "Тамақ өнімдерін өндіру" экономикалық қызмет түрі бойынша өнеркәсіптік өндірістің индексін қалыптастырудың шартты үлгісі
2-кезең (жалғасы).
Қызмет түрлерінің атауы |
Базистік жылға жалпы қосылған құны, миллион | Есептік шама (базистік жылдың жалпы қосылған құнынан шығатын), миллион теңге |
Базистік жылдың орташа айлық деңгейіне өнеркәсіптік өндірістің индексі, |
өнеркәсіптік өндірістің индексі, | |||||
өткен жылғы тиісті айға | өткен айға | есепті айға | өткен жылғы тиісті айға | өткен айға | есепті айға | өткен айға | өткен жылғы тиісті айға | ||
А | 1 | 2= 1*5 / 100 | 3= 1*6 / 100 | 4= 1*7 / 100 |
5=2:1* |
6=3:1* | 7=4:1* 100 | 8=7:6*100 |
9=7:5* |
10 Тамақ өнімдерін өндіру | 409 119,2 | 388 351 | 450 338 | 537 135 | 94,9 | 110,1 | 131,3 | 119,3 | 138,3 |
қызмет түрлеріне кіретіндердің сомасы | |||||||||
10.1 Етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру | 45 647,2 | 53 453 | 52 449 | 56 329 | 117,1 | 114,9 | 123,4 | 105,9 | 104,1 |
10.2 Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу | 4 739,8 | 2 384 | 2 313 | 3 512 | 50,3 | 48,8 | 74,1 | 151,8 | 147,4 |
10.3 Жемістерді және көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу | 40 169,3 | 46 034 | 65 837 | 126 332 | 114,6 | 163,9 | 314,5 | 192,2 | 278,8 |
… | … | … | … | … | … | … | … | … | … |
10.9 Жануарларға арналған дайын азықтарды өндіру | 4 617,3 | 9 401 | 9 442 | 11 183 | 203,6 | 204,5 | 242,2 | 118,4 | 119,0 |
4-кесте. С "Өңдеу өнеркәсібі" секциясы бойынша өнеркәсіптік өндірістің индексін қалыптастырудың шартты үлгісі
3-кезең.
Қызмет түрлерінің атауы |
Базистік жылға жалпы қосылған құны, миллион | Есептік шама (базистік жылдың жалпы қосылған құнынан шығатын), миллион теңге |
Базистік жылдың орташа айлық деңгейіне өнеркәсіптік өндірістің индексі, |
өнеркәсіптік өндірістің индексі, | |||||
өткен жылғы тиісті айға | өткен айға | есепті айға | өткен жылғы тиісті айға | өткен айға | есепті айға | өткен айға | өткен жылғы тиісті айға | ||
А | 1 | 2= 1*5 / 100 |
3= 1*6/ | 4= 1*7/ 100 |
5=2:1* |
6=3:1* | 7=4:1* 100 |
8=7:6* |
9=7:5* |
С секциясы | 2469804,1 | 2603174 | 2568596 | 2704435 | 105,4 | 104,0 | 109,5 | 105,3 | 103,9 |
қызмет түрлеріне кіретіндердің сомасы | |||||||||
10 Тамақ өнімдерін өндіру | 409 119,2 | 388 351 | 450 338 | 537 135 | 94,9 | 110,1 | 131,3 | 119,3 | 138,3 |
11 Сусындар өндіру | 79 989,2 | 97 667 | 72 230 | 81 669 | 122,1 | 90,3 | 102,1 | 113,1 | 83,6 |
12 Темекі өнімдерін өндіру | 34 247,4 | 38 357 | 31 199 | 35 789 | 112,0 | 91,1 | 104,5 | 114,7 | 93,3 |
… | … | … | … | … | … | … | … | … | … |
33 Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату | 96 068,6 | 74 069 | 75 606 | 105 964 | 77,1 | 78,7 | 110,3 | 140,2 | 143,1 |
5-кесте. Өнеркәсіптік өндірістің индексін қалыптастырудың шартты үлгісі
4-кезең.
Қызмет түрлерінің атауы |
Базистік жылға жалпы қосылған құны, миллион | Есептік шама (базистік жылдың жалпы қосылған құнынан шығатын), миллион теңге |
Базистік жылдың орташа айлық деңгейіне өнеркәсіптік өндірістің индексі, |
өнеркәсіптік өндірістің индексі, | |||||
өткен жылғы тиісті айға | өткен айға | есепті айға | өткен жылғы тиісті айға | өткен айға | өткен жылғы тиісті айға | өткен айға | есепті айға | ||
А | 1 | 2= 1*5 / 100 | 3= 1*6 / 100 | 4= 1*7 / 100 |
5=2:1* |
6=3:1* | 7=4:1* 100 |
8=7:6* |
9=7:5* |
Қорытынды өнеркәсіп бойынша | 7177125,8 | 7664793 | 7580771 | 7744533 | 106,8 | 105,6 | 107,9 | 102,2 | 101,0 |
ЭҚЖЖ B, C, D, E секциялары бойынша деректердің сомасы | |||||||||
B секциясы | 4249267,9 | 4606206 | 4550966 | 4589209 | 108,4 | 107,1 | 108,0 | 100,8 | 99,6 |
С секциясы | 2469804,1 | 2603174 | 2568596 | 2704435 | 105,4 | 104,0 | 109,5 | 105,3 | 103,9 |
D секциясы | 391236,4 | 381847 | 404147 | 381064 | 97,6 | 103,3 | 97,4 | 94,3 | 99,8 |
E секциясы | 66817,4 | 73566 | 57062 | 69824 | 110,1 | 85,4 | 104,5 | 122,4 | 94,9 |