Өнеркәсіптік өндірістің индексін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 11 қазандағы № 235 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 11 қарашада № 14413 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік өндірістің индексін есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) мемлекеттік тіркеуден өткен бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Қ.К. Орынханов) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлтттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 11 қазандағы
№ 235 бұйрығымен бекітілді

Өнеркәсіптік өндірістің индексін есептеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Өнеркәсіптік өндірістің индексін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңымен бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Әдістеме өнеркәсіптік өндірістің индексін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық органдарының қолдануына арналған.

      3. Осы Әдістеме жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар шеңберінде өнеркәсіптік өндірістің жылдық және ағымдағы индекстерін есептеудің негізгі тәсілдерін анықтайды.

      4. Осы Әдістемеде келесі анықтамалар пайдаланылады:

      1) жалпы қосылған құн - тауарлар мен қызметтердің жалпы шығарылымы және аралық тұтыну арасындағы айырмашылық. Бұл көрсеткіш өндіру кезінде тұтынылған негізгі қорлардың құнын қосады;

      2) өндірістің жекелеген индекстері - бір өнім шығарылымының өзгерісі және сол өнімді нақты-заттай көрсеткіштегі өндіру көлемінің салыстырмалы кезеңдегі қатысы ретінде саналады;

      3) өндірістің жиынтық индекстері - өнімдердің барлық түрлері өндіріснің біріккен өзгерісі және өндірістің құнын қалыптастыру үдерісі кезінде өндірілген өнімнің нақты көлемі ғана өзгеру нәтижесінде көрсетіледі;

      4) өнеркәсіптік өндірістің индексі - "Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне" (бұдан әрі - ЭҚЖЖ) сәйкес "Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу", "Өңдеу өнеркәсібі", "Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау", "Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет" қызмет түрлері бойынша агрегатталған өндірістік индекс.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 21.01.2020 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Өнеркәсіптік өндірістің индексін қалыптастырудың ерекшеліктері

      5. Өнеркәсіптік өндірістің индексін қалыптастыру келесі түрде жүзеге асырылады:

      1) өнеркәсіптік өндірістің индексі заттай немесе құндық көріністегі өкіл-тауарлардың белгіленген жиыны (себеті) бойынша шығарылым серпіні туралы деректер негізінде қалыптастырылады;

      2) өнеркәсіптік өндірістің индексін қалыптастыру кезінде жеке индекстер экономикалық қызмет түрлері бойынша индекстеріне кезең-кезеңмен агрегациялау жүзеге асырылады. Іріленген жиынтықтар үшін индекстер осы жиынтықтарды құрайтын элементтерден орташа өлшем ретінде есептеледі;

      3) өнеркәсіптік өндірістің индексін есептеу кезінде базистік жыл арқылы салыстырылатын кезеңдерде шығарылған тауарлар мен қызметтер көлемін салғастыру арқылы жүзеге асырылады;

      4) базистік жыл арқылы салғастыру әдісін қолдану мыналарға:

      қызметтің қарапайым түрі бойынша индекске тауарды қосуды және бұдан әрі қызмет түрлерін аса жоғары ЭҚЖЖ топтамалары бойынша жылдың нақты кезеңіндегі олардың шынайы үлесін ескеру арқылы индекстерді есептеуді қамтамасыз етуге;

      өндірістің жоғарғы бір ырғақты еместігі және ұзақ уақыт тоқтап қалуын сипаттайтын экономиканың тұрақсыз дамуы кезеңі үшін ерекше маңызды болып табылатын өндірістің индексін есептеуде математикалық белгісіздікті (нөлге бөлуді) болдырмаудың алдын алуға мүмкіндік береді;

      5) өндіріс индекстерін есептеу базистік жылдың нақты экономикалық қызмет түрінде құрылған заттай-нақты немесе құндық есептеу оларды жалпы қосылған құн шамасына өлшеу жолымен ЭҚЖЖ иерархиялық құрылымына сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша жеке индекстер экономикалық қызмет түрлерінің (кластар, топтар, бөлімдер, секциялар) ірілендірілген топтамалары бойынша индекстеріне кезең-кезеңмен агрегациялау өкіл-тауарлардың белгіленген жиыны (себеті) бойынша өндіріс серпіні туралы деректерін пайдалануға негізделеді.

3-тарау. Өнеркәсіптік өндірістің индексін есептеу

      6. Экономикалық қызмет түрлері бойынша өндірістің индексін есептеу үшін ақпараттық ресурсты жедел ай сайын қалыптастыру мақсатында Ласпейрас индексі қолданылады.

      Ласпейрас индексін қолданғанда жаңа кезеңнің деректерін өңдеу кезінде салмақтарды ауыстыруды қажет етпейді, сондай-ақ қарапайым интерпретация нәтижесін қамтамасыз етеді: индекстің мәні салыстырмалы кезең уақытындағы тиянақталған құрам өкіл-тауарлардың белгіленген жиыны (себеті) бойынша базистік кезеңдегі тұрақты баға құнының қатынасына тең.

      Базистік жыл ретінде тауарлық өндіріс құрылымы, баға және жалпы қосылған құн салыстырмалы түрде тұрақты және жақын жылдар аралығында оның едәуір өзгерісі болмайтын жыл қабылданады.

      Базистік жылдан алыстаған сайын индексті есептеудің дәлдігі ақырындап төмендейді, себебі баға құрылымы және өнеркәсіптік өндірістің құрылымы базистік жылғыдан одан сайын ауытқи бастайды. Сондықтан бір базистік жыл негізінде индексті есептеу болжаммен 5 жыл, содан кейін базистік жыл жаңғыртылады. Сондай-ақ базистік ретінде әдетте нөмірі "0" немесе "5" болып аяқталатын жыл таңдалады.

      Базистік жылды ауыстыру туралы шешім өндірісте болып жатқан құрылымдық қозғалыстардың қарқындылығы ескеріле отырып қабылданады.

      7. Өндірістің жеке индексін есептеу келесі формулалар бойынша жүзеге асырылады:



      мұнда:


– базистік жылдың орташа айлық көлемімен салыстырғанда t есепті кезеңдегі (айдағы немесе есепті жылдың басынан бастап кезеңдегі) өндірістің өзгеруін сипаттайтын индекстер;

және

– тиісінше, есепті және базистік кезеңдердегі өнім мөлшері;

– базистік жылдағы орташа жылдық баға.


      мұнда:


– базистік жылдың орташа айлық көлемімен салыстырғанда

      t-1 өткен кезеңдегі (өткен айдағы, өткен жылғы тиісті айдағы немесе өткен жылдың басынан бастап тиісті кезеңдегі) өндірістің өзгеруін сипаттайтын индекстер;


– өткен айдағы, өткен жылғы тиісті айдағы немесе өткен жылдың басынан бастап тиісті кезеңдегі өнім мөлшері;

– базистік кезеңдегі өнім мөлшері;

– базистік жылдағы орташа жылдық баға.


      мұнда:


– (1) және (2) формулаларда есептелген индекстерді бөлу жолымен алынатын t-1 өткен кезеңімен (өткен айымен, өткен жылғы тиісті айымен немесе өткен жылдың басынан бастап тиісті кезеңімен) салыстырғанда t есепті кезеңдегі (айдағы немесе есепті жылдың басынан бастап кезеңдегі) өндірістің өзгеруін сипаттайтын индекстер;

– базистік жылдың орташа айлық көлемімен салыстырғанда t есепті кезеңдегі (айдағы немесе есепті жылдың басынан бастап кезеңдегі) өндірістің өзгеруін сипаттайтын индекстер;

– базистік жылдың орташа айлық көлемімен салыстырғанда

      t-1 өткен кезеңдегі (өткен айдағы, өткен жылғы тиісті айдағы немесе өткен жылдың басынан бастап тиісті кезеңдегі) өндірістің өзгеруін сипаттайтын индекстер.

      t-1 кезеңіндегі өндіріс көлемімен t уақыт кезеңіндегі өндіріс көлемін салыстыру базистік жылдың орташа айлық мәнінен осы екі көлемнің ауытқуларын салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

4-тарау. Өндірістің индекстерін есептеу үшін ақпараттық ресурстарды қалыптастыру
1-параграф. Өкіл-тауарлардың тізбесін (себетін) қалыптастыру

      8. Өнеркәсіптік өндіріс индексін есептеу үшін жеке (тауарлық) индекстерді экономикалық қызмет түрлері бойынша индекстерге келесі

      кезең-кезеңмен агрегациялау өкіл-тауарлардың белгіленген жиыны (себет) бойынша заттай көріністегі серпініне негізделген әдісі қолданылады. Іріленген жиынтықтар үшін индекстер осы жиынтықтарды құрайтын элементтерден орташа өлшем ретінде есептеледі.

      Бұл әдіс өнеркәсіптік өнімдердің индекстерін тек қызмет түрлері, аумақтар бөлінісінде ғана емес, өнімнің қолдану бағыттары бойынша тауар топтарын (инвестициялық тауарлар, шикізат және материалдар, машиналар және жабдықтар, тұтынушылар тауарлары) құруға мүмкіндік береді, бұл көп жағдайда индекстің талдамалық мүмкіндіктерін арттырады.

      9. Есептелетін өндіріс индекстерінің сапасы өкіл-тауарларының тізбесін (себетін) дұрыс таңдауға тікелей байланысты. Стандартты тауарлар жиыны сипаттама сапасы және пайдалану бағыттары бойынша сараланған қызмет түрлері үшін әрбір өнім түрлерінің бағдарларынан қалыптастырылған.

      10. Заттай көріністегі (машина жасау, металл өңдеу салалары үшін, сонымен қатар мұнай және газ өндіруге қатысты қызметтер, электр энергияны, газды және суды бөлу бойынша қызметтер) өкіл-тауарлар тізбесін (себетін) қалыптастыру қиындаған жағдайда өнеркәсіптік өнімдерді өндірушілердің баға индекстерін пайдалану арқылы дефляторлау әдісі қолданылады.

      Өкіл-тауарлар тізбесіне (себетіне) қосылған өндіріс заттай (физикалық) бірліктерде немесе құндық көріністе есепке алынады.

      11. Комитет өкіл-тауарлардың бірыңғай тізбесін (себетін) аумақтық статистика органдарының ұсыныстарын ескере отырып, қалыптастырады және кеңейтеді. Комитет орталықтандырып, қалыптастырған өкіл-тауарлардың тізбесі (себеті) аумақтық статистика органдарын есептеу кезінде пайдаланылады.

      12. Тауарларды технологиялық таңдау бірнеше кезеңнен тұрады:

      бірінші кезеңде өкіл-тауарлардың тізбесін қалыптастыру негізі уақытындағы есептеулердің орнын басу үшін ұзақ мерзімге тұрақты

      өкіл-тауарлардың себетін максималды сақтау мүмкіндігі принципі қойылған;

      екінші кезеңде өзекті базистік жылға өту кезінде ескі себетке олардың өндірісі жаңа басталған немесе оның өткен жылғы базистік кезеңіне айтарлықтай кеңейтілген жаңа қосымша тауарлар енгізіледі;

      үшінші кезеңде белгіленген тауарлар жиынтығы өнімнің 1000-нан астам түрінен тұрады, ол өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінің 90% астамын қамтиды, яғни есептеулердің репрезентативтілігін қамтамасыз етеді.

2-параграф. Статистикалық ақпараттың ағындары

      13. Өнеркәсіптік өндірістің индексін есептеу бойынша статистикалық ақпаратты есепке алу мынадай үлгіде қалыптастырылады:

      1) ай сайын жұмыспен қамтылғандар саны 100-ден асатын кәсіпорындар бойынша құндық және заттай көріністе өндірілген өнімнің көлемін жаппай есепке алу жүргізіледі. Жұмыспен қамтылғандар саны 100-ден аспайтын кәсіпорындар, өнеркәсіптік емес кәсіпорындардың өнеркәсіптік бөлімшелері, жеке кәсіпкерлер және үй шаруашылықтарының секторы бойынша өндіріс көлемін есептеу арқылы анықталады;

      2) тоқсан сайын жұмыспен қамтылғандар саны 100-ге дейін болатын кәсіпорындар және өнеркәсіптік емес кәсіпорындардың өнеркәсіптік бөлімшелері бойынша құндық және заттай көріністе өндірілген өнімнің көлемін жаппай есепке алу жүргізіледі;

      3) жыл сайын барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық тобы бойынша құндық және заттай көріністегі өндірілген өнім көлемін жаппай есепке алу, құндық және заттай көріністегі өнеркәсіптік өнімдердің өндірісімен айналысатын жеке кәсіпкерлерді іріктеме тексеру құндық және заттай көріністе, үй шаруашылықтарының секторын іріктеме тексеру жүзеге асырылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 21.01.2020 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. Салмақтар жүйелерін қалыптастыру

      14. Базистік жыл бойынша өнеркәсіптік өндірістің индексін есептеу үшін, қызмет түрлерінің топтамасының барлық иерархиясы бойынша нақты тауар бойынша серпінін индекспен мүлтіксіз есепке алуға мүмкіндік беретін, салмақтар жүйесі қалыптастырылады.

      Тауарлар негізінде қарапайым қызмет түрлері бойынша индексті қалыптастыру кезінде салмақ ретінде, тізбеге (себетке) қосылған өнім бойынша базистік жылдағы орташа бағаға есептелген, базистік жылдағы өндіріс көлемі қолданылады. Құндық мәнде есепке алынатын тауарлар бойынша қолданыстағы бағадағы салыстырылатын кезеңдерге шығарылым көлемі базистік жылдағы бірыңғай бағаға дефляторлау әдісін қолдана отырып қайта есептеледі. Бағаның нақты деңгейі егер тізбеге (себетке) осы қызмет түрі бойынша екі немесе одан көп өкіл-тауарлар қосылған болса, қарапайым қызмет түрлері бойынша өндірістің индексі шамасына әсер етеді.

      Барлық келесі кезеңдерде салмақ ретінде ЭҚЖЖ бойынша экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құн құрылымы пайдаланылады.

4-параграф. Өнеркәсіптік өндірістің индекстерін есептеудің алгоритмі

      15. Өндірістің индекстерін қалыптастыру бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады.

      Есептеудің бірінші кезеңінде әрбір қарапайым қызмет түріне есептік кезеңдегі өкіл-тауарлардың шығарылымын олардың базистік кезеңдегі шығарылымымен салыстыру жолымен өндірістік индексі анықталады. Бұл ретте әрбір өкіл-тауардың шығарылымы салыстырылатын кезеңдерде бірдей бағада - базистік жылдағы орташа жылдық бағада бағаланады.

      Қарапайым экономикалық қызмет түрлері үшін өндірістің жиынтық индексін есептеу төменде көрсетілген формулалар бойынша орындалады:



  (4)



  (5)



  (6)

      мұнда:


- базистік жылдың орташа айлық өндірісімен салыстырғанда t есепті кезеңдегі (есепті айдағы, жылдың басынан бастап кезеңдегі) j қызмет түрі бойынша индексі, %-бен;

- t-кезеңге (есепті айға, жыл басынан бастап кезеңге), t-1-кезеңге (өткен айға, өткен жылғы тиісті кезеңге) және базистік жылдың орташа айына сәйкес келетін заттай (немесе құндық) көріністегі n тауары бойынша өндіріс;

- базистік жылдағы n тауар бірлігіне орташа жылдық баға;

      N - қызмет түрі бойынша себетке енгізілген тауарлардың мөлшері;


- базистік жылдың орташа айлық өндірісімен салыстырғанда t-1 өткен кезеңдегі (өткен айдағы, өткен жылғы тиісті кезеңдегі) j қызмет түрі бойынша индексі, %-бен;

- t-1 өткен кезеңімен (өткен айымен, өткен жылғы тиісті кезеңімен) салыстырғанда t есепті кезеңдегі (есепті айдағы, жылдың басынан бастап кезеңдегі) j қызмет түрі бойынша индексі, %-бен.

      Келесі кезеңдерде қарапайым қызмет түрлері бойынша индекстерді есептеу ЭҚЖЖ иерархиялық құрылымына сәйкес 1-кезеңде қалыптастырылған қызмет түрлерінің топтары бойынша индекстерге, олар өз кезегінде бөлімдер, B "Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу", C "Өңдеу өнеркәсібі", D "Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау", Е "Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет" секциялар бойынша индекстерге біріктіріледі.

      Нақты қызмет түрінің (қызмет түрлерінің тобы, бөлімі) ЭҚЖЖ-дағы B "Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу", C "Өңдеу өнеркәсібі", D "Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау", Е "Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет" секциялары бойынша жалпы индекске ықпалын есепке алу үшін ЭҚЖЖ сәйкесінше топтамалары бойынша базистік жылдың жалпы қосылған құнының шамасына кезең-кезеңмен өлшеумен жүзеге асырылады.

      Өндірістің жиынтық индекстерін есептеу келесі формулалар бойынша орындалады:



  (7)



  (8)

      мұнда:


- базистік жылдың орташа айлық өндірісімен салыстырғанда t есепті кезеңдегі (есепті айдағы, жыл басынан бастап кезеңдегі) немесе t-1 өткен кезеңдегі (өткен айдағы, өткен жылғы тиісті кезеңдегі) j қызмет түрі (класс, топ, бөлім, секция) бойынша индексі, %-бен;

- өткен кезеңдегі есептеумен қалыптастырылған базистік жылдың орташа айлық өндірісімен салыстырғанда t есепті кезеңдегі (есепті айдағы, жыл басынан бастап кезеңдегі) немесе t-1 өткен кезеңдегі (өткен айдағы, өткен жылғы тиісті кезеңдегі) j қызмет түрі бойынша индексі, %-бен;

- j қызмет түрі бойынша базистік жылдағы жалпы қосылған құны, миллион теңге.


  (9)

      мұнда:


- базистік жылдың орташа айлық өндірісіне есептелген, индекстердің ара қатынасы арқылы шамаланған t-1 өткен кезеңімен салыстырғанда t есепті кезеңге өндіріс индексі;

- базистік жылдың орташа айлық өндірісімен салыстырғанда t есепті кезеңдегі (есепті айдағы, жыл басынан бастап кезеңдегі) немесе t-1 өткен кезеңдегі (өткен айдағы, өткен жылғы тиісті кезеңдегі) j қызмет түрі (класс, топ, бөлім, секция) бойынша индексі, %-бен;

      Өнеркәсіптік өндіріс индексі ЭҚЖЖ B "Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу", C "Өңдеу өнеркәсібі", D "Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау", Е "Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет" секциялары бойынша өндіріс индекстерінен орташа арифметикалық өлшеу ретінде келесі формулалар бойынша есептеледі:



  (10)



  (11)



  (12)

      мұнда:


- t-1 өткен кезеңімен (өткен айымен, өткен жылғы тиісті кезеңімен) салыстырғанда t есепті кезеңдегі (есепті айдағы, жылдың басынан бастап кезеңдегі) өнеркәсіптік өндірістің индексі, %-бен;

- базистік жылдың орташа айлық өндірісімен салыстырғанда t кезеңдегі (есепті айдағы, жыл басынан бастап кезеңдегі) және t-1 кезеңдегі (өткен айдағы, өткен жылғы тиісті кезеңдегі) өнеркәсіптік өндірістің индексі, %-бен;



- базистік жылдың орташа айлық өндірісімен салыстырғанда t кезеңдегі (есепті айдағы, жыл басынан бастап кезеңдегі) және t-1 кезеңдегі (өткен айдағы, өткен жылғы тиісті кезеңдегі) B "Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу", C "Өңдеу өнеркәсібі", D "Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау", Е "Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет" секциялары бойынша өндіріс индексі, %-бен;

- B "Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу", C "Өңдеу өнеркәсібі", D "Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау", Е "Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет" секциялары бойынша базистік жылға жалпы қосылған құны, миллион теңге.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 21.01.2020 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Өнеркәсіптік өндірістің индекстерін есептеу алгоритмін сипаттау осы Әдістемеге қосымшада келтірілген.

5-тарау. Өнеркәсіптік өндірістің индексі бойынша деректерді тарату

      17. Деректерді таратудың Халықаралық Валюталық Қоры әзірлеген Арнайы халықаралық стандартына сәйкес өнеркәсіптік өндірістердің индекстері ақпаратты шығарудың алдын ала белгіленген мерзіміне сәйкес ай сайын жарияланады. Ақпарат баспасөз хабарламасы, жедел ақпарат түрінде Комитеттің Интернет-ресурсында орналастыру арқылы барлық пайдаланушылар үшін бір мезгілде таралады. Тауарлардың түрлері және ЭҚЖЖ бөлімдері, топтары, кластары бойынша едәуір нақтыланған өндіріс көлемі жөніндегі ақпарат статистикалық бюллетеньдерде, жинақтарда жарияланады.

      18. Пайдаланушыларды өнеркәсіптік өндірістердің индекстері жөніндегі өзекті статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жедел деректер жыл сайын Комитеттің ресми сайтында нақтыланады және жарияланады.

6-тарау. Әдістеменің өзгеруіне байланысты қозғалыс қатарын қайта есептеу

      19. Осы Әдістемеге сәйкес есептеулер 2017 жылдың қаңтарынан басталады. Әдістемеде өнеркәсіптік өндірістерінің индекстерін есептеудің жаңа тәсілдері қолданылды, қолданыстағы осы көрсеткіштері бойынша серпінділік қатарлары және оның құрауыштары қайта есептелетін болады. Қайта есептеу тарихи шығыс деректері барлары үшін тек сол кезең үшін және сол құрастырушылар бойынша ғана жүзеге асырылатын болады.

  Өнеркәсіптік өндірістің
индексін есептеу әдістемесіне
қосымша

Өнеркәсіптік өндірістің индекстерін есептеудің алгоритмі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 21.01.2020 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-кесте. Қарапайым экономикалық қызмет түрлері бойынша (өкіл-тауарларынан шығатын) өнеркәсіптік өндірістің индексін есептеудің шартты үлгісі

      1-кезең


Базистік жылдағы тауар бірліктерінің бағасы, мың теңге

Базистік жылдағы
өндірілгені

Заттай көріністегі
өндірілгені

заттай көріністе

құндық көріністе, мың теңге

өткен жылғы тиісті айға

өткен айға

есепті айға

А

1

2

3=2*1

4

5

6

10.11 Етті қайта өңдеу және консервілеу

Х

Х

25 390 765,1

Х

Х

Х

Ірі қара мал, шошқа, қой, ешкі, жылқы және жылқы тектес жануарлардың жас немесе тоңазытылған еті, тонна

375,2

59 689

22 395 312,8

6 301

6 288

6 675

Ірі қара мал, шошқа, қой, ешкі, жылқы және жылқы тектес жануарлардың жас немесе тоңазытылған тағамдық қосымша өнімдері, тонна

173,9

1 289

224 157,1

61

108

170

Мұздатылған ет және тағамдық қосымша өнімдер; өзге де ет және тағамдық қосымша өнімдер, тонна

635,9

2 653

1 687 042,7

213

169

161

Ірі қара малдың немесе жылқы тектес жануарлардың, қой және ешкінің түтілген жүні, илен-беген терісі мен былғарысы, тонна

184,3

5 293

975 499,9

505

509

598

Ірі қара малдың, қойдың, ешкінің, шошқаның майлары, тонна

119,0

121

14 399,0

2

1

1

Өңделмеген тағамдық емес қалдықтар, тонна

2144,4

44

94 353,6

171

172

44

10.12 Ауылшаруашылығы құсының етін қайта өңдеу және консервілеу

Х

Х

26 451 780,3

Х

Х

Х

Жас немесе тоңазытылған тауықтар (балапандарды қоса), күркетауықтар, үйректер, қаздар және мысыр тауықтары, ұшалар, тонна

252,6

44 586

11 262 423,6

2 234

2 248

3 812

Мұздатылған тауықтар (балапандарды қоса), күркетауықтар, үйректер, қаздар және мысыр тауықтары, ұшалар, тонна

315,0

27 179

8 561 385,0

4 280

4 228

3 852

Мұздатылған тауықтар (балапандарды қоса), күркетауықтар, үйректер, қаздар және мысыр тауықтары, ұша бөліктері, тонна

348,3

13 391

4 664 085,3

2 334

2 334

2 811

Үй құсының тоң майы, тонна

142,3

35

4 980,5

10

10

9

Үй құсының тағамдық қосымша өнімдері, тонна

235,7

8 234

1 940 753,8

1 388

1 388

1 282

Қауырсынды құстардың қауырсындары, мамықтары және терілері, тонна

72,9

249

18 152,1

8

8

13

      Кестенің жалғасы

Құндық көріністегі
өндірілгені (базистік жылдың орташа бағаларында), мың теңге

Базистік жылдың орташа айлық деңгейіне өнеркәсіптік өндірістің индексі, %-бен

өткен жылғы тиісті айға

өткен айға

есепті айға

өткен жылғы тиісті айға

өткен айға

есепті айға

7=1*4

8=1*5

9=1*6

10=7/(3/
12)*100

11=8/(3/12)*100

12=9/(3/
12)*100

2 970 191,7

2 948 270,4

2 841 086,9

140,4

139,3

134,3

2 364 135,2

2 359 257,6

2 504 460,0

126,7

126,4

134,2

10 607,9

18 781,2

29 563,0

56,8

100,5

158,3

135 446,7

107 467,1

102 379,9

96,3

76,4

72,8

93 071,5

93 808,7

110 211,4

114,5

115,4

135,6

238,0

119,0

119,0

476,0

238,0

238,0

366 692,4

368 836,8

94 353,6

4663,6

4690,9

1200,0

3 054 598,4

3 041 754,8

3 459 758,3

138,6

138,0

157,0

564 308,4

567 844,8

962 911,2

60,1

60,5

102,6

1 348 200,0

1 331 820,0

1 213 380,0

189,0

186,7

170,1

812 932,2

812 932,2

979 071,3

209,2

209,2

251,9

1 423,0

1 423,0

1 280,7

342,9

342,9

308,6

327 151,6

327 151,6

302 167,4

202,3

202,3

186,8

583,2

583,2

947,7

38,6

38,6

62,7

2-кесте. 10.1 "Етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру" экономикалық қызмет түрі бойынша өнеркәсіптік өндірістің индексін қалыптастырудың шартты үлгісі

      2-кезең.

Қызмет түрлерінің атауы

Базистік жылға жалпы қосылған құны, миллион
теңге

Есептік шама (базистік жылдың жалпы қосылған құнынан шығатын), миллион теңге

Базистік жылдың орташа айлық деңгейіне өнеркәсіптік өндірістің индексі,
%-бен

өнеркәсіптік өндірістің индексі,
%-бен

өткен жылғы тиісті айға

өткен айға

есепті айға

өткен жылғы тиісті айға

өткен айға

есепті айға

өткен айға

өткен жылғы тиісті айға

А

1

2= 1*5 / 100

3= 1*6 / 100

4= 1*7 / 100

5=2:1*
100

6=3:1*
100

7=4:1*
100

8=7:6*100

9=7:5*
100

10.1 Етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру

45 647,2

53 465

52 436

56 342

117,1

114,9

123,4

107,4

105,4

қарапайым қызмет түрлеріне кіретіндердің сомасы






10.11 Етті қайта өңдеу және консервілеу

10 223,4

14 353,7

14 251

13 730

140,4

139,4

134,3

96,3

95,7

10.12 Ауылшаруашылығы құсының етін қайта өңдеу және консервілеу

15 571,1

21 582

21 488

24 447

138,6

138,0

157,0

113,8

113,3

10.13 Еттен және ауылшаруашылығы құсының етінен жасалған өнімдерді өндіру

19 852,7

17 530

16 696

18 165

88,3

84,1

91,5

108,8

103,6

3-кесте. 10 "Тамақ өнімдерін өндіру" экономикалық қызмет түрі бойынша өнеркәсіптік өндірістің индексін қалыптастырудың шартты үлгісі

      2-кезең (жалғасы).

Қызмет түрлерінің атауы

Базистік жылға жалпы қосылған құны, миллион
теңге

Есептік шама (базистік жылдың жалпы қосылған құнынан шығатын), миллион теңге

Базистік жылдың орташа айлық деңгейіне өнеркәсіптік өндірістің индексі,
%-бен

өнеркәсіптік өндірістің индексі,
%-бен

өткен жылғы тиісті айға

өткен айға

есепті айға

өткен жылғы тиісті айға

өткен айға

есепті айға

өткен айға

өткен жылғы тиісті айға

А

1

2= 1*5 / 100

3= 1*6 / 100

4= 1*7 / 100

5=2:1*
100

6=3:1*
100

7=4:1* 100

8=7:6*100

9=7:5*
100

10 Тамақ өнімдерін өндіру

409 119,2

388 351

450 338

537 135

94,9

110,1

131,3

119,3

138,3

қызмет түрлеріне кіретіндердің сомасы




10.1 Етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру

45 647,2

53 453

52 449

56 329

117,1

114,9

123,4

105,9

104,1

10.2 Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу

4 739,8

2 384

2 313

3 512

50,3

48,8

74,1

151,8

147,4

10.3 Жемістерді және көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу

40 169,3

46 034

65 837

126 332

114,6

163,9

314,5

192,2

278,8

10.9 Жануарларға арналған дайын азықтарды өндіру

4 617,3

9 401

9 442

11 183

203,6

204,5

242,2

118,4

119,0

4-кесте. С "Өңдеу өнеркәсібі" секциясы бойынша өнеркәсіптік өндірістің индексін қалыптастырудың шартты үлгісі

      3-кезең.

Қызмет түрлерінің атауы

Базистік жылға жалпы қосылған құны, миллион
теңге

Есептік шама (базистік жылдың жалпы қосылған құнынан шығатын), миллион теңге

Базистік жылдың орташа айлық деңгейіне өнеркәсіптік өндірістің индексі,
%-бен

өнеркәсіптік өндірістің индексі,
%-бен

өткен жылғы тиісті айға

өткен айға

есепті айға

өткен жылғы тиісті айға

өткен айға

есепті айға

өткен айға

өткен жылғы тиісті айға

А

1

2= 1*5 / 100

3= 1*6/
100

4= 1*7/ 100

5=2:1*
100

6=3:1*
100

7=4:1* 100

8=7:6*
100

9=7:5*
100

С секциясы
Өңдеу өнеркәсібі

2469804,1

2603174

2568596

2704435

105,4

104,0

109,5

105,3

103,9

қызмет түрлеріне кіретіндердің сомасы




10 Тамақ өнімдерін өндіру

409 119,2

388 351

450 338

537 135

94,9

110,1

131,3

119,3

138,3

11 Сусындар өндіру

79 989,2

97 667

72 230

81 669

122,1

90,3

102,1

113,1

83,6

12 Темекі өнімдерін өндіру

34 247,4

38 357

31 199

35 789

112,0

91,1

104,5

114,7

93,3

33 Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

96 068,6

74 069

75 606

105 964

77,1

78,7

110,3

140,2

143,1

5-кесте. Өнеркәсіптік өндірістің индексін қалыптастырудың шартты үлгісі

      4-кезең.

Қызмет түрлерінің атауы

Базистік жылға жалпы қосылған құны, миллион
теңге

Есептік шама (базистік жылдың жалпы қосылған құнынан шығатын), миллион теңге

Базистік жылдың орташа айлық деңгейіне өнеркәсіптік өндірістің индексі,
%-бен

өнеркәсіптік өндірістің индексі,
%-бен

өткен жылғы тиісті айға

өткен айға

есепті айға

өткен жылғы тиісті айға

өткен айға

өткен жылғы тиісті айға

өткен айға

есепті айға

А

1

2= 1*5 / 100

3= 1*6 / 100

4= 1*7 / 100

5=2:1*
100

6=3:1*
100

7=4:1* 100

8=7:6*
100

9=7:5*
100

Қорытынды өнеркәсіп бойынша

7177125,8

7664793

7580771

7744533

106,8

105,6

107,9

102,2

101,0

ЭҚЖЖ B, C, D, E секциялары бойынша деректердің сомасы




B секциясы
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

4249267,9

4606206

4550966

4589209

108,4

107,1

108,0

100,8

99,6

С секциясы
Өңдеу өнеркәсібі

2469804,1

2603174

2568596

2704435

105,4

104,0

109,5

105,3

103,9

D секциясы
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау

391236,4

381847

404147

381064

97,6

103,3

97,4

94,3

99,8

E секциясы
Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет

66817,4

73566

57062

69824

110,1

85,4

104,5

122,4

94,9



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады