Бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнiмдерді жаңартып отыру мерзімділігін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 33/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қаңтарда № 19939 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 67/НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.02.2023 № 67/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнімдерді жаңартып отыру мерзімділігі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі м.а.
Д. Туяков

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің м.а.
2020 жылғы 27 қаңтардағы
№ 33/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнімдерді жаңартып отыру мерзімділігі

Аумақтар

Жаңарту кезеңдері, жыл

масштабтардың мемлекеттік топографиялық жоспарлары:
1:2 000
1:5 000

масштабтардың мемлекеттік топографиялық карталары:
1:10 000
1:25 000
1:50 000
1:100 000
1:200 000
1:500 000
1:1 000 000

Жерлері елеулі өзгерген аумақтар және елді мекендер (республикалық және облыстық маңызы бар қалалар) және олардың перспективалы дамуына және құрылыстар салуға арналған аумақтар, өнеркәсіптік объектілер, пайдалы қазбалар өндіру орындары

4–6 жыл

6–10 жыл

Жерлері неғұрлым аз өзгерген аумақтар және елді мекендер (шағын қалалар, моноқалалар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар) және олардың перспективалы дамуына және құрылыстар салуға арналған аумақтар, өнеркәсіптік объектілер, пайдалы қазбалар өндіру орындары

7–10 жыл

10–15 жыл

Өзге аумақтар

-

20 жылға дейін

      Ескертпе: қажет болған жағдайда картографиялық өнімдерді жаңартып отыру кезеңі Қазақстан Республикасының экономикалық қажеттілігіне, жекелеген аумақтарды кешенді дамыту, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс қабілетін нығайту және жергілікті жердің өзгеру дәрежесіне қарай қысқарады не ұлғаяды.

Об утверждении периодичности обновления картографической продукции, создаваемой за счет бюджетных средств

Приказ и.о. Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 27 января 2020 года № 33/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 января 2020 года № 19939. Утратил силу приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 февраля 2023 года № 67/НҚ.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 28.02.2023 № 67/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 7-4) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 3 июля 2002 года "О геодезии и картографии" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую периодичность обновления картографической продукции, создаваемой за счет бюджетных средств.

      2. Комитету геодезии и картографии Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
Д. Туяков

  Утверждена приказом Министра
цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности
Республики Казахстан
от 27 января 2020 года № 33/НҚ

Периодичность обновления картографической продукции, создаваемой за счет бюджетных средств

Территории

Периоды обновления, лет

государственных топографических планов масштабов: 1:2 000
1:5 000

государственных топографических карт масштабов:
1:10 000
1:25 000
1:50 000
1:100 000
1:200 000
1:500 000
1:1 000 000

Территории и населенные пункты со значительными изменениями местности (города республиканского и областного значения) и территории для их перспективного развития и застройки, промышленные объекты, разработки полезных ископаемых

4–6 лет

6–10 лет

Территории и населенные пункты с менее значительными изменениями местности (малые города, моногорода, города районного значения, поселки, села) и территории для их перспективного развития и застройки, промышленные объекты, разработки полезных ископаемых

7–10 лет

10–15 лет

Прочие территории

-

до 20 лет

      Примечание: в случае необходимости период обновления картографической продукции сокращается либо увеличивается исходя из потребностей экономики Республики Казахстан, комплексного развития отдельных территории, национальной безопасности, укрепления обороноспособности и степени изменения местности.