Бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнiмдерді жаңартып отыру кезеңділігін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 67/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 наурызда № 32009 болып тіркелді

      "Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" 2022 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнімдерді жаңартып отыру кезеңділігі бекітілсін.

      2. "Бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнiмдерді жаңартып отыру мерзімділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 33/НҚ бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 19939 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2023 жылғы 28 ақпандағы
№ 67/НҚ Бұйрықпен
бекітілген

Бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнімдерді жаңартып отыру кезеңділігі

Аумақтар

Жаңарту кезеңдері, жыл

масштабтардың мемлекеттік топографиялық жоспарлары:
1:2 000
1:5 000

масштабтардың мемлекеттік топографиялық карталары:
1:10 000
1:25 000
1:50 000
1:100 000
1:200 000
1:500 000
1:1 000 000

*масштабтардың теңіз навигациялық карталары:
1:10 000
1:25 000
1:50 000
1:100 000
1:200 000
1:750 000

Жерлері елеулі өзгерген аумақтар және елді мекендер (республикалық және облыстық маңызы бар қалалар) және олардың перспективалы дамуына және құрылыстар салуға арналған аумақтар, өнеркәсіптік объектілер, пайдалы қазбалар өндіру орындары

4–6 жыл

6–10 жыл


Жерлері неғұрлым аз өзгерген аумақтар және елді мекендер (аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар) және олардың перспективалы дамуына және құрылыстар салуға арналған аумақтар, өнеркәсіптік объектілер, пайдалы қазбалар өндіру орындары

7–10 жыл

10–15 жыл


Каспий теңізіндегі қазақстандық сектордың су акваториясы және оған іргелес құрлық жері.



15 жыл

Өзге аумақтар


20 жылға дейін


      Ескертпе:

      Қажет болған жағдайда картографиялық өнімдерді жаңартып отыру кезеңі Қазақстан Республикасының экономикалық қажеттілігіне, жекелеген аумақтарды кешенді дамыту, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс қабілетін нығайту және жергілікті жердің өзгеру дәрежесіне қарай қысқарады не ұлғаяды.

      * Теңіз навигациялық карталарын қазіргі уақыт деңгейінде ұстау және оларды жарамды жағдай күйіне келтіру мақсатында оларды жаңартып отыру мерзімі мынадай жағдайларда қысқартылады:

      1) теңізде жүзу қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер ететін және картографиялау ауданындағы навигациялық жағдайды өзгертетін қазіргі замандағы және шынайы жаңартулар (гидрографиялық жұмыстардың нұсқаулығына сәйкес өткізілген қорытынды бойынша өзгерістер мен түзетулер) бар кезінде;

      2) тұрақты және шынайы сипаты бар координаттарымен 75 және одан жоғары жаңартулар (корректуралық өзгерістер) бар кезінде;

      3) **Картаның геодезиялық негізін өзгертуге байланысты түзетулер енгізу қажеттілігі;

      4) көлемі үш жапсырманы арттыратын картаның көлемінде түзетулер енгізу қажеттілігі кезінде (әрқайсысы 15×25 сантиметр көлемімен);

      5) өткен тираждарды шығындау және оларды толықтыру қажеттілігі кезінде.

      **Картаның геодезиялық негізі – картаны жасау үшін қажетті геодезиялық мәліметтер жиынтығы. Оларға белгілі бір координаттар жүйесі және осы жүйеде анықталған тірек нүктелерінің координаттары жатады. Геодезиялық негіз Жердің физикалық бетінен шартты математикалық бетке (эллипсоид беті) өтуді анықтайды және картада бейнеленген географиялық объектілердің сәйкесінше олардың ендігі, бойлығы мен биіктігі бойынша дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді. Геодезиялық негізге жер бетінде немесе шартты математикалық бетінде (эллипсоид бетінде) координаттардың көмегімен анықталған нүктелер жер бетінде бекітілген тірек пункттері жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады