Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.02.2023 № 67/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнімдерді жаңартып отыру мерзімділігі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі м.а. |
Д. Туяков |
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 33/НҚ бұйрығымен бекітілген |
Бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнімдерді жаңартып отыру мерзімділігі
Аумақтар | Жаңарту кезеңдері, жыл | |
масштабтардың мемлекеттік топографиялық жоспарлары: |
масштабтардың мемлекеттік топографиялық карталары: | |
Жерлері елеулі өзгерген аумақтар және елді мекендер (республикалық және облыстық маңызы бар қалалар) және олардың перспективалы дамуына және құрылыстар салуға арналған аумақтар, өнеркәсіптік объектілер, пайдалы қазбалар өндіру орындары | 4–6 жыл | 6–10 жыл |
Жерлері неғұрлым аз өзгерген аумақтар және елді мекендер (шағын қалалар, моноқалалар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар) және олардың перспективалы дамуына және құрылыстар салуға арналған аумақтар, өнеркәсіптік объектілер, пайдалы қазбалар өндіру орындары | 7–10 жыл | 10–15 жыл |
Өзге аумақтар | - | 20 жылға дейін |
Ескертпе: қажет болған жағдайда картографиялық өнімдерді жаңартып отыру кезеңі Қазақстан Республикасының экономикалық қажеттілігіне, жекелеген аумақтарды кешенді дамыту, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс қабілетін нығайту және жергілікті жердің өзгеру дәрежесіне қарай қысқарады не ұлғаяды.