"Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы"

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 40/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 ақпанда № 20002 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 100/НҚ бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15312 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 13 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Адами ресурстарды басқару департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.03.2021 № 110/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
А. Жумагалиев

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы 3 ақпандағы
№ 40/НҚ бұйрығымен
бекітілді

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның 35-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың жұмысын бағалаудың нәтижелері бойынша қолданылады.

      3. Мемлекеттік қызметшілерге мынадай көтермелеулер қолданылуы мүмкін:

      1) біржолғы ақшалай сыйақы беру;

      2) алғыс жариялау;

      3) бағалы сыйлықпен марапаттау;

      4) грамотамен марапаттау;

      5) құрметті атақ беру;

      6) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.

      Бір рет ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге көрсетілген көтермелеу нысандарының бірі ғана және мемлекеттік органның актісінде нақты сіңірген еңбегі көрсетіле отырып, бір рет қана қолданылуы мүмкін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.05.2023 № 123/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Марапаттауда объективті көзқарасты қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде Министрлік жанынан Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

2-тарау. Министрліктің біржолғы ақшалай сыйақысымен және бағалы сыйлығымен көтермелеу

      5. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерін Комиссияның қарауынсыз, Министрдің қарары бойынша ерекше маңызды тапсырмаларды орындағаны үшін, нақты жұмыс нәтижелері үшін, ерекше маңызды және күрделі жұмыстарды қысқа мерзімде сапалы орындағаны үшін, сондай-ақ мерейтойлық күндерге және зейнеткерлік жасқа толуына байланысты құрметті демалысқа шығуына орай, бюджет қаражатын үнемдеу болған жағдайда біржолғы ақшалай сыйақымен және бағалы сыйлықпен марапаттау арқылы көтермеленуі мүмкін.

      6. Жетекшілік ететін вице-министрдің, аппарат басшысының және қаржы қызметінің келісімі бойынша Министрліктің және оның ведомстволарының мемлекеттік қызметшілерін нақты жұмыс нәтижелері, ерекше маңызды және күрделі жұмыстарды қысқа мерзімде сапалы орындағаны үшін біржолғы ақшалай сыйлықақымен және бағалы сыйлықпен марапаттау туралы ұсынымдарға Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары бастамашылық етеді, Комиссияның қарауына енгізіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.03.2021 № 110/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Персоналды басқару қызметі Министрліктің мемлекеттік қызметшілерін біржолғы ақшалай сыйақымен және бағалы сыйлықпен марапаттау туралы бұйрықты әзірлейді және Министрге қол қоюға енгізеді.

3-тарау. Министрліктің құрмет грамотасымен, Министрдің алғыс хатымен көтермелеуді қолдану

      8. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері ерекше сіңірген еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, мінсіз мемлекеттік қызметі үшін Министрдің шешімі негізінде:

      Министрліктің құрмет грамотасымен;

      Министрдің алғыс хатымен көтермеленеді.

      9. Мемлекеттік қызметшілерді Министрліктің құрмет грамотасымен және Министрдің алғыс хатымен марапаттау туралы ұсынымдарды Комиссия мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелерді атап өту жағдайына, мерейтойлық күндер және жұмыскердің зейнеткерлік жасқа толуына байланысты құрметті демалысқа шығуына орай қарайды.

      10. Министрліктің құрмет грамотасымен марапаттау үшін:

      мінсіз мемлекеттік қызметі, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтауы;

      ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындауы;

      лауазымдық міндеттерін үлгілі атқаруы;

      құзыреттілігі, адалдығы және жұмыстағы бастамашылдығы;

      еліміздің қоғамдық өміріне белсенді қатысуы негізгі өлшемшарттар болып табылады.

      11. Министрдің алғыс хатымен марапаттау үшін:

      Министрліктегі, ведомстволардағы, ведомстволық бағынысты ұйымдардағы көп жылғы және жемісті жұмысы;

      лауазымдық міндеттерін үлгілі атқаруы, мінсіз мемлекеттік қызметі және жұмыстағы басқа да жетістіктері;

      Министрлік басшылығы тапсырған ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындауы негізгі өлшемшарттар болып табылады.

      12. Персоналды басқару қызметі Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қолдары қойылған және жетекшілік ететін вице-министрмен, аппарат басшысымен келісілген Министрліктің құрмет грамотасымен және Министрдің алғыс хатымен марапаттауға ұсынымдарды сұратады.

      Ұсынымда марапатталушының жеке басын сипаттайтын деректер, жалпы еңбек өтілі, мемлекеттік қызмет өтілі, оның ішінде осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі, оның нақты сіңірген еңбектері, жұмысының негізгі нәтижелері мен жетістіктері жазылып, қол жеткізген табыстары қысқаша баяндалады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.03.2021 № 110/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Персоналды басқару қызметі қажетті құжаттарды дайындайды және мемлекеттік қызметшілерді Министрліктің құрмет грамотасымен және Министрдің алғыс хатымен марапаттау туралы мәселені Комиссияның қарауына шығарады.

      14. Комиссия шешімінің нәтижелері бойынша Персоналды басқару қызметі Министр қол қоятын, Министрліктің мемлекеттік қызметшілерін марапаттау туралы бұйрықты дайындайды.

4-тарау. Министрліктің ведомстволық наградаларымен көтермелеуді қолдану тәртібі

      15. Ведомстволық наградалармен марапаттау туралы ұсынымдар мемлекеттік, кәсіби, өзге де мерекелер мен мерейтой күндерін мерекелеу және еңбек сіңірген жылдарға жету жағдайы бойынша бойынша қаралады.

      16. Қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, шығармашылық белсенділігі, мінсіз мемлекеттік қызметі, жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін еңбегін көтермелеу және ынталандыру мақсатында Министрліктің мемлекеттік қызмешілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларына сәйкес ведомстволық наградаларға ұсынылады.

      17. Министрліктің аппарат басшысы Комиссия шешім шығарған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде ведомстволық наградамен марапаттау туралы бұйрық шығарады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.03.2021 № 110/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігінің
мемлекеттік қызметшілерін
көтермелеуді қолдану
қағидаларына
қосымша
  Нысан

Марапаттау қағазы

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _________________________________

      2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны ___________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (бөлімшенің, кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның, министрліктің, мемлекеттік

      __________________________________________________________________________

      комитеттің нақты атауын көрсету керек)

      3. Жынысы _______________________________________________________________

      4. Туған жылы мен туған жері _______________________________________________

      5. Ұлты ___________________________________________________________________

      6. Білімі ___________________________________________________________________

      7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болған жағдайда) _________________________

      8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған

      және марапатталу күні (бар болған жағдайда) __________________________________

      9. Үйінің мекенжайы: _______________________________________________________

      10. Жалпы жұмыс өтілі _____________________________________________________

      11. Саладағы жұмыс өтілі ____________________________________________________

      12. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі _______________________________________

      13. Марапатталушының нақты айрықша сіңірген еңбегі көрсетілген мінездеме:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Кандидатура талқыланып, ұсынылды _________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (құрылымдық бөлімшенің, мекеменің, ұйымның атауы, талқылау күні,

      __________________________________________________________________________

      хаттаманың №)

      Мына наградаға ұсынылады __________________________________________________

                                          (награданың түрі)

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігінің басшысы _______________ ____________________________

                                          (қолы)       (Т.А.Ә. бар болған жағдайда)

                  М.О.

                                          "___" _______________ _______________ ж.

                                                (толтырылған күні)

      Ескертпе: марапатталушының тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) жеке басының куәлігі бойынша толтырылып, қазақ және орыс тілдеріндегі транскрипциясы міндетті түрде көрсетіледі.

Об утверждении Правил применения поощрения государственных служащих Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 3 февраля 2020 года № 40/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 февраля 2020 года № 20002.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила применения поощрения государственных служащих Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      2. Признать утратившим силу приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 июня 2017 года № 100/НҚ "Об утверждении Правил применения поощрения государственных служащих Министерства оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актом № 15312, опубликован 13 июля 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Департаменту управления человеческими ресурсами обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Руководителя аппарата Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 4 – в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 31.03.2021 № 110/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
А. Жумагалиев

  Утверждены приказом
Министра цифрового
развития, инноваций и
аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
от 3 февраля 2020 года № 40/НҚ

Правила применения поощрения государственных служащих Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила применения поощрений государственных служащих Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии со статьей 35 Закона "О государственной службе Республики Казахстан" и определяют порядок применения поощрения государственных служащих Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан (далее – Министерство).

      2. Поощрения государственных служащих применяются за образцовое выполнение должностных обязанностей, безупречную государственную службу, выполнение заданий особой важности и сложности и другие достижения в работе, а также по результатам оценки их деятельности.

      3. К государственным служащим могут применяться следующие поощрения:

      1) единовременное денежное вознаграждение;

      2) объявление благодарности;

      3) награждение ценным подарком;

      4) награждение грамотой;

      5) присвоение почетного звания;

      6) иные формы поощрения, в том числе награждение ведомственными наградами.

      За одно и то же отличие государственному служащему может быть применена только одна из форм указанных поощрений и только один раз с указанием конкретных заслуг в акте государственного органа.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 31.05.2023 № 123/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. При Министерстве для обеспечения объективного подхода к награждению на постоянной основе создается Комиссия по поощрению государственных служащих Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан (далее – Комиссия).

Глава 2. Поощрения единовременным денежным вознаграждением и ценным подарком Министерства

      5. Государственные служащие структурных подразделений Министерства могут поощряться по резолюции Министра, без рассмотрения Комиссии, выполнившие особо важные задания, поручения, за конкретные результаты работы, за качественное выполнение в сжатые сроки работ особой важности и сложности, а также в связи с юбилейными датами и уходом на заслуженный отдых в связи с достижением пенсионного возраста, при наличии экономии соответствующих бюджетных средств единовременным денежным вознаграждением и награждением ценным подарком.

      6. Представления о единовременном денежном вознаграждении и награждения ценным подарком государственных служащих Министерства и его ведомств инициируются руководителями структурных подразделений Министерства по согласованию с курирующим вице-министром, руководителем аппарата и финансовой службой за конкретные результаты работы, за качественное выполнение в сжатые сроки работ особой важности и сложности и вносятся на рассмотрение Комиссии.

      Сноска. Пункт 6 – в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 31.03.2021 № 110/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Служба управления персоналом подготавливает приказ о единовременном денежном вознаграждении и награждении ценным подарком государственных служащих Министерства и вносит на подпись Министру.

Глава 3. Применения поощрения Почетной грамотой Министерства, Благодарственным письмом Министра

      8. Государственные служащие Министерства в знак признания их особых трудовых заслуг, активную общественную деятельность, за безупречную государственную службу, на основании решения Министра поощряются:

      Почетной грамотой Министерства;

      Благодарственным письмом Министра.

      9. Представления о награждении государственных служащих Почетной грамотой Министерства и Благодарственным письмом Министра рассматриваются Комиссией по случаю празднования государственных, профессиональных и иных праздников, юбилейных дат и уходе работника на заслуженный отдых в связи с достижением пенсионного возраста.

      10. Основным критерием для награждения Почетной грамотой Министерства являются:

      безупречная государственная служба, соблюдение Этического кодекса государственных служащих;

      выполнение заданий особой важности и сложности;

      образцовое выполнение должностных обязанностей;

      компетентность, добросовестность и инициативность в работе;

      активное участие в общественной жизни страны.

      11. Основанием для награждения Благодарственным письмом Министра являются:

      многолетняя и плодотворная работа в Министерстве, ведомствах, подведомственных организациях;

      образцовое выполнение должностных обязанностей, безупречная государственная служба и другие достижения в работе;

      выполнение заданий особой важности и сложности, порученных руководством Министерства.

      12. Службой управления персоналом запрашиваются представления на награждение Почетной грамотой Министерства, Благодарственным письмом Министра, подписанные руководителями структурных подразделений Министерства и согласованные с курирующим вице-министром, руководителем аппарата.

      В представлении излагаются данные, характеризующие личность награждаемого, общий трудовой стаж работы, стаж государственной службы, в том числе стаж работы в данном трудовом коллективе, его конкретные заслуги, основные результаты и достижения в работе, кратко излагаются достигнутые успехи.

      Сноска. Пункт 12 – в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 31.03.2021 № 110/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      13. Служба управления персоналом подготавливает необходимые документы и выносит вопрос о награждении государственных служащих Почетной грамотой Министерства и Благодарственным письмом Министра на рассмотрение Комиссии.

      14. По результатам решения Комиссии Служба управления персоналом подготавливает приказ о поощрении государственных служащих Министерства, который подписывается Министром.

Глава 4. Применения поощрения ведомственной наградой Министерства

      15. Представления о награждении ведомственными наградами рассматриваются по случаю празднования государственных, профессиональных, иных праздников, юбилейных дат и по достижении выслуги лет.

      16. Государственные служащие Министерства, в целях поощрения и стимулирования труда за образцовое исполнение служебных обязанностей, творческую активность, безупречную службу, другие достижения в трудовой деятельности представляются к ведомственным наградам согласно Правил награждения ведомственными наградами (лишения ведомственных наград) некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539.

      17. Руководитель аппарата Министерства в течение 10 календарных дней с момента вынесения решения Комиссией издает приказ о награждении ведомственной наградой.

      Сноска. Пункт 17 – в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 31.03.2021 № 110/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение
к Правилам применения
поощрения государственных
служащих Министерства
цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
  форма

                                    Наградной лист

      1. Фамилия, имя, отчество (при его наличии) ___________________________________

      2. Должность, место работы, службы __________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (указать точное наименование подразделения, предприятия, учреждения, организации,

      __________________________________________________________________________

                        министерства, государственного комитета)

      3. Пол ____________________________________________________________________

      4. Год и место рождения ____________________________________________________

      5. Национальность _________________________________________________________

      6. Образование ____________________________________________________________

      7. Ученая степень, ученое звание (при его наличии) _____________________________

      8. Какими государственными наградами Республики Казахстан награжден(а) и дата
награждения (при его наличии):____________________________________________________

      9. Домашний адрес: ________________________________________________________

      10. Общий стаж работы _____________________________________________________

      11. Стаж работы в отрасли __________________________________________________

      12. Стаж работы в данном трудовом коллективе ________________________________

      13. Характеристика с указанием конкретных особых заслуг награждаемого: _________

      __________________________________________________________________________

      Кандидатура обсуждена и рекомендована ______________________________________

      __________________________________________________________________________

            (наименование структурного подразделения, учреждения, организации, дата

      __________________________________________________________________________

                              обсуждения, № протокола)

      Представляется к ___________________________________________________________

                                          (вид награды)

      Руководитель Министерства Цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан
________________ _______________________________________________________________
      (подпись)                         (Ф.И.О. при его наличии)

      М.О.

      "___" _______________ _______________ ж.

                  (дата заполнения)

      Примечание: фамилия, имя, отчество (при его наличии) награждаемого заполняются по удостоверению личности и обязательно указывается транскрипция на казахском и русском языках.