Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 03.05.2020 № 40/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидалары бекітілсін.
2. Адами ресурстарды басқару департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) осы тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Атамқұлов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 100/НҚ бұйрығымен бекітілді |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеулер лауазымдық мiндеттерiн үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері, олардың қызметін бағалау нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелер, мерейтойлық даталар және еңбек сіңірген жасқа толу жағдайы бойынша қолданылады.
3. Мемлекеттік қызметшілерге мынадай көтермелеулер түрлері қолданылуы мүмкін:
1) Министрліктің ведомстволық наградасымен марапаттау;
2) Министрліктің Құрмет грамотасымен марапаттау;
3) біржолғы ақшалай сыйақы беру;
4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің (бұдан әрі – Министр) Алғыс хатымен марапаттау;
5) бағалы сыйлықпен марапаттау.
4. Марапаттауды объективті көзқараспен тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін Министрлік жанынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің наградалары жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
2-бөлім. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің ведомстволық наградалармен көтермелеуді қолдану тәртібі
5. Ведомстволық наградамен марапаттау туралы ұсыным кандидаттың сіңірген еңбегі, жетістіктері мен табыстары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мемлекеттік, кәсіби, өзге де мерекелерді, мерейтойлық даталарды мерекелеу және еңбек сіңірген жасқа толу жағдайы бойынша қаралады және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары бастамашылық етеді.
Ведомстволық наградамен марапаттау туралы ұсыным өзге де сіңірген еңбектері үшін айрықша жағдайларда да енгізіледі.
6. Министрліктің ведомстволық наградасы:
"ЕҢБЕК АРДАГЕРІ" МЕДАЛІ
"Еңбек ардагері" медалімен зейнеткерлік жасқа жеткен (нақты салаға байланыстырмай), 40 жылдан астам жалпы еңбек өтілі, оның ішінде бір салада кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар, сондай-ақ еңбек жолында аса жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлер мен тұлғалар марапатталады.
7. Ведомстволық наградамен марапаттау туралы мәселені шешу үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері Персоналды басқару қызметіне мемлекеттік және орыс тілдерінде мынадай құжаттар ұсынылады:
1) нақты сіңірген еңбектерін, үміткердің сіңірген еңбегінің дәрежесін, жетістіктері мен табыстары ведомстволық наградамен марапаттау туралы ұсынымда болуы тиіс;
2) осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі марапаттау қағазы.
8. Персоналды басқару қызметі қажетті құжаттарды дайындайды және Комиссияның қарауына ведомстволық наградамен марапаттау туралы мәселені шығарады.
9. Комиссия ведомстволық наградамен марапаттау туралы ұсыным енгізілген сәттен бастап бір ай ішінде ашық дауыс беру арқылы алқалы түрде шешім қабылдайды. Егер шешімге Комиссия мүшелері даусының жалпы санынан көпшілік дауыс берілсе, шешім қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
10. Комиссия хаттамамен ресімделетін мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) ведомстволық наградамен марапаттау туралы ұсынымды қанағаттандыру;
2) ведомстволық наградамен марапаттау туралы ұсынымды қабылдамау;
3) ведомстволық наградамен марапаттау туралы ұсынымды материалдарды толық ресімдеу үшін қайтару.
11. Министрліктің Жауапты хатшысы Комиссия шешім шығарған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде ведомстволық наградамен марапаттау туралы бұйрық шығарады.
12. Персоналды басқару қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметкердің жеке ісі мен қызметтік тізіміне жаза отырып, оның еңбек кітапшасына Қазақстан Республикасының ведомстволық наградаларымен марапаттау туралы жазба енгізеді.
3-бөлім. Министрліктің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Министрдің Алғыс хатымен көтермелеуді қолдану тәртібі
13. Министрліктің мемлекеттік қызмешілері (бұдан әрі – қызметкерлер) қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі саласындағы ерекше сіңірген еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, мінсіз мемлекеттік қызметі үшін Министрдің шешімі негізінде:
Министрліктің Құрмет грамотасымен;
Министрдің Алғыс хатымен көтермеленеді.
14. Қызметкерлерді Министрліктің Құрмет грамотасымен және Министрдің Алғыс хатымен марапаттау туралы ұсынымдарды Комиссия мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелерді атап өту жағдайына, мерейтойлық күндер және жұмыскердің зейнеткерлік жасқа толуына байланысты құрметті демалысқа шығуына орай қарайды.
15. Министрліктің Құрмет грамотасымен марапаттау үшін:
қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі саласының дамуына қосқан жеке үлесі;
мінсіз мемлекеттік қызметі, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін сақтауы;
ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындауы;
лауазымдық мiндеттерiн үлгілі атқаруы;
құзыреттілігі, адалдығы және жұмыстағы бастамашылдығы;
еліміздің қоғамдық өміріне белсенді қатысуы негізгі өлшемшарттар болып табылады.
16. Министрдің Алғыс хатымен марапаттау үшін:
қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі саласының дамуына жәрдемдесу;
Министрліктегі, ведомстволардағы, ведомстволық бағынысты ұйымдардағы көп жылғы және жемісті жұмысы;
лауазымдық мiндеттерiн үлгілі атқаруы, мінсіз мемлекеттік қызметі және жұмыстағы басқа да жетістіктері;
Министрлік басшылығы тапсырған ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындауы негізгі өлшемшарттар болып табылады.
17. Персоналды басқару қызметі Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қолдары қойылған және жетекші вице-министрмен, жауапты хатшымен келісілген Министрліктің Құрмет грамотасымен және Министрдің Алғыс хатымен марапаттауға ұсынымдарды сұратады.
Ұсынымда марапатталушының жеке басын сипаттайтын деректер, жалпы еңбек өтілі, мемлекеттік қызмет өтілі, оның ішінде қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі саласындағы жұмыс өтілі, оның нақты сіңірген еңбектері, жұмысының негізгі нәтижелері мен жетістіктері жазылып, қол жеткізілген табыстары қысқаша баяндалады.
18. Персоналды басқару қызметі қажетті құжаттар дайындайды және қызметкерлерді Министрліктің Құрмет грамотасымен және Министрдің Алғыс хатымен марапаттау туралы мәселені Комиссияның қарауына шығарады.
19. Комиссия шешімінің нәтижелері бойынша Персоналды басқару қызметі Министр қол қоятын, Министрліктің қызметкерлерін марапаттау туралы бұйрықты дайындайды.
4-бөлім. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің біржолғы ақшалай сыйақысымен және бағалы сыйлығымен көтермелеуді қолдану тәртібі
20. Министрдің қарары бойынша, Комиссияның қарауынсыз, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері ерекше маңызды тапсырмаларды орындағаны үшін, нақты жұмыс нәтижелері, ерекше маңызды және күрделі жұмыстарды қысқа мерзімде сапалы орындағаны үшін, сондай-ақ мерейтойлық күндерге және зейнеткерлік жасқа толуына байланысты құрметті демалысқа шығуына орай, бюджет қаражатын үнемдеу болған жағдайда, біржолғы ақшалай сыйақымен; бағалы сыйлықпен марапаттау арқылы көтермеленуі мүмкін.
21. Министрліктің және оның ведомстволарының қызметкерлерін нақты жұмыс нәтижелері, ерекше маңызды және күрделі жұмыстарды қысқа мерзімде сапалы орындағаны үшін біржолғы ақшалай сыйлықақымен және бағалы сыйлықпен марапаттау туралы ұсынымдарға жетекші вице-министр, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары бастамашылық етеді, жауапты хатшымен және Қаржы қызметімен келісім бойынша Комиссияның қарауына енгізіледі.
22. Персоналды басқару қызметі Министрліктің қызметкерлерін біржолғы ақшалай сыйақымен және бағалы сыйлықпен марапаттау туралы бұйрықты әзірлейді және Министрге қол қоюға енгізеді.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеулерлерді қолдану қағидаларына қосымша |
|
нысан |
Марапаттау қағазы
1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ________________________________________
2. Қызметі, жұмыс, қызмет орны____________________________________________________
(бөлімшенің, кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның, министрліктің, мемлекеттік комитеттің
нақты атауы көрсетілуі керек)
3. Жынысы______________________________________________________________________
4. Туған жылы мен туған жері_______________________________________________________
5. Ұлты_________________________________________________________________________
6. Білімі_________________________________________________________________________
7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болған жағдайда)_______________________________
8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және
марапатталу уақыты (бар болған жағдайда) _____________
9. Үйінің мекенжайы: _____________________________________________________________
10. Жалпы жұмыс өтілі ____________________________________________________________
11. Саладағы жұмыс өтілі__________________________________________________________
12. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі______________________________________________
13. Марапатталушының нақты айрықша сіңірген еңбегі көрсетілген мінездеме:
Кандидатура талқыланып, ұсынылды. _______________________________________________
(құрылымдық бөлімшенің, кәсіпорынның, мекеменің,
ұйымның атауы, талқылау күні, хаттаманың №)
Мына наградаға ұсынылады _______________________________________________________
(награданың түрлері)
Қазақстан Республикасы |
_______________________________________________ |
М.О. |
"___" _______________ _______________ ж. |
Ескертпе: Марапатталушының тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) жеке басының куәлігі бойынша толтырылып, қазақ және орыс тілдеріндегі транскрипциясы міндетті түрде көрсетіледі.