Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалауға арналған ветеринария саласындағы нысаналы индикаторларды есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 11 ақпандағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13 ақпанда № 20031 болып тіркелді.

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалауға арналған ветеринария саласындағы нысаналы индикаторларды есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 11 ақпандағы
№ 49 бұйрығымен
бекітілген

Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалауға арналған ветеринария саласындағы нысаналы индикаторларды есептеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалауға арналған ветеринария саласындағы нысаналы индикаторларды есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 46-26) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Әдістеме ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) қызметінің тиімділігін бағалауға арналған ветеринария саласындағы нысаналы индикаторларды есептеу үшін қолданылады.

      Алдағы жоспарланатын жылға ЖАО қызметінің тиімділігін бағалау үшін ветеринария саласындағы нысаналы индикаторларды есептеу жыл сайын ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін жүргізіледі.

      3. Осы Әдістеменің мақсаты нақты және шынайы мәліметтер алу, тиімді әлеуметтік және экономикалық саясатты жүргізу және ел мен өңірлерді дамыту бағдарламаларын әзірлеу үшін қажетті ветеринарияның даму деңгейі туралы толық және өзекті ақпаратты қалыптастыру болып табылады.

      4. Нысаналы индикаторларды есептеудің маңыздылығы ветеринариялық іс-шаралар талдауы мен елдегі және оның өңірлеріндегі қалыптасқан жағдайды бағалаудағы рөліне байланысты.

      5. Ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – Ведомство) ЖАО қызметінің тиімділігін бағалау үшін ветеринария саласындағы нысаналы индикаторлардың есебін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде жүргізеді.

      6. ЖАО қызметінің тиімділігін бағалауға арналған ветеринария саласындағы нысаналы индикаторлардың есептемесі мынадай нысаналы индикаторлар бойынша жүргізіледі:

      1) "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) бекітілген профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне қосылған жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалау үшін профилактика, биологиялық материал сынамаларын іріктеп алу және оларды жеткізу жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

      2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

      3) берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәліметтерді ақпараттық жүйесіне енгізу;

      4) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды ветеринария саласындағы мамандармен жинақтау;

      5) мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету.

      7. Осы Әдістеменің 6-тармағында көрсетілген барлық нысаналы индикаторларға қол жеткізу 100 балдық жүйе бойынша бағаланады, оның ішінде:

      бірінші нысаналы индикатор бойынша – 28 балл (оның ішінде, жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалық зерттеу өлшемшарты бойынша 14 балды, жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы профилактикалық вакциналау өлшемшарты бойынша 14 балды құрайды);

      екінші нысаналы индикатор бойынша – 20 балл;

      үшінші нысаналы индикатор бойынша ̶ 16 балл;

      төртінші нысаналы индикатор бойынша – 18 балл;

      бесінші нысаналы индикатор бойынша – 18 балл.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.10.2020 № 329 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. ЖАО белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізбеген жағдайда, балдар белгіленген нысаналы индикаторға қол жеткізу пайызына қарай есептеледі (мысалы, егер, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандармен жасақталуы жөніндегі нысаналы индикатор 80 пайызды (бұдан әрі ̶ %) құраса, онда осы индикатор бойынша балл тиісінше 14,4 балл (18*80%=14,4) болады, мұндағы 18 − осы Әдістеменің 7-тармағында белгіленген төртінші нысаналы индикатор үшін ең жоғары балл).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.10.2020 № 329 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9342 болып тіркелген) бекітілген әкімшілік деректер: ветеринариялық есепке алу және есептілік нысандары нысаналы индикаторларды есептеу кезінде ақпарат көздері болып табылады.

2-тарау. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалауға арналған ветеринария саласындағы нысаналы индикаторлар есептемесі

1-параграф. Уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету

      10. Нысаналы индикатор уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, сондай-ақ биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді мына өлшемшарттар бойынша анықтауға бағытталған:

      1) жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалық зерттеу;

      2) жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы профилактикалық вакциналау.

      11. Жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалық зерттеу бойынша өлшемшарттар (бұдан әрі – диагностикалау өлшемшарты) "Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9639 болып тіркелген) бекітілген Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Бұйрық) және Заңның 10-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы мен 1-1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ЖАО бекітетін ветеринариялық іс-шаралар жоспарына (бұдан әрі – Жоспар) сәйкес айқындалады.

      12. Диагностикалау өлшемшарты тиісті жылға жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалау жоспарында жоспарланған диагностикалық зерттеулердің жиынтық қорытындысы болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      D – барлық жоспарланған және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына енгізуге жататын жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалық зерттеулердің жалпы көлемі, (мың зерттеу);

      D1,D2,D3,D4.Dn– Жоспарда көзделген жануарлардың әрбір аса қауіпті ауруы бойынша жоспарланған және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына енгізуге жататын диагностикалық зерттеулердің көлемі, (мың зерттеу).

      13. Жоспарланған және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына енгізуге жататын барлық жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалық зерттеулердің жалпы көлемін азайтуды немесе ұлғайтуды көздейтін Жоспар өзгерген кезде Ведомство диагностикалау өлшемшартын түзетеді.

      14. Диагностикалау өлшемшарты ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалық зерттеулерге енгізу үлесі ретінде анықталады және мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      DD – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикалық зерттеулерін енгізу үлесі, (%);

      DD1– ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалық зерттеулердің саны, (мың зерттеу);

      DD2– жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалық зерттеулердің нақты саны, (мың зерттеу).

      Диагностиканың аталған өлшемшарты 100 % болып айқындалады.

      15. Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы профилактикалық вакциналау жөніндегі өлшемшарт (бұдан әрі – Профилактика өлшемшарты) Бұйрыққа және Жоспарға сәйкес айқындалады.

      16. Профилактика өлшемшарты тиісті жылға арналған Профилактика жоспарында жоспарланған жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы профилактикалық вакциналаудың жиынтық қорытындысы болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      V – барлық жоспарланған және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына енгізуге жататын жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы профилактикалық вакциналаудың жалпы көлемі, (мың бас);

      V1,V2,V3,V4,Vn,– Профилактика жоспарында көзделген жоспарланған және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына енгізуге жататын жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы профилактикалық вакциналаудың көлемі, (мың бас).

      17. Ведомство профилактика өлшемшартын барлық жоспарланған және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына енгізуге жататын жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы профилактикалық вакциналаудың жалпы көлемін азайтуды немесе ұлғайтуды көздейтін Жоспар өзгерген кезде түзетеді.

      18. Профилактика өлшемшарты ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы профилактикалық вакциналауды енгізу үлесі ретінде айқындалады және мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      VV – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы профилактикалық вакциналауды енгізу үлесі, (%);

      VV1 – жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы профилактикалық вакциналау саны, (мың бас);

      VV2 – жүргізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы профилактикалық вакциналаудың нақты саны, (мың бас).

      Аталған профилактика өлшемшарты 100 % болып айқындалады.

2-параграф. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнінде іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру

      19. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнінде іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырудың нысаналы индикаторы және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына енгізуге жататын мәліметтер ЖАО-ның өтінімі бойынша тиісті жылға көзделген ауыл шаруашылығы жануарларының басын бірдейлендіру көлемінің (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің нысаналы индикаторы) негізінде айқындалады.

      20. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің нысаналы индикаторы мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      I – бірдейлендіруге жататын барлық ауыл шаруашылығы жануарлары басының жалпы көлемі, (мың бас);

      I1 – бірдейлендіруге жататын ірі қара мал басының көлемі, (мың бас);

      I2 – бірдейлендіруге жататын ұсақ мал басының көлемі, (мың бас);

      I3 – бірдейлендіруге жататын түйе басының көлемі, (мың бас);

      I4 – бірдейлендіруге жататын жылқы басының көлемі, (мың бас);

      I5 – бірдейлендіруге жататын шошқа басының көлемі, (мың бас);

      I6 – бірдейлендіруге жататын басқа да ауыл шаруашылығы жануарлары басының көлемі, (мың бас).

      21. Ведомство ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің нысаналы индикаторын ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жалпы көлемін азайтуды немесе ұлғайтуды көздейтін деректер өзгерген кезде түзетеді.

      22. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқоры мен статистикалық дерекқор арасындағы ауыл шаруашылығы жануарлары басы айырмасының нысаналы индикаторы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорындағы ауыл шаруашылығы жануарлары басының деректері мен статистикалық деректер арасындағы айырма ретінде ауыл шаруашылығы жануарының түрі бойынша айқындалады және мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      IC – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқоры мен статистикалық деректер арасындағы ауыл шаруашылығы жануарлары басының айырмашылығы, (бас);

      IC1 – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорындағы ірі қара мал басының саны, (бас);

      C1 – статистикалық деректер бойынша ірі қара мал басының нақты саны, (бас);

      IC2 – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорындағы ұсақ мал басының саны, (бас);

      C2 – статистикалық деректер бойынша ұсақ мал басының нақты саны, (бас);

      IC3 – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорындағы түйе басының саны, (бас);

      C3 – статистикалық деректер бойынша түйелердің нақты саны, (бас);

      IC4 – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорындағы жылқы басының саны, (бас);

      C4 – статистикалық деректер бойынша жылқы басының нақты саны, (бас);

      IC5 – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорындағы шошқа басының саны, (бас);

      C5 – статистикалық деректер бойынша шошқа басының нақты саны, (бас);

      IC6 – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорындағы басқа ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны, (бас);

      C6 – статистикалық деректер бойынша басқа да ауыл шаруашылығы жануарларының нақты саны, (бас).

      Аталған нысаналы индикатор ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру дерекқоры мен статистикалық дерекқор арасында ауыл шаруашылығы жануарларының басы бойынша мәліметтердің алшақтығы жоқтығын көрсетеді.

3-параграф. Берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәліметтерді ақпараттық жүйесіне енгізу

      23. "Е-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешендегі салаларды басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – АЖ) берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәліметтерді, АЖ-дағы ветеринариялық модульге берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәліметтерді енгізудің нысаналы индикаторы тиісті ЖАО құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандарының енгізу үлесі ретінде анықталады және мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      VS – АЖ-ға енгізілген берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәліметтердің үлесі, (%);

      VS1– АЖ-ға енгізілген берілген ветеринариялық анықтамалардың саны, (дана);

      VS2– берілген ветеринариялық анықтамалар саны, (дана).

      Аталған нысаналы индикатор 100 % болып айқындалады.

4-параграф. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандармен жинақталуы

      24. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандармен жинақталуының нысаналы индикаторы мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандармен жасақталуының үлесі ретінде анықталады және мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      U – мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандармен жинақталу үлесі, (%);

      U1 – ЖАО құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда ветеринария саласында жұмыс істейтін мамандардың нақты саны, (штаттық бірлік);

      U2 – ветеринариялық пункттерде ветеринария саласында жұмыс істейтін мамандардың нақты саны, (штаттық бірлік);

      U3 – ЖАО құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардағы штаттық кестеге сәйкес ветеринария саласындағы мамандар саны, (штаттық бірлік);

      U4 – ветеринариялық пункттердегі штаттық кестеге сәйкес ветеринария саласындағы мамандар саны, (штаттық бірлік).

      Аталған нысаналы индикатор 100 % болып айқындалады.

5-параграф. Мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету

      25. Мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастырудың және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз етудің нысаналы индикаторы мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) күтіп-ұстауды, реконструкциялауды қамтамасыз етуге бағытталған және мынадай формула бойынша айқындалады:



      мұндағы:

      S – мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) күтіп-ұстауды, қайта жаңартуды қамтамасыз ету үлесі, (%);

      S1 – күтіп-ұстау, реконструкциялау жүргізілген мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) нақты саны, (бірлік);

      S2 – қолда бар мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) саны, (бірлік).

      Аталған нысаналы индикатор 100 % болып айқындалады.

Об утверждении методики расчета целевых индикаторов в области ветеринарии для оценки эффективности деятельности местных исполнительных органов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 11 февраля 2020 года № 49. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 февраля 2020 года № 20031.

      В соответствии с подпунктом 46-26) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую методику расчета целевых индикаторов в области ветеринарии для оценки эффективности деятельности местных исполнительных органов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии.

      2. Департаменту ветеринарной, фитосанитарной и пищевой безопасности Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
С. Омаров

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Утверждена приказом
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 11 февраля 2020 года № 49

Методика расчета целевых индикаторов в области ветеринарии для оценки эффективности деятельности местных исполнительных органов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая Методика расчета целевых индикаторов в области ветеринарии для оценки эффективности деятельности местных исполнительных органов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии (далее – Методика) разработана в соответствии с подпунктом 46-26) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" (далее – Закон).

      2. Методика применяется для расчета целевых индикаторов в области ветеринарии для оценки эффективности деятельности местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы, осуществляющих деятельность в области ветеринарии (далее – МИО).

      Расчет целевых индикаторов в области ветеринарии для оценки эффективности деятельности МИО на предстоящий планируемый год проводится ежегодно до 25 декабря текущего года.

      3. Целью настоящей Методики является получение точных и достоверных данных, формирование полной и актуальной информации об уровне развития ветеринарии, необходимой для проведения эффективной социальной и экономической политики и разработки программ развития страны и регионов.

      4. Значимость расчета целевых индикаторов обусловлена ролью при анализе ветеринарных мероприятий и оценке сложившейся ситуации в стране и ее регионах.

      5. Ведомством уполномоченного органа в области ветеринарии (далее – Ведомство) расчет целевых индикаторов в области ветеринарии для оценки эффективности деятельности МИО проводится в разрезе областей, городов республиканского значения, столицы.

      6. Расчет целевых индикаторов в области ветеринарии для оценки эффективности деятельности МИО проводится по следующим целевым индикаторам:

      1) обеспечение выполнения ветеринарных мероприятий по профилактике, отбору проб биологического материала и доставке их для диагностики особо опасных болезней животных, включенных в перечень особо опасных болезней животных, профилактика, диагностика и ликвидация которых осуществляются за счет бюджетных средств, утвержденный приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 октября 2014 года № 7-1/559 "Об утверждении нормативных правовых актов в области ветеринарии" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9891);

      2) организация проведения мероприятий по идентификации сельскохозяйственных животных;

      3) внесение сведений о выданных ветеринарных справках в информационную систему;

      4) укомплектованность государственных ветеринарных организаций специалистами в области ветеринарии;

      5) организация строительства, реконструкции скотомогильников (биотермических ям) и обеспечение их содержания.

      7. Достижение всех целевых индикаторов, указанных в пункте 6 настоящей Методики, оценивается по 100 бальной системе, из них:

      по первому целевому индикатору – 28 баллов (из них по критерию – диагностические исследования особо опасных болезней животных составляет 14 баллов, по критерию – профилактическая вакцинация против особо опасных болезней животных составляет 14 баллов);

      по второму целевому индикатору – 20 баллов;

      по третьему целевому индикатору – 16 баллов;

      по четвертому целевому индикатору – 18 баллов;

      по пятому целевому индикатору – 18 баллов.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции приказа Министра сельского хозяйства РК от 28.10.2020 № 329 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. В случае не достижений МИО, установленных целевых индикаторов, баллы высчитываются в зависимости от процента достижения установленного целевого индикатора (к примеру, если целевой индикатор по укомплектованности государственных ветеринарных организаций специалистами в области ветеринарии составляет 80 процентов (далее - %), то балл по данному индикатору соответственно будет 14,4 балла (18*80 % = 14,4), где 18 – максимальный балл для четвертого целевого индикатора, установленного пунктом 7 настоящей Методики).

      Сноска. Пункт 8 - в редакции приказа Министра сельского хозяйства РК от 28.10.2020 № 329 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Источниками информации при расчете целевых индикаторов являются административные данные: формы ветеринарного учета и отчетности, утвержденные приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 февраля 2014 года № 16-07/114 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9342).

Глава 2. Расчет целевых индикаторов в области ветеринарии для оценки эффективности деятельности местных исполнительных органов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии

Параграф 1. Обеспечение выполнения ветеринарных мероприятий по профилактике, отбору проб биологического материала и доставке их для диагностики особо опасных болезней животных

      10. Целевой индикатор направлен на определение обеспечения выполнения ветеринарных мероприятий по профилактике, а также отбору проб биологического материала и доставке их для диагностики особо опасных болезней животных определяется по следующим критериям:

      1) диагностические исследования особо опасных болезней животных;

      2) профилактическая вакцинация против особо опасных болезней животных.

      11. Критерий по диагностическим исследованиям особо опасных болезней животных (далее – критерий диагностики), определяется в соответствии с Правилами планирования и проведения ветеринарных мероприятий против особо опасных болезней животных, утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 июня 2014 года № 16-07/332 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9639) (далее – Приказ) и планом ветеринарных мероприятий по обеспечению ветеринарно-санитарной безопасности на территории соответствующей административно-территориальной единицы, утверждаемым МИО по согласованию с уполномоченным органом в области ветеринарии в соответствии с подпунктом 6) пункта 1 и подпунктом 6) пункта 1-1 статьи 10 Закона (далее – План).

      12. Критерий диагностики является суммарный итог запланированных в Плане диагностических исследований особо опасных болезней животных на соответствующий год и рассчитывается по следующей формуле:

      D = D1+D2+D3+D4+· · · +Dn,

      где:

      D – общий объем всех запланированных и подлежащих внесению в базу данных идентификации сельскохозяйственных животных диагностических исследований особо опасных болезней животных, (тысяч исследований);

      D1, D2, D3, D4, Dn – объем запланированных и подлежащих внесению в базу данных идентификации сельскохозяйственных животных диагностических исследований по каждой особо опасной болезни животных, предусмотренных в Плане, (тысяч исследований).

      13. Ведомством критерий диагностики корректируется при изменении Плана, предусматривающего уменьшение или увеличение общего объема всех запланированных и подлежащих внесению в базу данных идентификации сельскохозяйственных животных диагностических исследований особо опасных болезней животных.

      14. Критерий диагностики определяется как доля внесения в базу данных идентификации сельскохозяйственных животных диагностическим исследованиям особо опасных болезней животных и рассчитывается по следующей формуле:

     


      где:

      DD – доля внесения в базу данных идентификации сельскохозяйственных животных диагностических исследований особо опасных болезней животных, (%);

      DD1 – количество диагностических исследований особо опасных болезней животных, внесенных в базу данных идентификации сельскохозяйственных животных, (тысяч исследований);

      DD2 – фактическое количество проведенных диагностических исследований особо опасных болезней животных, (тысяч исследований).

      Данный критерий диагностики определяется как 100 %.

      15. Критерий по профилактической вакцинации против особо опасных болезней животных (далее – критерий профилактики) определяется в соответствии с Приказом и Планом.

      16. Критерий профилактики является суммарный итог запланированных в Плане профилактической вакцинации против особо опасных болезней животных на соответствующий год и рассчитывается по следующей формуле:

     


      где:

      V – общий объем всех запланированных и подлежащих внесению в базу данных идентификации сельскохозяйственных животных профилактической вакцинации против особо опасных болезней животных, (тысяч голов);

      V1, V2, V3, V4, Vn – объем запланированных и подлежащих внесению в базу данных идентификации сельскохозяйственных животных профилактической вакцинации против особо опасных болезней животных, предусмотренной в Плане, (тысяч голов).

      17. Ведомством критерий профилактики корректируется при изменении Плана, предусматривающего уменьшение или увеличение общего объема всех запланированных и подлежащих внесению в базу данных идентификации сельскохозяйственных животных профилактической вакцинации против особо опасных болезней животных.

      18. Критерий профилактики определяется как доля внесения в базу данных идентификации сельскохозяйственных животных профилактической вакцинации против особо опасных болезней животных и рассчитывается по следующей формуле:

     


      где:

      VV – доля внесения в базу данных идентификации сельскохозяйственных животных профилактической вакцинации против особо опасных болезней животных, (%);

      VV1 – количество профилактической вакцинации против особо опасных болезней животных, внесенных в базу данных идентификации сельскохозяйственных животных, (тысяч голов);

      VV2 – фактическое количество проведенных профилактической вакцинации против особо опасных болезней животных, (тысяч голов).

      Данный критерий профилактики определяется как 100 %.

Параграф 2. Организация проведения мероприятий по идентификации сельскохозяйственных животных

      19. Целевой индикатор организации проведения мероприятий по идентификации сельскохозяйственных животных, подлежащих внесению сведений в базу данных по идентификации сельскохозяйственных животных, определяется на основании объемов идентификации поголовья сельскохозяйственных животных, предусмотренных на соответствующий год по заявке МИО (далее – целевой индикатор идентификации сельскохозяйственных животных).

      20. Целевой индикатор идентификации сельскохозяйственных животных рассчитывается по следующей формуле:

     


      где:

      I – общий объем поголовья всех сельскохозяйственных животных, подлежащих идентификации, (тысяч голов);

      I1 – объем поголовья крупного рогатого скота, подлежащего идентификации, (тысяч голов);

      I2 – объем поголовья мелкого рогатого скота, подлежащего идентификации, (тысяч голов);

      I3 – объем поголовья верблюдов, подлежащих идентификации, (тысяч голов);

      I4 – объем поголовья лошадей, подлежащих идентификации, (тысяч голов);

      I5 – объем поголовья свиней, подлежащих идентификации, (тысяч голов);

      I6 – объем поголовья других сельскохозяйственных животных, подлежащих идентификации, (тысяч голов).

      21. Ведомством целевой индикатор идентификации сельскохозяйственных животных корректируется при изменении данных, предусматривающих уменьшение или увеличение общего объема идентификации сельскохозяйственных животных.

      22. Целевой индикатор разницы поголовья сельскохозяйственных животных между базой данных идентификации сельскохозяйственных животных и статистическими данными определяется по виду сельскохозяйственного животного как разница между данными поголовья сельскохозяйственных животных в базе данных идентификации сельскохозяйственных животных и статистическими данными и рассчитывается по следующей формуле:

     


      где:

      IC – разницы поголовья сельскохозяйственных животных между базой данных идентификации сельскохозяйственных животных и статистическими данными, (голов);

      IC1 – количество поголовья крупного рогатого скота в базе данных идентификации сельскохозяйственных животных, (голов);

      C1 – фактическое количество поголовья крупного рогатого скота по статистическим данным, (голов);

      IC2 – количество поголовья мелкого рогатого скота в базе данных идентификации сельскохозяйственных животных, (голов);

      C2 – фактическое количество поголовья мелкого рогатого скота по статистическим данным, (голов);

      IC3 – количество поголовья верблюдов в базе данных идентификации сельскохозяйственных животных, (голов);

      C3 – фактическое количество поголовья верблюдов по статистическим данным, (голов);

      IC4 – количество поголовья лошадей в базе данных идентификации сельскохозяйственных животных, (голов);

      C4 – фактическое количество поголовья лошадей по статистическим данным, (голов);

      IC5 – количество поголовья свиней в базе данных идентификации сельскохозяйственных животных, (голов);

      C5 – фактическое количество поголовья свиней по статистическим данным, (голов);

      IC6 – количество поголовья других сельскохозяйственных животных в базе данных идентификации сельскохозяйственных животных, (голов);

      C6 – фактическое количество поголовья других сельскохозяйственных животных по статистическим данным, (голов).

      Данный целевой индикатор показывает отсутствие расхождения сведений по поголовью сельскохозяйственных животных между базой данных идентификации сельскохозяйственных животных и статистическими данными.

Параграф 3. Внесение сведений о выданных ветеринарных справках в информационную систему

      23. Целевой индикатор внесения сведений о выданных ветеринарных справках в информационную систему "Единая автоматизированная система управления отраслями агропромышленного комплекса "Е-Agriculture" (далее – ИС) определяется как доля внесения специалистами в области ветеринарии государственных ветеринарных организаций, созданных МИО, сведений о выданных ветеринарных справках в ветеринарный модуль в ИС и рассчитывается по следующей формуле:

     


      где:

      VS – доля сведений о выданных ветеринарных справках, внесенных в ИС, (%);

      VS1 – количество выданных ветеринарных справок, внесенных в ИС, (штук);

      VS2 – количество выданных ветеринарных справок, (штук).

      Данный целевой индикатор определяется как 100 %.

Параграф 4. Укомплектованность государственных ветеринарных организаций специалистами в области ветеринарии

      24. Целевой индикатор укомплектованности государственных ветеринарных организаций специалистами в области ветеринарии определяется как доля укомплектованности государственных ветеринарных организаций специалистами в области ветеринарии и рассчитывается по следующей формуле:

     


      где:

      U – доля укомплектованности государственных ветеринарных организаций специалистами в области ветеринарии, (%);

      U1 – фактическое количество работающих специалистов в области ветеринарии в государственных ветеринарных организациях, созданных МИО, (штатных единиц);

      U2 – фактическое количество работающих специалистов в области ветеринарии в ветеринарных пунктах, (штатных единиц);

      U3 – количество специалистов в области ветеринарии в государственных ветеринарных организациях, созданных МИО, согласно штатному расписанию, (штатных единиц);

      U4 – количество специалистов в области ветеринарии в ветеринарных пунктах согласно штатному расписанию, (штатных единиц).

      Данный целевой индикатор определяется как 100 %.

Параграф 5. Организация строительства, реконструкции скотомогильников (биотермических ям) и обеспечение их содержания

      25. Целевой индикатор организации строительства, реконструкции скотомогильников (биотермических ям) и обеспечение их содержания направлен на обеспеченность содержания, реконструкции скотомогильников (биотермических ям) и определяется по следующей формуле:

     


      где:

      S – доля обеспеченности содержания, реконструкции скотомогильников (биотермических ям), (%);

      S1 – фактическое количество скотомогильников (биотермических ям) по которым проведено содержание, реконструкция, (единиц);

      S2 – количество имеющихся скотомогильников (биотермических ям), (единиц).

      Данный целевой индикатор определяется как 100 %.