"Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалауға арналған ветеринария саласындағы нысаналы индикаторларды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 11 ақпандағы № 49 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 329 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қазанда № 21569 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалауға арналған ветеринария саласындағы нысаналы индикаторларды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 11 ақпандағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20031 болып тіркелген, 2020 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалауға арналған ветеринария саласындағы нысаналы индикаторларды есептеу әдістемесінде:

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы Әдістеменің 6-тармағында көрсетілген барлық нысаналы индикаторларға қол жеткізу 100 балдық жүйе бойынша бағаланады, оның ішінде:

      бірінші нысаналы индикатор бойынша – 28 балл (оның ішінде, жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалық зерттеу өлшемшарты бойынша 14 балды, жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы профилактикалық вакциналау өлшемшарты бойынша 14 балды құрайды);

      екінші нысаналы индикатор бойынша – 20 балл;

      үшінші нысаналы индикатор бойынша ̶ 16 балл;

      төртінші нысаналы индикатор бойынша – 18 балл;

      бесінші нысаналы индикатор бойынша – 18 балл.

      8. ЖАО белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізбеген жағдайда, балдар белгіленген нысаналы индикаторға қол жеткізу пайызына қарай есептеледі (мысалы, егер, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандармен жасақталуы жөніндегі нысаналы индикатор 80 пайызды (бұдан әрі ̶ %) құраса, онда осы индикатор бойынша балл тиісінше 14,4 балл (18*80%=14,4) болады, мұндағы 18 − осы Әдістеменің 7-тармағында белгіленген төртінші нысаналы индикатор үшін ең жоғары балл).".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика

      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады