"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 05.02.2024 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырылған Ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2020 жылғы 31 наурызы № 172 бұйрығымен бекітілген |
Ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 05.02.2024 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-2-бабының 10-24) тармақшасына сәйкес әзірленді және:
тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінде ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу;
тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінен электрондық нысанда ақпаратты орталықтандырылған түрде жинау және сақтау;
тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) коммуналдық қызметтер – қауіпсіз және жайлы өмір сүру (болу) жағдайларын қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты шығаруды, лифтілерге қызмет көрсетуді қамтитын тұтынушыға көрсетілетін қызметтер;
2) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері (бұдан әрі – ТКШ ақпараттандыру объектілері) – тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар және ақпараттық жүйелер;
3) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық нысандағы ақпаратты орталықтандырылған түрде жинау және сақтаудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сы) – бұл тұрғын үй қорын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты талдау және тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру үшін ТКШ ақпараттандыру объектілерінен ақпаратты шоғырландыруды қамтамасыз ететін, мемлекеттік ақпараттық жүйе;
4) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру субъектілері (бұдан әрі – ТКШ ақпараттандыру субъектілері) –– уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, табиғи монополиялар субъектілері, мүліктің меншік иелері бірлестіктері, жай серіктестіктер, көппәтерлі тұрғын үйді басқарушылар, басқарушы компаниялар, сервистік қызмет субъектілері, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері және тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзге де субъектілер;
5) уәкілетті орган – тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. ТКШ ақпараттандыру объектілерінде электрондық нысанда ақпаратты қалыптастыру, өңдеу тәртібі
3. Электрондық нысанда ақпаратты қалыптастыру, өңдеу мақсатында ТКШ ақпараттандыру объектілері ТКШ ақпараттандыру субъектілері арасында өз құзыреті шеңберінде процестерді автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
4. Құрылатын және (немесе) дамытылатын ТКШ ақпараттандыру объектілері дамытылатын ТКШ ақпараттандыру субъектісінің құзыретіне және ТКШ ақпараттандыру объектісінің функционалдық мүмкіндіктеріне қарай ақпаратты енгізуді қамтамасыз етеді:
тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй шаруашылығы саласында:
1) көппәтерлі тұрғын үйлерді есепке алу бойынша;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10528 болып тіркелген) Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес мүліктің меншік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік не көп пәтерлі тұрғын үйді басқарушы, не кондоминиум объектілерін басқарушы компаниясы, не тікелей бірлесіп басқару кезінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің бір өкілі толтыратын көппәтерлі тұрғын үй туралы ақпарат;
3) кондоминиум объектісін күрделі жөндеуге пәтерлер және тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жарналарын есепке алу туралы;
4) көппәтерлі тұрғын үйлердің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және жөндеу жөніндегі жоспарлы іс-шаралар туралы;
5) көп пәтерлі тұрғын үйді ұстау жөніндегі мүліктің меншік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік не көп пәтерлі тұрғын үйді басқарушы, не кондоминиум объектілерін басқарушы компаниясының қызметінің қорытындылары бойынша есептер;
6) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналыстары, сондай-ақ жиналыс және дауыс беру нәтижелерінің хаттамалары туралы;
7) көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару және күтіп-ұстау бойынша өтінімдерді беру, өңдеу және орындау туралы;
8) ТКШ ақпараттандыру субъектілері арасында жасалған шарттар бойынша;
коммуналдық шаруашылық саласында:
9) коммуналдық қызметтерді жеткізушінің паспорты;
10) коммуналдық қызметтерді жеткізушілерді есепке алу туралы;
11) коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың жеке шоттары туралы;
12) коммуналдық қызметтерді есепке алудың үйге ортақ және жеке аспаптарын есепке алу туралы;
13) коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптары көрсеткіштері туралы;
14) есепке алынатын коммуналдық қызметтердің тарифтеу, есептеу, құнын төлеу туралы;
15) коммуналдық инженерлік желілері: жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, кәріздік тазарту құрылыстары, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау желілері туралы.
5. ТКШ ақпараттандыру объектілерінде электрондық нысандағы ақпаратты қалыптастыру, өңдеу, оның ішінде өзектілендіруді, толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етуді ТКШ ақпараттандыру субъектілері тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнамаға сәйкес жеке кабинет арқылы жүзеге асырады.
Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы не көппәтерлі тұрғын үйдің басқарушысы немесе басқарушы компания не тұрғын үй инспекциясы тағайындаған уақытша басқарушы компания есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне дейін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы есепті тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы ұсынады және оны жалпыға қолжетімді орындарда орналастырады.
Ай сайынғы есептер тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметтер көрсету туралы шарттың үлгілік нысанына, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептердің нысандарына сәйкес машинамен оқылатын түрде толтырылады, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 164 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20247 болып тіркелген) және кейіннен жергілікті атқарушы органдардың сақталуы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін интеграция арқылы орталықтандырылған алым АЖ-ға, сондай-ақ мүлік иелері бірлестігі төрағасының немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген тұлғасының не көппәтерлі тұрғын үйді басқарушының немесе басқарушы компанияның не тұрғын үй инспекциясы тағайындаған уақытша басқарушы компанияның талап етуі бойынша пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне беріледі.
ТКШ ақпараттандыру субъектісінің меншігінде және (немесе) иелігінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектісі болмаған жағдайда ай сайынғы есептер тіркеу кезінде жеке кабинет арқылы орталықтандырылған түрде жинау АЖ толтырылады.
6. ТКШ ақпараттандыру объектісіне қолжетімділікті оның меншік иесі және (немесе) иесі болып табылатын ТКШ ақпараттандыру субъектісі оның және ТКШ ақпараттандырудың өзге субъектісінің арасында жасалған қол жеткізу құқығына арналған келісімге сәйкес береді.
Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері осы Қағидалардың 4-тармағының 2) және 5) тармақшаларында, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй шаруашылығы саласындағы ТКШ ақпараттандыру объектілерінде ақпаратқа қол жеткізу бойынша шығыстарды көтермейді.
7. ТКШ ақпараттандыру субъектілерімен ақпаратты қалыптастыру, өңдеу, оның ішінде өзектілендіруді, толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз ету тұрақты негізде, электрондық нысанда, оның ішінде электрондық құжаттарды не электрондық нысандағы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып жүзеге асырылады.
Қағаз тасығышта жасалған құжаттар ТКШ ақпараттандыру объектілерінде құжаттардың электрондық көшірмелері нысанында орналастырылады.
8. Осы Қағидалардың 4-тармағының 5) және 6) тармақшалары бойынша ақпарат ТКШ ақпараттандыру объектілерінде оған ТКШ ақпараттандыру субъектісінің электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылғаннан кейін орналастырылады.
9. Дербес деректерді қамтитын ақпаратты өңдеуді ТКШ ақпараттандыру субъектісі ақпараттандыру және дербес деректерді қорғау саласындағы заңнаманың талаптарын қамтамасыз етуді ескере отырып жүзеге асырады.
10. ТКШ ақпараттандыру объектісінің меншік иесі және (немесе) иеленушісі болып табылатын ТКШ ақпараттандыру субъектісі осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес ТКШ ақпараттандыру объектісінен орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сына ақпаратты беруді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сында электрондық нысандағы ақпаратты орталықтандырылған түрде жинау және сақтау
11. Уәкілетті орган өзіне бағынысты ұйымды орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сы етіп Әкімшіні айқындайды.
Әкімші тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық ақпараттық ресурстардың жұмыс істеуін және қалыптастырылуын әдіснамалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ ТКШ ақпараттандыру объектілерінен алынған электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған түрде жинауды, талдауды және сақтауды, сақтауды және құпиялылықты қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
12. Ақпаратты орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сында орналастыру мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:
1) жеке кабинет арқылы;
2) ТКШ-ны ақпараттандырудың өзге де объектілерінің орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-мен өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылады.
13. Жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді және осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес орталықтандырылған алым АЖ-да қорытынды мәліметтерді толтыра отырып, жұмыс істеп тұрған көппәтерлі тұрғын үйлерді есепке алуды жүзеге асырады. Орталықтандырылған алым АЖ-дағы қорытынды мәліметтерді жаңарту және растау кезеңділігі жылына кемінде 1 рет құрайды.
14. ТКШ ақпараттандырудың өзге объектілерінің орталықтандырылған алым АЖ-мен өзара іс-қимылы арқылы ақпарат орналастырылған жағдайда ТКШ ақпараттандыру объектісінің меншік иесі және (немесе) иесі болып табылатын ТКШ ақпараттандыру субъектісі орталықтандырылған алым АЖ-ға ТКШ ақпараттандыру объектісін тіркеуге және интеграциялауға өтінім (бұдан әрі-өтінім) береді.
15. ТКШ ақпараттандыру субъектілері өтінімде өз функцияларын (құзыреттерін) орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сында оларды орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сында бар анықтамалықтан таңдау жолымен көрсетеді. Бұл ретте, егер ТКШ ақпараттандыру субъектісі көрсетілген анықтамалықта санамаланған әртүрлі функцияларға жататын қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда, ТКШ ақпараттандыру субъектісі орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сында бірнеше функцияларды көрсетеді.
16. Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сының Әкімшісі 5 жұмыс күні ішінде өтінімді қарайды және өтінімде көрсетілген электрондық мекенжайға өтінімді мақұлдау немесе бас тарту туралы ТКШ ақпараттандыру объектісінің меншік иесі және (немесе) иеленушісі болып табылатын ТКШ ақпараттандыру субъектісін хабардар етеді.
Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сының Әкімшісі өтінімнен ұсынылған ақпараттың толық болмауы жағдайларында бас тартады.
17. Өтінім мақұлданған кезінде орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сының Әкімшісі ТКШ ақпараттандыру объектісінің меншік иесі және (немесе) иеленушісі болып табылатын ТКШ ақпараттандыру субъектісімен ТКШ ақпараттандыру объектісін орталықтандырылған түрде жинау АЖ-сымен интеграциялау туралы келісім жасасады және ТКШ ақпараттандыру объектісін сынақтан өткізеді.
18. ТКШ ақпараттандыру объектісі немесе орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сы мемлекеттік органның "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерімен интеграцияланған кезде, интеграциялау Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
19. Орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сындағы ақпаратқа қол жеткізу және ақпаратты орналастыру орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар және коммуналдық қызметтерді жеткізушілер уәкілетті органмен жасасқан келісімге сәйкес жеке кабинет арқылы жүзеге асырады.
Коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру субъектілерінің меншігінде және (немесе) иелігінде ТКШ ақпараттандыру объектісі болмаған жағдайда осы Қағидарлардың 4-тармағында 9), 10), 12), 14) және 15) тармақшаларында көрсетілген мәліметтердің есебін орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сында келісімге сәйкес тіркелу кезінде жеке кабинет арқылы жүргізеді.
20. ТКШ ақпараттандыру субъектілерінің қол жеткізу құқығы мынадай жағдайларда орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сында:
1) уәкілетті органмен жасалған келісімге сәйкес қол жеткізу құқығы берілген мерзім аяқталғанда;
2) қол жеткізу құқықтарын кері қайтарып алу туралы ақпаратты орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-да орналастырғанда;
3) ТКШ ақпараттандыру субъектісі атынан орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сында іс-қимыл жасауға қол жеткізу құқығы берілген тұлғаның қол жеткізу құқығынан бас тарту туралы ақпаратты орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сында орналастырғанда;
4) өз атынан өзге тұлғаға орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сында іс-қимыл жасауға өкілеттік берген орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ пайдаланушының қол жеткізу құқықтарын тоқтатқанда;
5) тұлғаға қол жеткізу құқығы берілген негіздемелерді тоқтатқанда немесе олардың жоқ екенін анықтағанда;
6) ТКШ ақпараттандыру субъектісінің өтінімде дұрыс емес мәліметтерді орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сына ұсыну фактісі анықталғанда;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
21. ТКШ ақпараттандыру субъектілері орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сының ашық бөлігіне және тіркеу рәсімдерінен өтпей, онда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізеді.
22. Жүйенің жабық бөлігіне және онда орналастырған ақпаратқа қол жеткізу орталықтандырылған алым АЖ-да жұмыс істеуге арналған жеке кабинеттерде функционалдық мүмкіндіктер беру арқылы және (немесе) тіркеу рәсімінен келісім жасасқаннан кейін өзге де ақпарат объектілерін пайдалана отырып қамтамасыз етіледі.
23. Ақпаратты ТКШ ақпараттандыру объектілерінде сақтауды ТКШ ақпараттандыру субъектілері және орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сында уәкілетті орган қамтамасыз етеді.
24. ТКШ ақпараттандыру субъектілері Қазақстан Республикасының ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сына ақпаратты беруді жүзеге асырады.
25. Уәкілетті орган не Әкімші Қазақстан Республикасының ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, ТКШ ақпараттандыру субъектілері туралы ақпаратты береді оның ішінде ұсынады немесе таратады.
4-тарау. ТКШ саласында ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеуі
26. ТКШ ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу сенімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету ақпаратты сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылатын техникалық құралдар Қазақстан Республикасының ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы стандарттарға сәйкес жүргізіледі.
27. Пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иесінің дауыс беруі пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі сәйкестендіріле отырып, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдер пайдаланылып жүзеге асырылады.
Электрондық дауыс беру қорытындысы тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы тіркеледі.
Дауыс беру қорытындысын шығару кезінде келу тәртібімен өткізілетін жиналыста және тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектісі арқылы, жазбаша сұрау жүргізу жолымен және тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектісі арқылы пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелері берген дауыстар есепке алынады.
Электрондық құжат қалыптастырылған кезде жиналыс хаттамаларын сақтау "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.
28. Тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй қоры саласындағы ақпараттандыру объектісі электрондық құжаттағы, оның ішінде қағаз жеткізгіште басып шығарылған электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеруді қамтамасыз ету үшін ақпараттық ресурсқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
29. ТКШ ақпараттандыру объектілері коммуналдық қызметтерді тұтынушылардан өтініштерді қабылдауды және коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сымен интеграциялау жолымен беру функциясымен қамтамасыз етіледі.
30. Ақпаратты ТКШ ақпараттандыру объектісінде жеке кабинет арқылы орналастырған ТКШ ақпараттандыру субъектісі ақпараттың келіп түскен және берілген күнін белгілей отырып, ақпараттың орналастырылғанын растау туралы автоматты түрде хабарлама алады.
31. ТКШ ақпараттандыру объектілерінде функционалды пайдалану ТКШ ақпараттандыру субъектілеріне берілген қол жеткізу құқығына сәйкес жүзеге асырылады.
32. Орталықтандырылған түрде жинау АЖ уәкілетті органмен жасалған келісімге сәйкес интеграция арқылы ТКШ ақпараттандыру объектілеріне ақпарат береді.
33. ТКШ ақпараттандыру объектілері үздіксіз режимде жұмыс істеумен қамтамасыз етіледі.
34. Уәкілетті орган және ақпараттандыру объектісінің меншік иесі немесе иеленушісі:
1) ТКШ ақпараттандыру объектілерінің үздіксіз жыл бойы және тәулік бойы жұмыс істеуін;
2) ТКШ ақпараттандыру объектілерінің жұмысы істен шыққан жағдайда олардың жұмысқа қабілеттілігін тез (бір сағаттан артық емес) қалпына келтіруді;
3) орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ бағдарламалық-аппараттық кешенінің қолжетімділігін және жабдықты пайдаланудың ағымдағы жай-күйін үздіксіз қадағалауға мүмкіндік беретін ТКШ ақпараттандыру объектілері мен орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сы оқиғаларының және ағымдағы жай-күйінің мониторингін тұрақты жүргізуді, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сы жұмысының істен шығуы туралы ТКШ ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне және (немесе) иелеріне дереу хабарлама қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Жұмыс істеп тұрған көппәтерлі тұрғын үйлерді есепке алу қорытындылары бойынша тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинау мен сақтаудың ақпараттық жүйесіне (орталықтандырылған түрде жинаудың АЖ-сы) қорытынды мәліметтерді толтыру үшін кестенің міндетті өрістерінің Тізбесі
№ п/п | Өріс атауы | Сипаттама | Деректер түрі |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Үйдің кадастрлық нөмірі | Таңдау, енгізу және/немесе өзгерту кадастрлық нөмір үй. | Жол, 200 рәміздер |
2 | Жіктеуішінің коды | Мекенжай тіркелімінен әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды. | Жол, 500 рәміздер |
3 | Тіркеу коды | Үйдің мекен-жайын тіркеу коды | Жол, 16 таңба, жетекші нөлдер болады. |
4 | Нысаналы мақсаты (жоспар бойынша литер) | Үйдің нысаналы мақсатын (жоспар бойынша литерді) өзгерту мүмкіндігін ұсыну. Анықтамалықтан мәнді таңдау. | "Нысаналы мақсат" анықтамалығының мәні: Көппәтерлі тұрғын үйді (бұдан әрі – КПТ) салу және пайдалану үшін |
5 | Қор санаты | Қордың санатын өзгерту мүмкіндігін ұсыну. Анықтамалықтан мәнді таңдау. |
"Қор санаттары" анықтамалығының мәні: |
6 | Кондоминиумды тіркеудің болуы | Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеудің болуы туралы нұсқау. |
Мәндер: |
7 | Техникалық паспорттың болуы | Үйдің техникалық паспортының болуы туралы нұсқау. |
Мәндер: |
8 | Баланстық тиістілік | Баланстық тиістілікті өзгерту мүмкіндігін беру. Анықтамалықтан мәнді таңдау . |
"Баланстық тиістілік" анықтамалығының мәні: |
9 | Лифтілер саны | КПТ-да лифттердің болуы туралы нұсқау. | Бүтін теріс емес сан немесе жоқ кезде нөл |
10 | Электр қуатының болуы | КПТ-да электр қосылымының болуы туралы нұсқау. |
Мәндер: |
11 | Салынған жылы | Үй салынған жылды өзгертуге мүмкіндік беру. Пайдалануға берілген жылдан өзгеше болған жағдайда. | Бүтін теріс емес сан, пайдалануға берілген жыл. |
12 | Күрделі жөндеу | Соңғы күрделі жөндеу жүргізу <күні.айы.жылы> өзгерту мүмкіндігін беру. | Күні <күні.айы.жылы> |
13 | Үйдегі үй-жайлардың жалпы саны |
Мекенжай тіркелімінен үйдегі үй-жайлардың жалпы саны: | Бүтін теріс емес сан |
14 | Қабаттар саны | Үйдегі едендер санын өзгертуге мүмкіндік беру. | Бүтін теріс емес сан |
15 | Пәтерлер саны |
Мекенжай тіркелімінен үйдегі | Бүтін теріс емес сан |
16 | Тұрғын емес үй-жайлардың саны | Мекенжай тіркелімінен үйдегі "Тұрғын емес үй-жай" үлгісіндегі үй-жайлардың саны. | Бүтін теріс емес сан |
17 | Жылумен жабдықтау типі | Жылумен жабдықтау типін өзгертуге мүмкіндік беру. Анықтамалықтан мәнді таңдау. |
"Жылумен жабдықтау типі" анықтамалығының мәні: |
18 | Жылумен жабдықтау түрі | Жылумен жабдықтау түрін өзгертуге мүмкіндік беру. Егер жылумен жабдықтау түрі орталық болса,онда анықтамалықтан мәнді таңдау. |
"Жылумен жабдықтау түрі" анықтамалығының мәні: |
19 | Газбен жабдықтау түрі | Газбен жабдықтау түрін өзгерту мүмкіндігін беру. Анықтамалықтан мәнді таңдау. |
"Газбен жабдықтау түрі" анықтамалығының мәні: |
20 | Газ құбырының болуы | КПТ-да газ құбырының болуын өзгерту мүмкіндігін беру. |
Мәндер: |
21 | Ыстық сумен жабдықтау түрі | Ыстық сумен жабдықтау түрін өзгертуге мүмкіндік беру. Анықтамалықтан мәнді таңдау. |
"Ыстық су түрі" анықтамалығының мағынасы: |
22 | Сумен жабдықтау түрі | Сумен жабдықтау түрін өзгертуге мүмкіндік беру. Анықтамалықтан мәнді таңдау. |
"Сумен жабдықтау түрі" анықтамалығының мәні: |
23 | Су құбырының болуы | КПТ-да су құбырының болуын өзгерту мүмкіндігін беру. |
Мәндер: |
24 | Су бұрудың түрі | Су бұрудың түрін өзгертуге мүмкіндік беру. Анықтамалықтан мәнді таңдау. |
"Су бұру түрі" анықтамалығының мәні: |
25 | Кәріздің болуы | КПЖ-да кәріздің болуын өзгерту мүмкіндігін беру. |
Мәндер: |
26 | Үйге ортақ есептеу аспаптарының саны | Үйдегі жалпыүйлік есепке алу аспаптарының санын өзгерту мүмкіндігін беру. | Бүтін теріс емес сан |
27 | Үйдегі жағдай | Үйдегі жағдайды өзгертуге мүмкіндік беру. Анықтамалықтан мәнді таңдау. |
"Үйдегі жағдай" анықтамалығының мағынасы: |
28 | Үйдің шығу себебі | Үйдің шығу себебін өзгертуге мүмкіндік беру. Егер деректер өрісте болса, төлқұжат деректерін өзгерту функциясын пайдаланған кезде мән көрсетіледі. | Жол, 500 таңба |
29 | Кедергісіз ортаның болуы |
Мәндер: |