"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 15-тармағының екінші бөлігінің 39) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.09.2024 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидалары бекітілсін.
2. Мынадай:
1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 17 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13225 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 17 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 174 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14253 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Монетарлық операциялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Е. Досаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 30 қаулысымен бекітілді |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 15-тармағының екінші бөлігінің 39) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 112 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегиясына (бұдан әрі – Алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегия) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.09.2024 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) активтерді активтік басқару – кірістіліктің ауытқу өзгермелілігінің мәні (tracking error) 2 (екі) пайыздан асатын басқару түрі;
2) активтерді жетілдірілген индекстік басқару – кірістілік ауытқуының өзгермелілік мәні (tracking error) 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыздан қоса алғанда 2 (екі) пайызға дейін болатын басқару түрі. Жетілдірілген индекстік басқаруда эталондық портфельдің негізгі көрсеткіштерінен бірқалыпты ауытқуы болжанады;
3) активтерді пассивті (индекстік) басқару – кірістілік ауытқуының өзгермелілік мәні (tracking error) 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыздан аспайтын басқару түрі;
4) ақпараттық коэффициент (information ratio) – үстеме кірістілік деңгейінің кірістіліктің ауытқу өзгермелілігіне (tracking error) қатынасы;
5) арнайы жүйе – сыртқы басқарушылардың қызметін талдауға қажетті инвестициялық деректер және (немесе) талдамалық деректер базасы бар бағдарламалық қамтамасыз ету және (немесе) арнайы интернет-ресурс;
6) арнайы мандат – активтердің жекелеген сыныптары, басқару түрлері, елдер мен өңірлер деңгейінде бірегей инвестициялық тәсілдерді болжайтын инвестициялау стратегиясын қолдану арқылы активтерді әртараптандыру мақсатында сыртқы басқаруға берілетін мандат;
7) әртараптандыру – активтердің нақты сыныбына тән тәуекелдерді төмендету мақсатында оларды қаржы құралдарына және өзге мүлікке орналастыру;
8) балама құралдар – ұзақ мерзімді перспективадағы кірістілікті арттыруға арналған активтердің сыныптары (дамушы нарықтардың акциялары (Emerging Market equities), кірістілігі жоғары облигациялар (High Yield Bonds), абсолюттік кірістілік өнімдері (Absolute Return), хедж-қорлар (Hedge Funds), хедж-қорлардың қорлары (Fund of Hedge Funds) және қорлардың қорлары (Fund of Funds), жеке капитал (Private Equity), жеке борыш (Private Credit), тәуекелі жоғары бағалы қағаздар (Distressed Securities), жылжымайтын мүлікке салынатын инвестициялар (Real Estate), инфрақұрылымдық инвестициялар (Infrastructure), тікелей инвестициялар (Strategic investments and co-investments);
9) биржа нарығы – сауда-саттыққа ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелері пайдаланылатын қатынастар жиынтығы;
10) жаһандық мандат – инвестициялары бір елдің (нарықтың, өңірдің) шеңберінен шығатын портфель;
11) инвестициялық дью-дилидженс – сыртқы басқарушының инвестициялық қызметінің тиімділігін жан-жақты тексеруге және бағалауға бағытталған талдамалық іс-шаралар кешені;
12) институционалдық инвестор – ақшаны қаржы құралдарына инвестициялауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
13) консультациялық қызмет көрсетудегі активтер – сыртқы басқарушы активтерді инвестициялық басқару бөлігінде клиентке консультация беретін сыртқы басқарушының басқаруындағы активтер;
14) кірістілік ауытқуының өзгермелілігі (tracking error) – портфельдің нарықтық тәуекелінің эталондық портфельге қатысты портфель кірістілігінің эталондық портфель кірістілігінен ауытқуының өзгермелілігін көрсететін негізгі көрсеткіш;
15) мандат – белгілі бір инвестициялық сипаттамалары бар портфель;
16) маржалық шот – клиринг ұйымында ашылатын және мәмілелер бойынша кепілдендіру орналастыру және туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есеп айырысуларды жүргізу мақсатында пайдаланылатын, туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүргізуге арналған шот;
17) операциялық дью-дилидженс – сыртқы басқарушының операциялық процесінің тиімділігін жан-жақты тексеруге және бағалауға бағытталған талдамалық іс-шаралар кешені;
18) өңірлік мандат – инвестициялары бір елдің (нарықтың, өңірдің) шеңберінде шоғырландырылған портфель;
19) портфель – қаржы құралдарының жиынтығы, соның ішінде ақша;
20) портфельдік менеджері – клиенттердің активтерін басқаруға жауап беретін тұлға;
21) сыртқы басқару – Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің бір бөлігі (бұдан әрі – алтынвалюта активтерінің бір бөлігі) сыртқы басқарушының инвестициялық басқаруына берілетін активтерді басқару түрі;
22) сыртқы басқарушы – клиенттердің активтерін инвестициялық басқаруды арнайы жүргізетін және өзінің қызметін халықаралық қаржы нарықтарында жүзеге асыратын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған банк немесе ұйым;
23) сыртқы транзиттік басқару – активтерді таңдағанға және (немесе) тиісті мандат бойынша тағайындалған сыртқы басқарушыға бергенге дейін берілетін активтердің құрылымындағы өзгерістерге байланысты тәуекелдерді азайту мақсатында активтер сыртқы транзиттік басқарушыға берілетін кездегі активтерді басқарудың түрі;
24) сыртқы транзиттік басқарушы – клиенттердің активтерін сыртқы транзиттік басқаруды арнайы жүргізетін және өзінің қызметін халықаралық қаржы нарықтарында жүзеге асыратын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған банк немесе ұйым;
25) уәкілетті бөлімше –алтынвалюта активтерін (бұдан әрі - алтынвалюта активтері) басқаруды және мониторингін жүзеге асыратын Ұлттық Банк бөлімшесі;
26) Ұлттық Банк басшылығы – Ұлттық Банк Төрағасы, Ұлттық Банк Төрағасының уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары;
27) үстеме кірістілік деңгейі – нақты қол жеткізілген кірістілік деңгейі мен эталондық портфель кірістілігінің деңгейі арасындағы айырма;
28) форекс операциялары – биржа және биржадан тыс нарықтарда шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату;
29) эталондық портфель – инвестордың стратегиялық мүддесін көрсететін құралдар жиынтығы. Эталондық портфельдің кірістілігі активтерді басқару кірістілігін бағалау кезіндегі шама болады. Эталондық портфель ретінде әлемнің жетекші қаржы компаниялары не Ұлттық Банк әзірлеген және бақылайтын индекстер пайдаланылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.09.2024 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Алтынвалюта активтерінің бір бөлігін беру сыртқы басқарушыны немесе сыртқы транзиттік басқарушыны таңдау және ақшаны және (немесе) бағалы қағаздарды Ұлттық Банктің кастодиан банктегі (кастодиан банктердегі) сыртқы басқаруға немесе сыртқы транзиттік басқаруға арналған шоттарына аудару рәсімін қамтиды.
Қағидаларда балама құралдар портфелінің активтерін, сондай-ақ алтынвалюта активтерінің дамушы нарықтары портфелінің активтерін халықаралық қаржы ұйымдарының бағдарламалары шеңберінде сыртқы басқаруға беру тәртібі айқындалмайды.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.09.2024 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Сыртқы басқаруға берілетін алтынвалюта активтерінің жалпы рұқсат етілген лимиті алтынвалюта активтерінің жалпы көлемінің 30 (отыз) пайызынан аспайды.
Бір сыртқы басқарушыға сыртқы басқаруға берілетін алтынвалюта активтерінің жалпы рұқсат етілген лимиті алтынвалюта активтерінің жалпы көлемінің 5 (бес) пайызынан аспайды.
5. Қағидалардың 4-тармағында көзделген лимит асқан кезде, оның ішінде жұмыс істеп тұрған екі сыртқы басқарушы біріктірілген жағдайда, уәкілетті бөлімше сәйкессіздікті осындай асып кету туындаған күнінен бастап 3 (үш) ай ішінде жояды.
6. Алтынвалюта активтерінің бір бөлігі сыртқы басқаруға:
1) басқару түрлерімен байланысты тәуекелдер деңгейін төмендету;
2) сыртқы басқарушының тәжірибесін, талдамалық материалдарын, зерттеулері мен техникалық ресурстарын пайдалану есебінен алтынвалюта активтерін басқарудың кірістілігін ұлғайту;
3) сыртқы басқарушылардан алынған активтерді басқару саласындағы сараптаманы қолдану және консультациялар есебінен алтынвалюта активтерін басқарудың тиімділігін арттыру;
4) активтерді дербес басқару тәжірибесі жоқ активтердің жаңа сыныптарын енгізу мақсатында беріледі.
7. Сыртқы басқарушы үшін басқарудың түрін (активтік, жетілдірілген индекстік немесе пассивті (индекстік)) және эталондық портфельді таңдау алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегияда көзделген алтынвалюта активтерінің бір бөлігін басқару мақсаттарына және шектеулеріне сәйкес нарықтағы ахуалға қарай жүзеге асырылады.
8. Сыртқы басқарушыға немесе сыртқы транзиттік басқарушыға белгіленген комиссиялық сыйақы және (немесе) басқару нәтижелеріне байланысты комиссиялық сыйақы алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге немесе алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімге сәйкес төленеді.
2-тарау. Алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру тәртібі
9. Сыртқы басқарушыларды таңдау рәсімін ұйымдастыруды уәкілетті бөлімше өткізеді.
10. Уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ әлеуетті сыртқы басқарушылар үшін қолжетімді өзге ақпараттық-талдау ресурстарында жоспарланып отырған сыртқы басқарушыны таңдау туралы ақпаратты жариялайды, әлеуетті сыртқы басқарушылардың тізімін жасайды, әлеуетті сыртқы басқарушыларға ақпаратты жібереді.
Әлеуетті сыртқы басқарушының Қағидалардың 25-тармағында көзделген талаптарды алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге енгізу жөніндегі келісімі әлеуетті сыртқы басқарушының ұсынысын қараудың міндетті талабы болып табылады.
11. Әлеуетті сыртқы басқарушы Ұлттық Банкке Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес әлеуетті сыртқы басқарушыдан сұратылатын барынша қысқа ақпаратты электрондық түрде және (немесе) қағаз тасымалдағышта ұсынады. Уәкілетті бөлімшеге ақпаратты арнайы жүйеден алуға рұқсат беріледі.
12. Уәкілетті бөлімше Қағидалардың 13 және (немесе) 14-тармақтарында көзделген міндетті өлшемшарттарды ескере отырып, келіп түскен барлық әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарына салыстырмалы талдауды жүзеге асырады.
Егер әлеуетті сыртқы басқарушы Қағидалардың 13 және (немесе) 14-тармақтарында көзделген міндетті өлшемшарттарға сәйкес келсе, уәкілетті бөлімше әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұзақ тізімін (бұдан әрі – ұзақ тізім) қалыптастыру үшін Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарына салыстырмалы талдауды жүзеге асыру үшін бағалау өлшемшарттарына (бұдан әрі – Бағалау өлшемшарттары) сәйкес әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарына салыстырмалы талдау жүзеге асырады.
Әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарына салыстырмалы талдау жүзеге асырылған кезде жұмыс істеп тұрған Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерін және Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруындағы активтерді сыртқы басқарушылар бойынша Ұлттық Банктің меншікті деректерін пайдалануға рұқсат етіледі.
Әлеуетті сыртқы басқарушы ұсынған ақпаратты нақтылау мақсатында уәкілетті бөлімшеге осындай әлеуетті сыртқы басқарушыға қосымша сұратуды жіберуге рұқсат етіледі. Егер әлеуетті сыртқы басқарушы қосымша сұратылатын ақпаратты ұсынбаған жағдайда, Бағалау өлшемшарттарында тиісті өлшемшарт бойынша балл есепке алынбайды.
13. Жаһандық мандаттар бойынша сыртқы басқарушыларды таңдау үшін міндетті өлшемшарттар:
1) алтынвалюта активтерінің бір бөлігін инвестициялау болжанатын қаржы құралдарымен жұмыс тәжірибесі – кемінде 10 (он) жыл, оның кемінде 5 (бес) жылы жарияланған мандат бойынша жұмыс тәжірибесі, немесе егер әлеуетті сыртқы басқарушының басқаруында осыған ұқсас өңірлік мандаттар ғана болса – жаһандық мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) қамту пайызын құрайтын өңірлік мандаттар бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі.
Әлеуетті сыртқы басқарушының жұмыс тәжірибесін әлеуетті сыртқы басқарушымен бір тұлғаның басқарушылық бақылауында болатын заңды тұлғалардың тәжірибесін ескере отырып есептеуге рұқсат етіледі;
2) әлеуетті сыртқы басқарушының басқаруындағы клиенттер активтерінің (оның ішінде консультациялық қызмет көрсетудегі активтердің) жиынтық мөлшері – кемінде 25 (жиырма бес) миллиард АҚШ доллары баламасы;
3) әлеуетті сыртқы басқарушының басқаруындағы қарастырылып отырған мандат бойынша клиенттер активтерінің жиынтық мөлшері – кемінде 1 (бір) миллиард АҚШ доллары баламасын, не егер әлеуетті сыртқы басқарушының басқаруында осыған ұқсас өңірлік мандаттар ғана болса – жаһандық мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) қамту пайызын құрайтын өңірлік мандаттар бойынша кемінде 1 (бір) миллиард АҚШ доллары баламасы болады.
14. Арнайы мандаттар бойынша сыртқы басқарушыларды таңдау үшін міндетті өлшемшарттар:
1) әлеуетті сыртқы басқарушының алтынвалюта активтерінің бір бөлігін инвестициялау болжанатын қаржы құралдарымен жұмыс тәжірибесі – кемінде 5 (бес) жыл, оның кемінде 3 (үш) жылы жарияланған мандат бойынша жұмыс тәжірибесі, немесе егер әлеуетті сыртқы басқарушының басқаруында осыған ұқсас өңірлік мандаттар ғана болса – жаһандық мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) қамту пайызын құрайтын өңірлік мандаттар бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі болады.
Әлеуетті сыртқы басқарушының жұмыс тәжірибесін әлеуетті сыртқы басқарушымен бір тұлғаның басқарушылық бақылауында болатын заңды тұлғалардың тәжірибесін ескере отырып есептеуге рұқсат етіледі;
2) әлеуетті сыртқы басқарушының басқаруындағы клиенттер активтерінің (оның ішінде консультациялық қызмет көрсетудегі активтердің) жиынтық мөлшері – кемінде 1 (бір) миллиард АҚШ доллары баламасы;
3) әлеуетті сыртқы басқарушының басқаруындағы қарастырылып отырған мандат бойынша клиент активтерінің жиынтық мөлшері – кемінде 150 (бір жүз елу) миллион АҚШ доллары баламасы болады.
Бұл ретте бір сыртқы басқарушыға берілетін активтердің көлемі осындай сыртқы басқарушының басқаруындағы қарастырылып отырған мандат бойынша инвестициялық басқарудағы активтер көлемінің 50 (елу) пайызынан аспайды.
15. Уәкілетті бөлімшеге әлеуетті сыртқы басқарушының клиенттеріне клиенттердің активтерін басқарудың нәтижелері мен сапасы туралы сұратумен өтініш беруіне рұқсат беріледі.
16. Әлеуетті сыртқы басқарушылар ұсыныстарының салыстырмалы талдауы және әлеуетті сыртқы басқарушыларды таңдау жөніндегі ұсынымдар қамтылатын ұзақ тізім бойынша уәкілетті бөлімше дайындаған қорытынды Ұлттық Банк Төрағасына қарау үшін ұсынылады, ол қарау нәтижелері бойынша уәкілетті бөлімшенің қорытындысына бұрыштама қою арқылы әлеуетті сыртқы басқарушылардың барынша тиімді ұсыныстар бар қысқа тізімін (бұдан әрі – қысқа тізім) мақұлдайды.
Уәкілетті бөлімше сыртқы басқарушы ұсынысының талаптарын жақсарту үшін қысқа тізімдегі әлеуетті сыртқы басқарушылармен келіссөздер жүргізеді.
17. Уәкілетті бөлімше Қағидаларға 3-қосымшада көзделген инвестициялық және операциялық дью-дилидженс шеңберінде қысқа тізімдегі әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы талдау үшін бағалау өлшемшарттарына сәйкес қысқа тізімдегі әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарына қосымша бағалау жүргізеді. Қысқа тізімдегі әлеуетті сыртқы басқарушылардың балдарының жиынтық сомасы тең болған жағдайда, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында өз кеңсесін оқшаулауға келісім білдірген қысқа тізімдегі әлеуетті сыртқы басқарушының ұсынысы басымдыққа ие болады.
18. Инвестициялық шешімдер тәртібі және тәуекелдерді бақылау туралы қосымша ақпарат алу үшін инвестициялық және операциялық дью-дилидженс рәсімдерін өткізген кезде уәкілетті бөлімшенің әлеуетті сыртқы басқарушылармен кездесулер өткізулеріне және олардың кеңселеріне баруларына рұқсат етіледі.
19. Егер бұрын Ұлттық Банкпен шарттық қатынастарда болмаған әлеуетті сыртқы басқарушы сыртқы басқарушы ретінде таңдау үшін ұсынылған жағдайда, оның кеңсесіне бару міндетті болып табылады.
20. Сыртқы басқарушыларды таңдау туралы шешімді Ұлттық Банктің Басқармасы қабылдайды.
Алтынвалюта активтерін сыртқы басқаруға беру туралы келісімнен туындайтын құқықтар мен міндеттер осы сыртқы басқарушының қайта құрылуына байланысты сыртқы басқарушының заңды мұрагеріне берілген жағдайларда, сондай-ақ сыртқы басқарушы алтынвалюта активтерін сыртқы басқаруға беру туралы келісімнен туындайтын өз құқықтары мен міндеттерін басқа заңды тұлғаға (компанияға) берген жағдайларда, мұндай тұлғаларды сыртқы басқарушы ретінде таңдау Ұлттық Банк Басқармасының Қағидалардың 10, 11 және 12-тармақтарында көзделген рәсімдерді жүргізбей жүзеге асырылады.
21. Егер 3 (үш) жылдан кем емес кезеңде үстеме кірістілігінің оң деңгейі бар осыған ұқсас мандат бойынша Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруындағы активтерді сыртқы басқаруды жүзеге асыратын сыртқы басқарушы Қағидалардың 13 және (немесе) 14-тармақтарында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келсе, онда Ұлттық Банк Төрағасының шешімі бойынша оның кандидатурасы Қағидалардың 10, 11 және 12-тармақтарында көзделген рәсімдерді өткізбестен сыртқы басқарушы ретінде Ұлттық Банк Басқармасының қарауына шығарылады.
22. Бір мандат шеңберінде (бірақ басқарудың бір түрі емес) сыртқы басқарудағы активтердің шоғырлану тәуекелдерін азайту үшін жұмыс істейтін сыртқы басқарушылар саны кемінде 2 (екі) сыртқы басқарушы болады.
23. Сыртқы басқарушыларды таңдау процесін жылдамдату, жұмыс істейтін сыртқы басқарушыларды ауыстыру және сыртқы басқарушылар арасында бәсекелестікті арттыру мақсатында уәкілетті бөлімше одан әрі Ұлттық Банк Басқармасының бекітуі үшін қысқа тізімдегі әлеуетті сыртқы басқарушылар қатарынан әлеуетті сыртқы басқарушылардың резервтік тізімін (бұдан әрі – резервтік тізім) қалыптастыруға рұқсат етеді.
Уәкілетті бөлімше резервтік тізімде тұрған сыртқы басқарушылардың қызметіне мониторинг жүргізеді және жыл сайын инвестициялық және операциялық дью-дилидженс шеңберіндегі ақпаратты жаңартады.
Бекітілген резервтік тізімдегі сыртқы басқарушыға алтынвалюта активтерінің бір бөлігін беру Қағидалардың 10, 11 және 12-тармақтарында көзделген рәсімдерді жүргізбей Ұлттық Банк Басқармасы сыртқы басқарушы ретінде оны таңдау туралы шешімді қабылдағаннан кейін жүзеге асырылады.
24. Уәкілетті бөлімше алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімді жасауға байланысты шараларды және оның талаптарының орындалуына одан әрі мониторингті жүзеге асырады.
25. Алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісім мынадай:
1) Ұлттық Банктің мына:
сыртқы басқарушы эталондық портфельмен салыстырғанда портфельді басқару бойынша үстеме кірістілікке қол жеткізбеген жағдайда;
сыртқы басқарушы алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегияда белгіленген шектеулерді бұзған жағдайда;
алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегияға өзгерістер енгізген жағдайда;
сыртқы басқарушыға жазбаша хабарламаны ұсына отырып және алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімді бұзу күнін көрсете отырып Ұлттық Банк Басшылығының шешімі жағдайында, алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімді мерзімінен бұрын бұзу құқығының болуы туралы;
2) Ұлттық Банктің өзінің қалауы бойынша сыртқы басқарудағы алтынвалюта активтерінің бір бөлігін кез келген уақытта толықтыру (кері қайтарып алу) құқығының болуы туралы;
3) сыртқы басқарушының сыртқы басқаруға берілген активтерді басқаруға жауапты өз қызметкерлерінің орнын ауыстыруы туралы ақпаратты беруі туралы;
4) шот бойынша операцияларды тексеру, сондай-ақ сыртқы басқарушы, инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібі және тәуекелдер мониторингі рәсімдері туралы қосымша ақпарат алу мақсатында Ұлттық Банк қызметкерлерінің және тәуелсіз аудиторлардың сыртқы басқарушыға баруы туралы;
5) сыртқы басқаруға берілген активтермен мәмілелер бойынша сыртқы басқарушымен үлестес тұлғаларды брокерлер немесе контрәріптестер ретінде тартуға тыйым салу туралы;
6) алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегияда белгіленген кірістілік ауытқуының күтілетін өзгермелілігінің (ex-ante tracking error) лимитін бұзғаны үшін сыртқы басқарушының жауапкершілігі туралы;
7) ұқыпсыздық, міндеттемелерді қасақана орындамау немесе сыртқы басқарушы тарапынан алаяқтық салдарынан Ұлттық Банкке келтірілген ықтимал зияндар үшін сыртқы басқарушының жауапкершілігі туралы;
8) алтынвалюта активтерін басқаруды және мониторингін жүзеге асыратын Ұлттық Банктің қызметкерлеріне консультациялар беру, оқыту немесе тағылымдамадан өткізу міндеті туралы;
9) сыртқы басқарушының Ұлттық Банкке алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге сәйкес есептіліктерді тұрақты негізде ұсыну міндеттері туралы:
алдыңғы жұмыс күні жасалған операциялар бойынша күн сайынғы негіздегі есептілік;
портфельді бағалау (алтынвалюта активтерінің бір бөлігін түрлі сыныптар және валюта түрлері бойынша бөлу, портфельдің есепті айдың соңындағы құрамы, алтынвалюта активтерінің есепті айдың соңындағы нарықтық құны);
портфельдегі қозғалыс (есепті тоқсанда жасалған, түрлі сыныптар және валюталар, өтеу мерзімі, дивидендтерді және жинақталған пайыздарды төлеу бойынша сұрыпталған барлық мәмілелердің тізбесі);
портфельді басқару нәтижелерін талдау (қол жеткізген кірістілік бөлігінде портфельді басқару бойынша ай сайынғы, тоқсандық және жалпы нәтижелер, эталондық портфельмен салыстырғанда портфель тәуекелінің және кірістіліктің ауытқу өзгермелілігі (tracking error) деңгейінің көрсеткіштері);
тиісті нарықтардың жай-күйі және олардың портфельге және (немесе) макроэкономикалық шолуға ықпалы туралы есеп;
стратегияға шолу және портфель құрылымындағы неғұрлым маңызды өзгерістерді түсіндіру;
инвестициялаудың ағымдағы стратегиясы;
активтерді активті басқару үшін түрлі факторлардың портфель кірістілігіне қосқан үлесі;
10) сыртқы басқарушының сыртқы басқаруға берілген портфельдің құрамын алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге сәйкес кастодиан банктің (кастодиан банктердің) деректерімен әрбір айдың соңында немесе транзиттік кезең аяқталған күні салыстырып тексеруді жүзеге асыруы туралы;
11) сыртқы басқарушының сыртқы басқарушы мен брокердің арасындағы мәмілелерді келіскеннен кейін және растау рәсімдері аяқталғаннан кейін жүргізілген операциялар туралы ақпаратты шоғырландырылған есепке жауапты кастодиан банкке барынша қысқа мерзімде беруі туралы;
12) сыртқы басқарушының сыртқы басқарушы брокерлерін, сондай-ақ агенттерін және контрәріптестерін бекіту рәсімдері туралы ақпаратты, құжаттарды ұсынуы туралы;
13) сыртқы басқарушының асыра пайдалану мен мүдделер қақтығысы тәуекелін төмендететін, оның ішінде клиенттердің портфельдері арасында мәмілелерді тең құқылы бөлуді қамтамасыз ететін сыртқы басқарушының ішкі саясаттары мен тәуекелдерді басқару рәсімдерінің болуы туралы ақпаратты ұсынуы туралы;
14) сыртқы басқарушының алтынвалюта активтерінің бір бөлігін басқару нәтижелерн ұсыну үшін уәкілетті бөлімшемен жылына бір рет кезеңділікпен кездесу өткізуі туралы, инвестициялық шектеулерді сақтау, нарықтық жағдайды бағалау және оның портфельге және алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі инвестициялық операцияларды жүзеге асыруға ықтимал әсері туралы;
15) сыртқы басқарушының қадағалау органдары қолданған шаралары және сот талқылауларына қатысуы бойынша ақпарат беруі туралы;
16) сыртқы басқарушының Ұлттық Банкке кастодиан банкпен (кастодиан банктермен) салыстырылып тексерілген алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімді бұзу күніне портфель бойынша толық есептілікті ұсынуы туралы;
17) қазақ, орыс тілдеріндегі және тараптардың келісімі бойынша айқындалған тілдегі алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге қол қою туралы;
18) тараптардың жазбаша келісімі бойынша алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мүмкіндігі туралы талаптарды қамтиды.
26. Ұлттық Банк алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге сәйкес Ұлттық Банктің кастодиан банктегі (кастодиан банктердегі) сыртқы басқаруға арналған шоттарына ақшаны және (немесе) бағалы қағаздарды аудару арқылы алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беруді жүзеге асырады.
27. Алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру кезінде Ұлттық Банк белгілеген нысаналы өлшемдерге сәйкес портфельді қалыптастыру үшін транзиттік кезең есепке алынады. Транзиттік кезеңнің ұзақтығы 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.
28. Сыртқы басқаруға берілетін алтынвалюта активтерінің бір бөлігі Ұлттық Банктің кастодиан банктегі (кастодиан банктердегі) шоттарында және клирингтік брокердің маржалық шотында сақталады.
29. Алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға берген күннен бастап уәкілетті бөлімше алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімде белгіленген шектеулердің сақталуын тексеру, сыртқы басқарушы жасайтын мәмілелердің мониторингін жүзеге асыру, сыртқы басқарудағы тәуекел мен портфель кірістілігінің көрсеткіштерін бағалау арқылы сыртқы басқарушының қызметіне күн сайын мониторинг жүргізеді.
30. Уәкілетті бөлімше алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге сәйкес кемінде жылына бір рет сыртқы басқарушымен кездесу өткізеді немесе бейне немесе телеконференция ұйымдастырады, онда сыртқы басқарушы басқару нәтижелері туралы, инвестициялық шектеулердің сақталуы туралы есеп береді, нарықтық жағдайға және оның портфель мен алтынвалюта активтерін басқару бойынша инвестициялық операцияларды жүзеге асыруға ықтимал әсерін бағалайды.
31. Жұмыс істеп тұрған сыртқы басқарушылар жұмысының тиімділігін бағалау Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалау әдістемесі негізінде жүзеге асырылады. Ұлттық Банк басшылығы алынатын комиссиялық сыйақыны ескере отырып, сыртқы басқарушының жалпы алғанда және активтер сыныптары бойынша 3 (үш), 5 (бес) және одан астам басқару күнінен бастап жылдардағы жұмысының тиімділігіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша алтынвалюта активтерінің бір бөлігін толықтыру (алу) немесе осы сыртқы басқарушымен жұмысты жалғастыру (тоқтату), не осы мәселені Ұлттық Банк Басқармасының қарауына шығару туралы тиісті шешім қабылдайды.
32. Ұлттық Банк басшылығының шешімі бойынша алтынвалюта активтерінің бір бөлігін алып қою немесе сыртқы басқарушымен алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімді мерзімінен бұрын бұзу Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген рәсімсіз жүргізіледі.
33. Уәкілетті бөлімше сыртқы басқарушылардың басқару нәтижелері туралы есепті Ұлттық Банк Басқармасының қарауына кемінде жылына бір рет шығарады.
3-тарау. Алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы транзиттік басқаруға беру тәртібі
34. Сыртқы транзиттік басқарушыны таңдау үшін уәкілетті бөлімше әлеуетті транзиттік басқарушыларға қамту нарығы, транзиттік басқару стратегиясы және құралдар мен нарықтар сыныптары бөлігінде қызмет құны бойынша ақпарат беру туралы сұрату жібереді және келіп түскен ұсыныстарды талдайды.
35. Сыртқы транзиттік басқарушыны таңдау туралы шешімді Ұлттық Банктің Төрағасы қабылдайды.
36. Уәкілетті бөлімше алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісім жасауға және оның талаптарының орындалуына одан әрі мониторинг жүргізуге байланысты іс шараларды жүзеге асырады.
37. Алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісім мынадай талаптарды:
1) Ұлттық Банктің мына:
сыртқы транзиттік басқарушы алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімнің талаптарын бұзған жағдайда;
Ұлттық Банк басшылығының шешімі жағдайында алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімді мерзімінен бұрын бұзу құқығының болуы туралы;
2) егер мұндай іс-қимылдар алтынвалюта активтерінің бір бөлігін кез келген аяқталмаған сыртқы транзиттік басқаруын қозғамаған жағдайда Ұлттық Банктің кез келген уақытта өз ұйғарымы бойынша сыртқы транзиттік басқарудағы алтынвалюта активтерінің бір бөлігін толықтыру (кері қайтарып алу) құқығының болуы;
3) сыртқы транзиттік басқарушының сыртқы транзиттік басқаруға берілген активтерін басқаруға жауапты өз қызметкерлерінің орнын ауыстыруы туралы ақпаратты беруі туралы;
4) Ұлттық Банк қызметкерлерінің және тәуелсіз аудиторлардың шот бойынша операцияларды тексеру, сондай-ақ сыртқы транзиттік басқарушы, инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібі және тәуекелдерге мониторинг жүргізу рәсімдері туралы қосымша ақпарат алу мақсатында сыртқы транзиттік басқарушыға баруы туралы;
5) сыртқы транзиттік басқарушы тарапынан ұқыпсыздық, міндеттемелерді қасақана орындамау немесе алаяқтық салдарынан Ұлттық Банкке келтірілген ықтимал шығыстар үшін сыртқы транзиттік басқарушының жауапкершілігі туралы;
6) сыртқы транзиттік басқарушының сыртқы транзиттік басқарушы мен брокердің арасындағы мәмілелерді келіскеннен кейін және растау рәсімдері аяқталғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілген операциялар туралы ақпаратты шоғырландырылған есепке жауапты кастодиан банкке беруі туралы;
7) сыртқы транзиттік басқарушының сыртқы транзиттік басқарушы брокерлерін, сондай-ақ агенттерін және контрәріптестерін бекіту рәсімдері туралы ақпаратты, құжаттарды ұсынуы туралы;
8) асыра пайдалану және мүдделер қақтығысы тәуекелін азайтатын, оның ішінде клиенттердің портфельдері арасында мәмілелерді тең құқылы бөлуді қамтамасыз ететін сыртқы транзиттік басқарушының тәуекелдерін басқарудың ішкі саясаттары мен рәсімдерінің болуы туралы ақпаратты сыртқы транзиттік басқарушының ұсынуы туралы;
9) сыртқы транзиттік басқарушының алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімге сәйкес транзиттік кезең аяқталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке мынадай есептіліктерді ұсыну міндеті туралы:
транзиттік кезең ішінде сыртқы транзиттік басқарушы және оның үлестес брокерлері (дилерлері) және фьючерстік мәмілелер бойынша брокерлері жасаған бағалы қағаздармен барлық мәмілелер бойынша есептілік;
мәмілені орындау құнындағы айырманы, брокерлердің комиссиялық сыйақысын, нарықтың ықпалын, форекс операциялары бойынша валюталарды сатып алу және сату бағамдарының айырмасын, транзиттік кезең аяқталған күнгі салықтарды және жіберіп алған пайданы қоса алғанда, алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы транзиттік басқаруды орындау нәтижелері туралы есеп;
тиісті нарықтардың жай-күйі және олардың портфельге ықпалы жөнінде есеп;
стратегияға шолу және портфель құрылымындағы неғұрлым маңызды өзгерістерді түсіндіру;
10) сыртқы транзиттік басқарушының қадағалау органдары қабылдаған шаралар және сот талқылауларына қатысуы жөніндегі ақпаратты ұсынуы;
11) транзиттік кезең аяқталған сәтте сыртқы транзиттік басқарушының алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімге сәйкес кастодиан банкпен (кастодиан банктермен) салыстырып тексерілген транзиттік кезең аяқталған күнгі портфель бойынша толық есептілікті ұсынуы;
12) қазақ, орыс және тараптардың келісімі бойынша айқындалған тілде алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімге қол қою;
13) тараптардың келісімі бойынша алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мүмкіндігі.
38. Ұлттық Банк алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімге сәйкес Ұлттық Банктің кастодиан банктегі (кастодиан банктердегі) сыртқы транзиттік басқаруға арналған шоттарына ақшаны және (немесе) бағалы қағаздарды аудару арқылы алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы транзиттік басқаруға беруді жүзеге асырады.
Алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы транзиттік басқарушыға беру 12 (он екі) айдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.
39. Алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы транзиттік басқаруға берген кезде Ұлттық Банк белгілеген нысаналы өлшемдерге сәйкес портфельді қалыптастыру үшін транзиттік кезең есепке алынады. Транзиттік кезеңнің ұзақтығы 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.
40. Сыртқы транзиттік басқаруға берілетін алтынвалюта активтерінің бір бөлігі Ұлттық Банктің кастодиан банктегі (кастодиан банктердегі) шоттарында және клирингтік брокердегі маржалық шотында сақталады. Алтынвалюта активтерін Ұлттық Банк пен сыртқы транзиттік басқарушының арасында осындай шот бойынша операцияларды жүргізу талаптары туралы келісім немесе алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімде осындай шот бойынша операцияларды жүргізу талаптары болған кезде үшінші тұлғада ашылған сыртқы транзиттік басқарушының маржалық шотында орналастыруға рұқсат беріледі.
41. Алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы транзиттік басқаруға берген күннен бастап уәкілетті бөлімше сыртқы транзиттік басқарушының қызметіне күн сайын мониторинг жүргізеді: алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімде көрсетілген шектеулердің сақталуы тексеріледі, сыртқы транзиттік басқарушы жасайтын мәмілелерге мониторинг жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларына 1-қосымша |
Әлеуетті сыртқы басқарушыдан сұратылатын ең аз ақпарат
1. Әлеуетті сыртқы басқарушының қарастырылып отырған мандат түрі бойынша жұмыс тәжірибесі.
2. Әлеуетті сыртқы басқарушының басқаруындағы (басқаруында болған) клиенттерінің соңғы 5 (бес) жылдағы активтерінің көлемі, оның ішінде:
1) басқарудағы (болған) жалпы активтер көлемі;
2) қарастырылып отырған мандат түрі бойынша активтер көлемі;
3) институционалдық клиенттердің активтерінің көлемі (орталық банктердің активтерін қоса алғанда);
4) бөлек шоттар бойынша активтердің көлемі.
3. Сыртқы басқаруға берілген активтер үшін жауапты болатын портфельдік менеджерлер және клиенттермен байланыс жөніндегі менеджерлер туралы ақпарат.
4. Әлеуетті сыртқы басқарушының инвестициялық блогының қызметкерлері арасындағы соңғы 10 (он) жыл ішіндегі қызметкердің қозғалысы туралы ақпарат (портфельдік менеджерлер, талдаушылар және трейдерлер).
5. Инвестициялық процесті, портфельді басқару әдістерін, нарықты зерттеуді, қаржылық ақпараттың пайдаланылатын көздерін немесе қаржы құралдарын бағалау модельдерін жан-жақты сипаттау.
6. Активтік нарықтық тәуекелді модельдеу, мониторинг жүргізу және басқару қалайша жүзеге асырылады (егер қарастырылып отырған мандат түрі активтік басқаруға жататын болса).
7. Тәуекелдер мониторингі және оларды басқару бойынша арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы.
8. Осыған ұқсас мандат бойынша соңғы 5 (бес) жылда эталондық портфельдің түрі бойынша осындай немесе осыған жақын портфельді басқарудың тарихи нәтижелері.
9. Қаржылық және талдамалық есептіліктерде қолданылатын кірістілікті, тәуекелді есептеу үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді сипаттау.
10. Ішкі корпоративтік басқаруды қысқаша сипаттау.
11. Алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімнің талаптары бұзылған жағдайда, сыртқы басқарушының Ұлттық Банк алдындағы жауапкершілігі, оның ішінде алтынвалюта активтерін басқарудың инвестициялық стратегиясында белгіленген кірістіліктің ауытқуының күтілетін өзгермелілігі (ex-ante tracking error) шегін бұзғаны үшін және сыртқы басқарушының абайсыздығы, әдейі орындамауы немесе алаяқтық салдарынан Ұлттық Банктің ықтимал шығындары үшін жауапкершілік.
12. Клиентті сыртқы басқарушының қателерінен қорғау үшін пайдаланылатын сақтандырудың түрлері туралы ақпарат.
13. Оқуды ұйымдастыру талаптары.
14. Сыртқы басқару үшін комиссиялық сыйақының болжанып отырған деңгейі туралы ақпарат.
15. Әлеуетті сыртқы басқарушының соңғы қаржылық жылға аудиттелген қаржылық есебі.
16. Сыртқы басқарушының асыра пайдаланушылық және мүдделер қайшылығы тәуекелін төмендету мәселелерін регламенттейтін ішкі саясаттары мен рәсімдері, оның ішінде клиенттердің портфельдері арасында мәмілелердің тең құқылы және әділ бөлінуін қамтамасыз ету, сыртқы басқарушы брокерлерінің, агенттерінің және контрәріптестерінің тізімін және оларды бекіту рәсімдерін тексеру.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларына 2-қосымша |
Әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарына салыстырмалы талдауды жүзеге асыру үшін бағалау өлшемшарттары
№ | Бағалау өлшемшарттары |
Өлшемшарттарға берілетін |
1. | Портфельді басқарудың тарихи нәтижелері (өңірлік мандаттарға арнайы және жаһандық мандат бойынша басқарушыны таңдауға қатысатын әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарына салыстырмалы талдау жүргізген кезде көрсеткіштердің тиісті мандаттың қамтылуына қарай нормасы белгіленеді) | 35 балл |
соңғы 3 (үш) – 5 (бес) жылдағы жылдық геометриялық үстеме кірістілік (егер үстеме кірістілік көрсеткіші 5 (бес) жылдан кем кезеңде оң болса, көрсеткіштің 5 (бес) жылдық кезеңге қатысты нормасы белгіленеді) | 40 пайыз | |
ақпараттық коэффициенттің соңғы 3 (үш) – 5 (бес) жылдағы орташа арифметикалық көрсеткіші (егер ақпараттық коэффициенттің көрсеткіші 5 (бес) жылдан кем кезеңде оң болса, көрсеткіштің 5 (бес) жылдық кезеңге қатысты нормасы белгіленеді) | 60 пайыз | |
2. | Ұйым және Активтер | 15 балл |
ұйымның капитал құрылымына қызметкерлердің қатысуы (employee owned) | 25 пайыз | |
басқарылатын активтердің орташа жылдық өзгерісі (пайызбен) (соңғы 3 (үш) – 5 (бес) жылдағы немесе басқарудың басынан бастап жылыстаулар мен түсімдер) | 25 пайыз | |
осы қарастырылатын мандат бойынша активтер көлемінің басқарудағы жалпы активтерге қатысты пайызы (өңірлік мандаттарға арнайы және жаһандық мандат бойынша басқарушыны таңдауға қатысатын әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарына салыстырмалы талдау жүзеге асырған кезде өңірлік мандаттар бойынша активтердің көлемі пайдаланылады. Бұл мәннің тиісті мандаттың қамтылуына байланысты нормасы белгіленеді) | 25 пайыз | |
институционалдық инвесторлардың активтері көлемінің басқарудағы жалпы активтерге қатысты үлесі | 25 пайыз | |
3. | Командасы | 15 балл |
тиісті мандат бойынша активтерді басқаруға жауапты портфельдік менеджерлердің және талдаушылардың орташа жұмыс тәжірибесі | 50 пайыз | |
компания бойынша жалпы алғанда инвестициялық блок қызметкерлерінің (портфельдік менеджерлер, талдаушылар, трейдерлер) арасында қызметкердің қозғалысы (ең төмен мәні ескеріледі) | 50 пайыз | |
4. | Сыртқы басқарушының әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен клиенттердің мүдделерін сақтандыру түрінің болуы | 5 балл |
5. | Басқару үшін төленетін комиссиялық сыйақының деңгейі | 20 балл |
базалық комиссиялық сыйақының деңгейі | 75 пайыз | |
сыртқы басқарушы басқаруды бастаған күннен бастап өткен кезеңдердегі осыған ұқсас көрсеткіштерден асатын оң үстеме кірістілікке қол жеткізген жағдайда сыртқы басқару нәтижелері бойынша комиссиялық сыйақыны төлеу қағидатын (net new high basis since inception) қабылдау | 10 пайыз | |
сыртқы басқару нәтижелері бойынша комиссиялық сыйақыны есептеу басталатын үстеме кірістіліктің базалық комиссиялық сыйақыдан төмен емес ең төменгі шегін белгілеуді қабылдау | 10 пайыз | |
сыртқы басқару нәтижелері бойынша комиссиялық сыйақыны бірнеше жыл бойы бөліп-бөліп төлеу талаптарын белгілеуді қабылдау | 5 пайыз | |
6. | Ұлттық Банктің мамандарын оқыту | 10 балл |
1 (бір) – 2 (екі) аптаға созылатын қысқа мерзімді оқу | 50 пайыз | |
1 (бір) айдан көпке созылатын тағылымдамадан және (немесе) іссапардан өту мүмкіндігін ұсыну | 50 пайыз |
Ескертпе:
1. Әлеуетті сыртқы басқарушының ұсыныстарын бағалау олардың маңыздылығына сәйкес барлық бағалау өлшемшарттары бойынша балдардың сомасы болып табылады.
2. Балдарды есептеу үшін әрбір көрсеткіш барлық әлеуетті сыртқы басқарушылар бойынша қарастырылған өлшемшарттағы ең жақсы көрсеткішке қатысты нормалануға тиіс.
Бұл ретте әлеуетті сыртқы басқарушының нормаланған көрсеткіші – бұл сыртқы басқарушы көрсеткішінің қарастырылып отырған өлшемшарт бойынша көрсеткіштің ең жоғарғы мәніне қатынасы.
3. Егер сыртқы басқарушы жарияланған мандаттың бойынша активтерді басқа мандаттың шеңберінде басқарса, онда осы активтерді басқарудың нәтижелерін басқа мандаттың шеңберінде бағалау жүзеге асырылады.
4. Ұлттық Банк қызметкерлерін оқытуды бағалау кезінде мынадай көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады:
Көрсеткіш | Көрсеткішке берілетін балл |
Сыртқы басқарушы ұшу, тұру, тамақтану ақысын төлейді | 1 |
Сыртқы басқарушы тұру, тамақтану ақысын төлейді | 0.5 |
Сыртқы басқарушы тұру ақысын төлейді | 0.2 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларына 3-қосымша |
Инвестициялық және операциялық дью-дилидженс шеңберінде қысқа тізімдегі әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарына салыстырмалы талдауды жүзеге асыру үшін бағалау өлшемшарттары
1-кесте. Сандық талдау
№ | Бағалау өлшемшарттары |
Өлшемшарттарға берілетін | ||
Активті басқару | Жетілдірілген индекстік басқару | Пассивтік (индекстік) басқару | ||
1. | Тәуекел есепке алынған тарихи кірістілік көрсеткіштері | 40 балл | 50 балл | |
соңғы 3 (үш) – 5 (бес) жылдағы жылдық геометриялық үстеме кірістілік | 15 пайыз | 20 пайыз | 30 пайыз | |
соңғы 3 (үш) – 5 (бес) жылдағы ақпараттық коэффициенттің орташа арифметикалық көрсеткіші | 30 пайыз | 30 пайыз | 50 пайыз | |
Шарп коэффициенті | 15 пайыз | 25 пайыз | 20 пайыз | |
Сортино коэффициенті | 40 пайыз | 25 пайыз | - | |
2. | Тарихи нәтижелердің тұрақтылығын бағалау көрсеткіштері | 30 балл | ||
Кірістіліктің ауытқу өзгермелілігі (tracking error) деңгейі | 20 пайыз | 40 пайыз | 50 пайыз | |
Эталоннан асу коэффициенті | 30 пайыз | 40 пайыз | 50 пайыз | |
Эксцесс коэффициенті (kurtosis) | 10 пайыз | - | - | |
Үстеме кірістілік көрсеткішінің ауқымы | 20 пайыз | - | - | |
Эталонға қарсы портфель нәтижелерінің асып кету ұзақтығы (айлармен) | 20 пайыз | 20 пайыз | - | |
3. | Төмендеу тәуекелінің көрсеткіштері | 30 балл | 20 балл | |
Кірістіліктің ауытқу өзгермелілігі (tracking error) ең төменгі шекті мәннен де төмен | 10 пайыз | 10 пайыз | - | |
Орташа шығын | 10 пайыз | 15 пайыз | 25 пайыз | |
Эталонға қарсы портфельдің қанағаттанарлықсыз нәтижелерінің ұзақтығы (айлар бойынша) | 25 пайыз | 15 пайыз | - | |
Ең көп шығын | 15 пайыз | 20 пайыз | 25 пайыз | |
Портфель құнының неғұрлым төмен түсуі | 30 пайыз | 20 пайыз | 25 пайыз | |
Портфель нәтижелерін қалпына келтіру ұзақтығы | 10 пайыз | 20 пайыз | 25 пайыз |
2-кесте. Сапалық талдау
Бағалау өлшемшарттары | Қанағаттанарлық (Қанағаттанарлықсыз) |
1.Инвестициялық процесс | |
1.1 Инвестициялық портфельді қалыптастыру | |
ұсынылып отырған инвестициялық өнімнің инвестициялық стратегиясының тиісті шектеулерін және лимиттерін бағалау | |
талдамалық зерттеулерді пайдалану және инвестициялық идеяларды енгізу | |
портфельді басқару нәтижелерінің мәлімделген стильге сәйкестігін бағалау | |
1.2.Қаржы құралдарын сатып алу немесе сату бойынша шешімдер қабылдау барысы | |
шешімдер қабылдау моделі | |
қаржы құралдарын сату кезінде түсінікті және жүйелі тәртіптің, сондай-ақ шығындардың шектеулерін белгілеу бойынша рәсімдердің болуы (stop-loss) | |
2.Мониторинг жүргізу мен бақылау жасаудың және ішкі рәсімдері | |
2.1. Тәуекелдерді басқару барысы | |
портфель тәуекелдерін басқару бойынша сыртқы басқарушы жұмысының ішкі тәртібі немесе регламенті | |
портфель тәуекелдеріне мониторинг жүргізу және оларды басқару бойынша арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету бар болуы | |
2.2.Сауда мәмілелерін жүзеге асыру барысы | |
контрәріптестерді және сауда алаңдарын таңдау мен бекіту рәсімдерін қоса алғанда, мәмілелерді неғұрлым жақсы орындау саясатының (Best Execution Policy) бар болуы | |
комплаенс және деректерді салыстырып тексеру рәсімдерінің бар болуы | |
бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізу |
Ескертпе:
1. Қысқа тізімнен әлеуетті сыртқы басқарушының ұсыныстарын бағалау олардың маңыздылығына сәйкес 1-кестеде келтірілген барлық бағалау өлшемшарттары бойынша балдардың сомасы болып табылады.
2. Баллдарды есептеу мақсатында әрбір көрсеткіш қысқа тізімдегі барлық әлеуетті сыртқы басқарушылар бойынша қарастырылып отырған өлшемшарттардағы неғұрлым жақсы көрсеткішке қатысты нормалануға тиіс. Бұл ретте нормаланған көрсеткіш – қысқа тізімдегі сыртқы басқарушы көрсеткішінің қарастырылып отырған өлшемшарттар бойынша көрсеткіштің ең жоғары мәніне қатынасы.
3. Сапалық талдау шеңберінде инвестициялық процесті және әлеуетті сыртқы басқарушыны бақылау мен мониторингтің ішкі рәсімдерін бағалау кезінде көрсеткіштердің мынадай жүйесі пайдаланылады, олардың өлшемшарттары 2-кестеде келтірілген:
Көрсеткіш | Көрсеткішке берілетін балл |
Қанағаттанарлық – әлеуетті сыртқы басқарушының процесі және (немесе) рәсімдері мәлімделген мәртебеге сәйкес келеді, түсінікті әрі жеңіл түсіндіріледі | 1 |
Қанағаттанарлықсыз – әлеуетті сыртқы басқарушының процесі және (немесе) рәсімдері мәлімделген мәртебеге сәйкес келмейді, тиімді, бірақ шешімдерді компания ішінде іске асыру бөлігінде проблемалар бар | 0 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларына 4-қосымша |
Сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалау әдістемесі
1. Сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалау осы Әдістемеде көзделген сандық және сапалық көрсеткіштерге сәйкес сыртқы басқарушыға балл белгілеу арқылы жүзеге асырылады.
2. Сандық көрсеткіштер:
ақпараттық коэффициент (Information ratio).
Ақпараттық коэффициент | Белгіленген балл |
>1 | 3 балл |
0,5 - 1 | 2 балл |
0 – 0,5 | 1 балл |
0 | 0 балл |
(-) 0,5 - 0 | (-) 1 балл |
(-) 1 - (-) 0,5 | (-) 2 балл |
<(-) 1 | (-) 3 балл |
3. Сапалық көрсеткіштер:
1) қызметкерді ауыстыру (Staff turnover).
Қызметкердің орнын ауыстыру | Белгіленген балл |
> 30 | (-) 0,5 балл |
5 - 30 | (-) 0,25 балл |
0 - 5 | 0 балл |
2) операциялық тәуекел (Operational risk).
Алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқарушыға беру туралы келісімде сыртқы басқарушы үшін белгіленген инвестициялық стратегиясында көзделген шектеулерді операциялық қате салдарынан әрбір бұзу фактісі үшін бағадан 0,2 (нөл бүтін оннан екі) балл алып тасталады.
3) іскерлік этиканы сақтау (compliance with a Code of Business Ethics).
Сыртқы басқарушының іскерлік этиканы әрбір бұзу фактісі үшін бағадан 0,5 (нөл бүтін оннан бес) балл алып тасталады.
Клиенттің тапсырмаларын жүйелі түрде уақтылы орындалмаған кезде бағадан 0,5 (нөл бүтін оннан бес) балл алып тасталады.
4. Тиімділіктің қорытынды бағасы сандық және сапалық көрсеткіштер бойынша балдар сомасы ретінде есептеледі.