Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 30 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20249 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 15-тармағының екінші бөлігінің 39) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 15-тармағының екінші бөлігінің 39) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 112 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегиясына (бұдан әрі – Алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегия) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) балама құралдар – ұзақ мерзімді перспективадағы кірістілікті арттыруға арналған активтердің сыныптары (дамушы нарықтардың акциялары (Emerging Market equities), кірістілігі жоғары облигациялар (High Yield Bonds), абсолюттік кірістілік өнімдері (Absolute Return), хедж-қорлар (Hedge Funds), хедж-қорлардың қорлары (Fund of Hedge Funds) және қорлардың қорлары (Fund of Funds), жеке капитал (Private Equity), жеке борыш (Private Credit), тәуекелі жоғары бағалы қағаздар (Distressed Securities), жылжымайтын мүлікке салынатын инвестициялар (Real Estate), инфрақұрылымдық инвестициялар (Infrastructure), тікелей инвестициялар (Strategic investments and co-investments);";
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қағидаларда балама құралдар портфелінің активтерін, сондай-ақ алтынвалюта активтерінің дамушы нарықтары портфелінің активтерін халықаралық қаржы ұйымдарының бағдарламалары шеңберінде сыртқы басқаруға беру тәртібі айқындалмайды.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Т. Сулейменов |