"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
К. Ускенбаев |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 27 наурызы № 159 бұйрығына қосымша |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қағидалар жаңа редакцияда көзделген – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.06.2024 № 232 бұйрығымен (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі).
Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-2-бабының 10-18) тармақшасына сәйкес әзірленді және жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу процесінде туындайтын қатынастарды реттейді.
2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) пәтер - көппәтерлі тұрғын үйдің бір бөлігі болып табылатын, тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын жеке тұрғын үй;
2) тұрғын үй-құрылыс кооперативі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындағанға дейін әрекет ететін, көппәтерлі тұрғын үйді салу және кейіннен тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшелері арасында пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды енгізген пай жарналарының сомасына сәйкес бөлу мақсатындағы жеке тұлғалардың коммерциялық емес бірлестігі;
3) пай жарнасын төлеу туралы анықтама - тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшесінің пәтерге меншік құқығын тіркеу үшін негіз болып табылатын пай жарнасын және өзге де белгіленген жарналарды толық төлегеннен кейін тұрғын үй-құрылыс кооперативі беретін құжат;
4) жергілікті атқарушы орган - тиісті аумақта сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атқарушы органы;
5) атқарушы орган - тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басқармасы (төрағасы).
2-тарау. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу тәртібі
3. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеуді (бұдан әрі - қатысу шарты) тиісті аумақта сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басқармасының (төрағасының) ұсынысы бойынша (бұдан әрі - атқарушы орган) жүзеге асырады.
4. Атқарушы орган осы Қағидаларға сәйкес қатысу шартын жасаған күннен бастап 10 (он) күн ішінде жергілікті атқарушы органдарға тіркеу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама көшірмесі;
3) тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарының түпнұсқалары (тұрғын үй-құрылыс кооперативінің әрбір мүшесінен бір-бір данадан);
4) тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
5) тұрғын үй-құрылыс кооперативінің атқарушы органы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттар (жеке куәлігі, құрылтай жиналысының хаттамасы).
5. Жергілікті атқарушы органдар 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды қарайды.
Ұсынылған құжаттарды қараудың нәтижесі қатысу шарттарын тіркеу не осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген негіздер бойынша қатысу шарттарын тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Қатысу шарттарын тіркеуден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) ұсынылған қатысу шарттарының тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының үлгілік нысанына сәйкес келмеген;
2) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған.
7. Қатысу шарттарын тіркеу рәсімі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) жазба енгізуді қамтиды.
Тізілім қағаз тасығышта жасалады, нөмірленеді, тігіледі және жергілікті атқарушы органның мөрімен бекітіледі.
8. Тізілімге мәліметтер енгізгеннен кейін жергілікті атқарушы орган атқарушы органның өтініші негізінде ішінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысу шарттарын тіркеу туралы үзінді береді.
9. Атқарушы орган тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу туралы үзіндіні алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны танысу үшін тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелеріне береді.
10. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарына қосымша келісімдерді тіркеу тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу рәсімдеріне ұқсас жүзеге асырылады.
Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын/тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарына қосымша келісімдерді тіркеу туралы өтініш
Ұсынылған құжаттар негізінде, Сізден Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу тізіліміне жазба енгізе отырып, тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын/тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы қосымша келісімдерді тіркеу жүргізуді сұраймыз.
Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің атауы
_______________/_____________________________/ 20__ ж. "___"____
Қолы төрағаның Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу тізілімі
Тұрғын үй-құрылыс кооперативі туралы мәліметтер (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және заңды/нақты мекенжайы | Құрылыс объектісі туралы мәліметтер (орналасқан жері, объектінің техникалық сипаттамасы) | Құрылыстың басталу және аяқталу мерзімдері туралы мәліметтер | Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының нөмірі және күні | Тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшесінің пайларының саны туралы мәліметтер | Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы деректер (нөмірі және күні) | Шартты тоқтату (нөмірі, күні, негіздемесі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу туралы үзінді
Тұрғын үй-құрылыс кооперативі туралы мәліметтер (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және заңды/нақты мекенжайы) | Құрылыс объектісі туралы мәліметтер (орналасқан жері, объектінің техникалық сипаттамасы) | Құрылыстың басталу және аяқталу мерзімдері туралы мәліметтер | Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының нөмірі және күні | Тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшесінің пайларының саны туралы мәліметтер | Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы деректер (нөмірі және күні) | Шартты тоқтату (нөмірі, күні, негіздемесі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Басшы _____________ ______________________
(қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Ескертпе: Үзінді жергілікті атқарушы органның елтаңбасы бар мөрмен бекітіледі