Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 27 наурыздағы № 159 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20262 болып тіркелді.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 27 наурызы
№ 159 бұйрығына
қосымша

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қағидалар жаңа редакцияда көзделген – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.06.2024 № 232 бұйрығымен (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі).

Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-2-бабының 10-18) тармақшасына сәйкес әзірленді және жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу процесінде туындайтын қатынастарды реттейді.

      2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) пәтер - көппәтерлі тұрғын үйдің бір бөлігі болып табылатын, тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын жеке тұрғын үй;

      2) тұрғын үй-құрылыс кооперативі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындағанға дейін әрекет ететін, көппәтерлі тұрғын үйді салу және кейіннен тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшелері арасында пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды енгізген пай жарналарының сомасына сәйкес бөлу мақсатындағы жеке тұлғалардың коммерциялық емес бірлестігі;

      3) пай жарнасын төлеу туралы анықтама - тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшесінің пәтерге меншік құқығын тіркеу үшін негіз болып табылатын пай жарнасын және өзге де белгіленген жарналарды толық төлегеннен кейін тұрғын үй-құрылыс кооперативі беретін құжат;

      4) жергілікті атқарушы орган - тиісті аумақта сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атқарушы органы;

      5) атқарушы орган - тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басқармасы (төрағасы).

2-тарау. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу тәртібі

      3. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеуді (бұдан әрі - қатысу шарты) тиісті аумақта сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басқармасының (төрағасының) ұсынысы бойынша (бұдан әрі - атқарушы орган) жүзеге асырады.

      4. Атқарушы орган осы Қағидаларға сәйкес қатысу шартын жасаған күннен бастап 10 (он) күн ішінде жергілікті атқарушы органдарға тіркеу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама көшірмесі;

      3) тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарының түпнұсқалары (тұрғын үй-құрылыс кооперативінің әрбір мүшесінен бір-бір данадан);

      4) тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      5) тұрғын үй-құрылыс кооперативінің атқарушы органы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттар (жеке куәлігі, құрылтай жиналысының хаттамасы).

      5. Жергілікті атқарушы органдар 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды қарайды.

      Ұсынылған құжаттарды қараудың нәтижесі қатысу шарттарын тіркеу не осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген негіздер бойынша қатысу шарттарын тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      6. Қатысу шарттарын тіркеуден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) ұсынылған қатысу шарттарының тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының үлгілік нысанына сәйкес келмеген;

      2) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған.

      7. Қатысу шарттарын тіркеу рәсімі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) жазба енгізуді қамтиды.

      Тізілім қағаз тасығышта жасалады, нөмірленеді, тігіледі және жергілікті атқарушы органның мөрімен бекітіледі.

      8. Тізілімге мәліметтер енгізгеннен кейін жергілікті атқарушы орган атқарушы органның өтініші негізінде ішінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысу шарттарын тіркеу туралы үзінді береді.

      9. Атқарушы орган тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу туралы үзіндіні алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны танысу үшін тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелеріне береді.

      10. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарына қосымша келісімдерді тіркеу тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу рәсімдеріне ұқсас жүзеге асырылады.

  Жергілікті атқарушы
органдардың
тұрғын үй-құрылыс
кооперативіне
қатысу шарттарын тіркеу
қағидаларына
1-қосымша
  ____________________________
(сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі саласындағы
жергілікті атқарушы органның
атауы)
____________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
____________________________
(тұрғын үй-құрылыс кооперативі
атқарушы органы өкілінің тегі,
аты, әкесінің аты (болған
жағдайда)
____________________________
(жеке тұлғаның жеке басын
куәландыратын
құжаттың деректемелері,
байланыс телефоны,
мекенжайы)

Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын/тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарына қосымша келісімдерді тіркеу туралы өтініш

      Ұсынылған құжаттар негізінде, Сізден Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу тізіліміне жазба енгізе отырып, тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын/тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы қосымша келісімдерді тіркеу жүргізуді сұраймыз.

      Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің атауы

      _______________/_____________________________/ 20__ ж. "___"____

      Қолы            төрағаның Т.А.Ә. (болған жағдайда)

  Жергілікті атқарушы
органдардың
тұрғын үй-құрылыс
кооперативіне
қатысу шарттарын тіркеу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу тізілімі

Тұрғын үй-құрылыс кооперативі туралы мәліметтер (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және заңды/нақты мекенжайы

Құрылыс объектісі туралы мәліметтер (орналасқан жері, объектінің техникалық сипаттамасы)

Құрылыстың басталу және аяқталу мерзімдері туралы мәліметтер

Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының нөмірі және күні

Тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшесінің пайларының саны туралы мәліметтер

Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы деректер (нөмірі және күні)

Шартты тоқтату (нөмірі, күні, негіздемесі)

1

2

3

4

5

6

7















  Жергілікті атқарушы
органдардың
тұрғын үй-құрылыс
кооперативіне
қатысу шарттарын тіркеу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу туралы үзінді

Тұрғын үй-құрылыс кооперативі туралы мәліметтер (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және заңды/нақты мекенжайы)

Құрылыс объектісі туралы мәліметтер (орналасқан жері, объектінің техникалық сипаттамасы)

Құрылыстың басталу және аяқталу мерзімдері туралы мәліметтер

Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының нөмірі және күні

Тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшесінің пайларының саны туралы мәліметтер

Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы деректер (нөмірі және күні)

Шартты тоқтату (нөмірі, күні, негіздемесі)

1

2

3

4

5

6

7















      Басшы                  _____________            ______________________

      (қолы)                  Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Ескертпе: Үзінді жергілікті атқарушы органның елтаңбасы бар мөрмен бекітіледі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады