ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20262 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
К. Кажкенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-2-бабының 10-18) тармақшасына сәйкес, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемқызметтер туралы Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) атқарушы орган-тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басқармасы (төрағасы).
2) пай жарнасы – бұл тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшесінің көп пәтерлі тұрғын үйдің барлық тұрғын және тұрғын емес үй-жайларының жалпы алаңына пәтер ауданына бара-бар көп пәтерлі тұрғын үй құрылысына инвестицияланатын тұрғын үй-құрылыс кооперативі шығындарының сомасына сәйкес келетін пәтерді салу (құрылысты қаржыландыру) құны мөлшерінде жарнасы және ол пәтер салуға жұмсалған барлық шығындардың құнын, оның ішінде көппәтерлі тұрғын үй құрылысы бойынша инвестициялық жобаны ұйымдастыру жөніндегі қызметтің құнынын қамтиды. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартына сәйкес тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесіне берілетін пәтер не тұрғын емес үй-жай немесе тұрақ орны тұрғын үй-құрылыс кооперативіндегі пай деп танылады;
3) тұрғын үй-құрылыс кооперативі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындағанға дейін әрекет ететін, көппәтерлі тұрғын үйді салу және кейіннен тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшелері арасында пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды, орынтұрақ орындарын, қоймаларды енгізген пай жарналарының сомасына сәйкес бөлу мақсатындағы жеке тұлғалардың коммерциялық емес бірлестігі;
4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды жүйелендіруге және есепке алуға және олар бойынша талап ету құқықтарын қайта табыстау туралы мәліметтерге арналған ақпараттық жүйе;
3. "Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеуі" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті орган көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына Бірыңғай байланыс орталығына осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.
2-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеуді көрсету тәртібі
5. Тұрғын үй – құрылыс кооперативі (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін пайшымен тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарты жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны электрондық нысанда тіркеу үшін өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге www.qazreestr.kz. ақпараттандыру-жүйе объектісі арқылы жібереді.
6. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінімі пайшымен жасалған тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын, пайшының дербес деректерін және сатып алынған пай туралы мәліметтерді қамтиды.
Көрсетілетін қызметті алушы пайшының дербес деректерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісімін алуды қамтамасыз етеді.
7. Жүйе тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын тіркеу үшін өтінімді ол жөнелтілген күні тіркеуді жүзеге асырады.
Өтінім демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүйеге келіп түскен жағдайда, өтінімді тіркеу жүйеде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетілген жүйеде өтінімді тіркеу туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушыға жүйедегі есептік жазба арқылы ұсынылады.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету жүйеде мынадай мерзімдерде жүзеге асырылады:
1) тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының электрондық көшірмесін есепке қою кезінде – көрсетілетін қызметті беруші өтінімді Жүйеде тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Шарттың электрондық көшірмесін Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің қызметін ұйымдастыру және тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің пай жарналарын төлеу қағидаларының және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының үлгілік нысанының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 180 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй-құрылыс кооперативінің үлгілік жарғысының талаптарына сәйкестігін тексеру. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20346 болып тіркелген), сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйдегі пайға үшінші тұлғалардың бұрын есепке қойылған құқықтарының болуы мәніне тексеру;
2) тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысудың электрондық шартын есепке қою кезінде – өтінім Жүйеде тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде автоматтандырылған жүйемен жүзеге асырады. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу электрондық шартының Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің қызметін ұйымдастыру және тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің пай жарналарын төлеу қағидаларының және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының үлгілік нысанының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 180 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй-құрылыс кооперативінің үлгілік жарғысының талаптарына сәйкестігін тексеру (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20346 болып тіркелген), сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйдегі пайға үшінші тұлғалардың бұрын есепке қойылған құқықтарының болуы мәніне тексеру.
9. Тексеру нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын жүйеде тіркеуді жүзеге асырады не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемені көрсете отырып, тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
10. Көрсетілетін қызметті алушы дәлелді бас тартуда көрсетілген ескертулер жойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушіге тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын тіркеу үшін жүйеде өтінімді қайта жібереді.
11. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын тіркеу кезінде Қызмет беруші қол қояды, ал Жүйе автоматты түрде қалыптастырады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін - осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартында көрсетілген пайшының электрондық поштасына тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын тіркеу туралы үзінді көшірмені жібереді.
Пайшыда электрондық пошта болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушы пайшыға үзінді көшірмені алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын тіркеу туралы үзінді көшірмені қолма-қол ұсынады.
12. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы қағидаларға 2-қосымшада баяндалған, онда мемлекеттік қызметтің атауы, Көрсетілетін қызметті берушінің атауы, мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі, мемлекеттік қызметті көрсету нысаны, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері, көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі, мемлекеттік қызмет көрсету үшін Көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер баяндалған.
13. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер туралы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – Шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
16. Егер Мемқызметтер туралы Заңында өзгеше көзделмесе, шағым берілгеннен кейін сотқа дейінгі тәртіппен сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер Мемқызметтер туралы Заңында жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті кері қайтарып алумен қатар сотқа жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның дәлелді ұстанымын Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес ұсынады.
Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй- құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу көшірмесі
Тұрғын үй-құрылыс кооперативі туралы мәліметтер (мемлекеттік тіркеу | Құрылыс объектісі туралы мәліметтер (орналасқан жері, объектінің техникалық сипаттамасы) | Құрылыстың басталу және аяқталу мерзімдері туралы мәліметтер | Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының нөмірі және күні | Пай туралы деректер | Тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшесінің пайларының саны туралы мәліметтер | Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы деректер (нөмірі және күні) | Шартты тоқтату (нөмірі, күні, негіздемесі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Басшы _____________ ______________________
(қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Үзінді жергілікті атқарушы органның елтаңбасы бар мөрмен бекітіледі
Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй- құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
"Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары |
2. | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | ақпараттандыру объектісі – www.qazreestr.kz тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе); |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының электрондық көшірмесін есепке қою – (бұдан әрі – Шарт) – өтінім Жүйеде тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде; |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемені көрсете отырып, Шартты есепке қоюдан бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдау |
6. | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлемақының мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | тегін |
7. | Көрсетілген қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі | Жүйе – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы немесе көрсетілетін қызметті беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті аушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) электрондық көшірмесі немесе электрондық Шарт, |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда; |
10. | Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар | 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін – Жүйе арқылы Шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірмені электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар |