Қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 78 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20307 болып тіркелді.

      "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 419 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қорғау міндеттемелерін беру қағидалары бекітілсін.

      2. "Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 74 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10677 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2020 жылғы 2 сәуірдегі
№ 78 бұйрығымен
бекітілген

Қорғау міндеттемелерін беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 419 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қорғау міндеттемелерін беру қағидалары "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және тарих және қорғау міндеттемелерін (бұдан әрі – қорғау міндеттемелері) беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) қорғау міндеттемесі – тарих және мәдениет ескерткішінің осы құжатты ресімдеу кезіндегі жай-күйі мен тарих және мәдениет ескерткіші меншік иесінің немесе оны пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын тіркейтін құжат;

      2) меншік иесі – өз бетімен құрту құқығын қоспағанда, ескерткішке қатысты иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      3) пайдаланушы – Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткішін пайдалану құқығы оның меншік иесімен жасалатын шарт негізінде берілген жеке немесе заңды тұлға.

2-тарау. Қорғау міндеттемелерін беру тәртібі

      3. Қорғау міндеттемелері Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімдеріне енгізілген ғимараттардың, объектілердің меншік иелері және пайдаланушылары болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға ресімделеді және беріледі.

      4. Қорғау міндеттемелерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) тарих және мәдениет ескерткішіне тиісті мәртебе беру туралы түпкілікті шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде тарих және мәдениет ескерткішінің меншік иесі мен пайдаланушысына ресімдейді және береді.

      Қорғау міндеттемелерін жергілікті атқарушы органдары осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімдейді және береді.

      5. Егер тарих және мәдениет ескерткіші бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ортақ үлестік меншігінде болған жағдайда, қорғау міндеттемелері жеке-жеке ресімделеді және олардың әрқайсысына беріледі және меншік иелерінің әрқайсысы өз міндеттемелерін орындауға тиіс.

      6. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелері жергілікті атқарушы органдарын меншік құқықтарындағы болжанып отырған немесе болған өзгерістер туралы хабардар етеді.

      7. Тарих және мәдениет ескерткіштері туралы жаңа мәліметтер анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар қорғау міндеттемесіне хаттама нысанында ресімделетін өзгерістерді және/немесе толықтыруларды енгізеді.

  Қорғау міндеттемелерін
беру қағидаларына
қосымша

      Нысан

Қорғау міндеттемесі № _____

      20__ жылғы "___" ____________

      ___________________________________________ негізінде әрекет ететін (ресімдеуге өкілеттігін растайтын құжаттың № ___ және күні)

      ____________________________________________________________________ (ұйымның толық атауы)

      бұдан әрі "______________________________________________" деп аталатын (ұйымның атауы)

      атынан ______________________________________________________________ (қорғау міндеттемесін ресімдейтін жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)

      _________________________________________________________ бір тараптан,

      және ________________________________________________________________ (жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ______________________________________________________________ атынан (заңды тұлға үшін – ұйымның толық атауы)

      ____________________________________________________________________ (ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________ (тарих және мәдениет ескерткішін иелену/пайдалану құқығын растайтын құжаттың № ___ және күні)

      _________________________________________________ негізінде әрекет ететін (растайтын құжаттың № және күні)

      ______________________________________________________ екінші тараптан, бұдан әрі "меншік иесі/пайдаланушы" деп аталатын, бірлесісіп "тараптар" деп аталатын "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 7) тармақшасына сәйкес осы құжатты ресімдеу кезінде тарих және мәдениет ескерткішінің жағдайын және меншік иесінің немесе пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткішін ұстау шарттарын белгілейтін осы қорғау міндеттемесін ресімдеді.

Тарих және мәдениет ескерткішінің жағдайы туралы деректер

      Тарих және мәдениет ескерткішінің атауы ___________________________

      ____________________________________________________________________

      Қорғау міндеттемесін беру кезіндегі ескерткіштің жай-күйі туралы ақпарат (жалпы сипаттамасы, тарих және мәдениет ескерткішінің ішкі және сыртқы сәулет ерекшеліктері мен бөлшектері, ескерткіштің және оған іргелес аумақтың техникалық жай-күйі, фото)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

Меншік иесінің немесе пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткішін ұстау шарттары

      Қолданыстағы заңнама шеңберінде меншік иелері мен пайдаланушылары тарих және мәдениет ескерткішін ұстаудың мынадай шарттарын қамтамасыз етеді:

      1) тарих және мәдениет ескерткішінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

      2) Заңның 16-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тарих және мәдениет ескерткішіне жергілікті атқарушы органдарымен жасалатын шарттарда белгіленетін тәртіппен және шектерде ғылыми, білім беру, туристік, ақпараттық және тәрбиелік мақсаттарда қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы оларды сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асырады және тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын сақтауға міндетті;

      3) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтайды.

Меншік иелері үшін күтіп-ұстаудың қосымша шарттары:

      1) тарих және мәдениет ескерткішіндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарының жобаларын тарих және мәдениет ескерткішінің санатына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органмен келіседі;

      2) тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыру мен өзгертуді келіседі.

      Тарих және мәдениет ескерткішінің және оның орналасқан жерінің ерекшеліктерін ескере отырып, тараптардың келісімі бойынша қосымша енгізілген өзге де шарттарды сақтайды.

      Тараптардың келісімі бойынша қорғау міндеттемесінде тарих және мәдениет ескерткішін оның түрі мен ол орналасқан жердің климаттық ерекшеліктеріне байланысты күтіп-ұстаудың өзге де шарттары көзделуі мүмкін.

      Тарих және мәдениет ескерткішін өз бетінше жоюға тыйым салынады.

Қорғау міндеттемесінің қолданылу мерзімі

      Қорғау міндеттемесі оған тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қорғау міндеттемесінің қолданылуы тарих және мәдениет ескерткіші Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімдерінен шығарылған жағдайда тоқтатылады.

      Қорғау міндеттемесін ресімдеу күні: 20__ жылғы "___"___________

      Құрастырушы: __________________________________________________ қолы (тегі, аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)

      Тараптардың деректемелері

Жергілікті атқарушы органдар
Толық заңды атауы
БСН
Мекенжайы, байланыс деректері;
Мөр орны (болған жағдайда)

Меншік Иесі/Пайдаланушы
жеке тұлғалар үшін:
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
ЖСН;
Мекенжайы, байланыс деректері;
заңды тұлғалар үшін:
Толық заңды атауы, БСН;
Ұйым басшысының тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда);
Мекенжайы, байланыс деректері;
Мөр орны (болған жағдайда)


Об утверждении Правил выдачи охранных обязательств

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 2 апреля 2020 года № 78. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 апреля 2020 года № 20307.

      В соответствии с подпунктом 16) статьи 10 Закона Республики Казахстан "Об охране и использовании объектов историко-культурного наследия" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 31.12.2021 № 419 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи охранных обязательств.

      2. Признать утратившим силу приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 74 "Об утверждении Правил выдачи охранных обязательств на памятники истории и культуры", (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10677, опубликован 17 апреля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Департаменту по делам культуры и искусства Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение двух рабочих дней после введения в действие настоящего приказа размещение его на интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан;

      3) в течение двух рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим пунктом, представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
А. Раимкулова

  Утверждены приказом
Министра культуры и спорта
Республики Казахстан
от 2 апреля 2020 года № 78

Правила выдачи охранных обязательств

      Сноска. Правила - в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 31.12.2021 № 419 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи охранных обязательств разработаны в соответствии с подпунктом 16) статьи 10 Закона Республики Казахстан "Об охране и использовании объектов историко-культурного наследия" (далее – Закон) и определяют порядок выдачи охранных обязательств (далее – охранные обязательства).

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) охранное обязательство – документ, фиксирующий состояние памятника истории и культуры на момент оформления данного документа и условия содержания памятника истории и культуры собственником или пользователем памятника истории и культуры;

      2) собственник – физическое или юридическое лицо, осуществляющее право владения, пользования и распоряжения памятником истории и культуры за исключением права их самостоятельного уничтожения;

      3) пользователь – физическое или юридическое лицо, которому в соответствии с Законом предоставлено право пользования памятником истории и культуры на основании договора с его собственником.

Глава 2. Порядок выдачи охранных обязательств

      3. Охранные обязательства оформляются и выдаются физическим и юридическим лицам, являющимся собственниками и пользователями зданий, объектов, включенных в Государственные списки памятников истории и культуры.

      4. Охранные обязательства оформляются и выдаются местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы (далее – местные исполнительные органы) собственнику и пользователю памятника истории и культуры в течении месяца со дня получения окончательного решения о придании памятнику истории и культуры соответствующего статуса.

      Охранные обязательства оформляются и выдаются местными исполнительными органами по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      5. В случае, если памятник истории и культуры находится в общей долевой собственности нескольких физических и (или) юридических лиц, охранные обязательства оформляются и выдаются каждому из них по отдельности и подлежат выполнению каждым из собственников своих обязательств.

      6. Собственники памятников истории и культуры уведомляют местные исполнительные органы о предполагаемых или свершившихся изменениях прав собственности.

      7. В случае выявления новых сведений о памятниках истории и культуры, местные исполнительные органы вносят в охранное обязательство изменения и/или дополнения, оформляемые в форме протокола.

  Приложение
к Правилам выдачи
охранных обязательств
  Форма

Охранное обязательство № _____

      "___" ____________ 20__ г.
________________________________________________________________________
(полное наименование организации)
в лице __________________________________________________________________
фамилия, имя, отчество (при его наличии) ответственного лица, должность
оформляющего охранное обязательство)
действующего (-ей) на основании ___________________________________________
________________________________________________________________________,
(№ и дата документа, подтверждающего полномочия на оформление)
именуемое (-ая) в дальнейшем "____________________________________________",
с одной стороны, (наименование местного исполнительного органа)
и ______________________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии) – для физического лица),
_______________________________________________________________________,
(полное наименование организации – для юридического лица)
в лице ________________________________________________ действующего (-ей)
(фамилия, имя, отчество (при его наличии) руководителя организации)
на основании ___________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(№ и дата документа, подтверждающего права владения/пользования памятника
истории и культуры)
в дальнейшем именуемый (-ая) "собственник/пользователь", с другой стороны,
совместно именуемые "стороны" в соответствии с подпунктом 7) статьи 11 Закона
Республики Казахстан от "Об охране и использовании объектов
историко-культурного наследия" (далее – Закон) оформили настоящее охранное
обязательство, фиксирующее состояние памятника истории и культуры на момент
оформления данного документа и условия содержания памятника истории и культуры
собственником или пользователем.
Данные о состоянии памятника истории и культуры
Наименование памятника истории и культуры ________________________________
________________________________________________________________________
Информация о состоянии памятника на момент выдачи охранного обязательства
(общее описание, внутренние и внешние архитектурные особенности и детали
памятника истории и культуры, его техническое состояние и состояние прилегающей
территории, фото)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Условия содержания памятника истории и культуры собственником или пользователем
В рамках действующего законодательства Республики Казахстан собственники
и пользователи обеспечивают следующие условия содержания памятника истории
и культуры:
1) принимает меры по обеспечению сохранности памятника истории и культуры;
2) обеспечивает доступ к памятнику истории и культуры в научных, образовательных,
туристских, информационных и воспитательных целях в порядке и пределах,
устанавливаемых договорами с местными исполнительными органами,
за исключением случаев, предусмотренных частью второй статьи 16 Закона;
3) соблюдает требования пожарной безопасности.
Дополнительные условия содержания для собственников:
1) согласовывает проекты научно-реставрационных работ на памятнике истории
и культуры с уполномоченным либо местным исполнительным органом
в зависимости от категории памятника истории и культуры;
2) согласовывает перемещение и изменение памятника истории и культуры
с уполномоченным органом по охране и использованию объектов
историко-культурного наследия либо местным исполнительным органом
в зависимости от категории памятника истории и культуры.
По согласованию сторон в охранном обязательстве могут быть предусмотрены иные
условия содержания памятника истории и культуры в зависимости от его вида
и климатических особенностей местности, в которой он расположен.
Запрещается самостоятельное уничтожение памятника истории и культуры.
Срок действия охранного обязательства
Охранное обязательство вступает в силу со дня его подписания сторонами.
Действие охранного обязательства прекращается в случае исключения памятника
истории и культуры из Государственных списков памятников истории и культуры,
а также при изменении собственников или пользователей.
Дата оформления охранного обязательства: "___" ___________ 20__ год.
Составитель: ___________________________________________________________
подпись фамилия, имя, отчество (при его наличии), должность)
Реквизиты сторон

Местные исполнительные органы
Полное наименование организации
БИН
Адрес, Контактные данные;
Место печати (при его наличии)

Собственник/Пользователь
для физических лиц:
Фамилия, имя, отчество (при его наличии);
ИИН;
Адрес, контактные данные;
для юридических лиц:
Полное наименование организации, БИН;
Фамилия, имя, отчество (при его наличии)
руководителя организации;
Адрес, контактные данные;
Место печати (при его наличии)