Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.04.2020 № 78 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 19-бабының 14-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау міндеттемелерін беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;
3) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын;
4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ. Ахмедьяровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мұхамедиұлы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 74 бұйрығымен бекітілген |
Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау
міндеттемелерін беру қағидалары
1. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау міндеттемелерін беру қағидасы ескерткіштердің меншік иелеріне немесе пайдаланушыларға тарих және мәдениет (бұдан әрі – ескерткіштер) ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қорғау міндеттемесі - ескерткіштің осы құжатты ресімдеу сәтіндегі жай-күйі және меншік иесінің немесе пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттары тіркелетін құжат;
2) меншік иесі - өз бетімен құрту құқығын қоспағанда, ескерткішке қатысты иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
3) тарих және мәдениет ескерткішін пайдаланушы – жеке және заңды тұлға, "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес ескерткішке оның меншік иесімен жасалған келісім шарт негізінде пайдалану құқығы беріледі.
3. "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 18 бабы 7-тармағына сәйкес облыстардың, Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) ескерткіштерге қорғау міндеттемелерін ресімдейді.
4. Ескерткіштің қорғау міндеттемесі төмендегі ақпараттарды қамтиды:
1) ескерткіш жайында: атауы, орналасқан жері, корғалуы, ауданы, қолдану мақсаты, ескерткішке қатысты негіздер;
2) қорғау міндеттемесін беру сәтіндегі ескерткіштің жай-күйі (сипаты: жалпы бейнесі, ескерткіштің ішкі және сыртқы архитектуралық бөлшектері, оның техникалық жағдайы және оған қатысты аумақтын жағдайы);
3) ескерткішті және оның қоршаған аумағын қорғау, күтіп-ұстау, қолдану шарты;
4) ескерткішті сақтау жұмыстарының жүргізілу тәртібі;
5) меншік иесі немесе пайдаланушы өзгерген жағдайда хабарлау тәртібі;
6) меншік иесі немесе пайдаланушы туралы ақпарат (жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесі аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмері, заңды тұлғалар үшін - атауы, бизнес сәйкестендіруші нөмері);
7) қорғау міндеттемесі берілген күн;
8) меншік иесі немесе пайдаланушының қолы, жергілікті атқарушы органның өкілетті тұлғасының қолы және мөрі.
5. Жергілікті атқарушы орган Республикалық маңызы бар ескерткішке мәртебе бергеннен кейін немесе жергілікті маңызы бар ескерткіш мәртебесі берілген соң, немесе ескерткіштердің меншік иесі немесе пайдаланушысы өзгерген жағдайда ескерткішке қорғау міндеттемесін береді.
6. Меншік иесі немесе пайдаланушы ескерткішке меншіктік (пайдаланушы) құқықтары өзгерген жағдайда болуы мүмкін өзгерістер туралы он бес күнтізбелік күн бұрын жергілікті атқарушы органды хабардар етеді.
7. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган Республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұра объектісіне ескерткіш мәртебесі берілгеннен кейін жергілікті атқарушы органға ескерткіш мәртебесін иеленгені жайында үш жұмыс күн ішінде хабарлама жолданады.
8. Жергілікті атқарушы орган Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемесін ескерткіш мәртебесін иеленгені жайында хабарлама алған күннен бастап он бес күнтізбелік күннің ішінде береді, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ескерткіш мәртебесі берген күннен бастап береді.