ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11234 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, иновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабы 1-тармағының 26-11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су жолдарында пайдаланылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау және "Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру", "Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау" мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың қолданысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелер экипаждарына қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының атқаратын лауазымдары бар адамдары олар әрбір кейінгі бес жыл өткен соң аттестатталуға жатады.
Кемелердің капитаны және олардың көмекшілері лауазымдарына тағайындалған адамдарға, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтары командирлері мен олардың көмекшілеріне, электрмеханиктерге және олардың көмекшілеріне, сондай-ақ осы лауазымдарды қоса атқаратын диплом алған адамдарға кәсіби диплом беріледі.
2-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру тәртібі
4. Осы Қағидалардың 6-тармағында аталған құжаттарды кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясына (бұдан әрі - комиссия) ұсына отырып, осы Қағидалардың 33-тармағында көрсетілген тиісті білімі бар адамдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беруіне рұқсат етіледі.
5. "Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
6. Кәсіби дипломды немесе кәсіби дипломның телнұсқасың алу үшін жеке тұлға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Мемлекеттік корпорация) немесе www.elicense.kz, www.egov.kz "электрондық үкіметі" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы мынадай құжаттар жолдайды:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
кәсіби дипломды алу үшін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiм туралы құжат (диплом);
жүзу өтiлiн растайтын құжат;
кемедегi жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086/е нысандағы медициналық анықтама, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - 086/е нысандағы медициналық анықтама);
3,5х4,5 сантиметр өлшемдегі екі фотосурет;
кәсіби дипломның телнұсқасын алу үшін:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3,5х4,5 сантиметр өлшемдегі бір фотосурет;
2) порталға:
кәсіби дипломды алу үшін
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiм туралы құжаттардың (дипломның) электрондық көшірмесі;
жүзу өтiлiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
086/е нысандағы медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
3,5х4,5 сантиметр өлшемдегі екі фотосурет (көрсетілетін қызметті берушіге емтихан тапсырған күні ұсынылады);
кәсіби дипломның телнұсқасын алу үшін:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
электрондық құжат түріндегі 3,5х4,5 сантиметр өлшемдегі бір фотосурет.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай - ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - стандарт) жазылған.
7. Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірме жасайды, одан кейін түпнұсқаны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
8. Жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметін Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.
9. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
10. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
11. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген жағдайда, оның "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен орнын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданылады.
12. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеуді келіп түскен күні жүзеге асырады.
13. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
14. Кәсіби дипломды алу үшін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш берілген күннен бастап жиырма екі жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал кәсіби дипломның телнұсқасын алу екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
15. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде өтінішті және құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
16. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
17. Портал арқылы келіп түскен ұсынылған құжаттардың толық ұсынылмау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы еркін нысанда дәлелді жауап жібереді.
18. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 995 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12824 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Кәсіби дипломды және кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманы беру үшін рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің талаптарына (бұдан әрі - Рұқсат беру талаптары) сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттар мен оларда көрсетілген мәліметтердің сәйкестігін тексереді және диплом алған орны мен уақыты туралы хабарламаны пошта арқылы жолдайды, ал портал арқылы жіберілген жағдайда, көрсетілген хабарламаны "жеке кабинетіне" жібереді.
19. Көрсетілетін қызметті беруші дипломнан өткені туралы хабарламаны жібергеннен кейін сегіз жұмыс күні ішінде емтихан өткізуге дайындықпен айналысады және хабарламада белгіленген мерзімде емтихан өткізуді ұйымдастырады.
20. Көрсетілетін қызметті алушы диплом алу бойынша емтиханды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші "Кәсіби диплом нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 1000 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12551 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша кәсіби дипломды ресімдейді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" Мемлекеттік корпорацияның мекенжайын көрсете отырып мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі.
21. Диплом беруден өткен адамдарға берілген кәсіби дипломда кеме тобы және олар атқара алатын лауазымы көрсетіледі.
22. Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру мынадай бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
1) диплом беруді өткізуге дайындау;
2) диплом беруге жататын адаммен Заңды білуін тексеру мақсатында комиссия өткізетін әңгімелесу;
3) комиссия шешімін шығару.
23. Комиссия диплом берілуі тиіс адамның қатысуымен диплом беруді өткізеді. Диплом беру кезінде комиссия кандидатқа өзінің лауазымдық міндеттерін және Заңды білуіне қатысты сұрақтар қояды. Диплом берілетін адамға кемінде он сұрақ қойылады.
24. Адам диплом беруге келмеген жағдайда, комиссия қайта диплом беру туралы шешім қабылдайды.
25. Комиссия кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом бере отырып, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
2) қайта диплом беруге жатады.
26. Қойылған сұрақтардың 80% дұрыс жауап берілген жағдайда, комиссия диплом алатын адамның атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы шешім қабылдайды, егер 80% аз болса, онда комиссия қайта диплом беру туралы шешім қабылдайды.
27. Диплом беру кезінде қанағаттанғысыз білім көрсеткен кандидаттар емтихандарға бір айдан кейін ғана жіберіледі.
28. Комиссияның әрбір отырысы хаттамамен ресімделеді, онда дипломдар және кемелердің тобы мен қуаты, сондай-ақ диплом берілетін кандидаттар атқарған лауазымдары көрсетілген дипломдарды беру туралы комиссия шешімі жазылады.
29. Кемелердің командалық құрамының мүшелері екінші сабақтас мамандық бойынша кәсіби қайта даярлау бағдарламасы бойынша оқығаннан кейін, сондай-ақ өздігінен жүретін кемелердің командалық құрамына жататын лауазымдарда ішкі су жолдарында тиісті жүзу өтілі бар болған кезде тиісті сабақтас мамандыққа диплом беруден өтеді.
30. Жүрдек кемелердің командалық құрамының кәсіби дипломы бар адамдары басқа кемелерге жұмысқа ауысу үшін капитан, 1-2-топтағы кемелер механигі немесе капитанның аға көмекшісі және 3-5-топтағы кемелер механигінің бірінші көмекшісі лауазымындағы жұмысы үшін диплом беруден өтеді.
31. Су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарында жұмыс істеу үшін кеме механиктері, электрмеханиктер мен олардың көмекшілері кәсіби дипломдарын алу үшін диплом беру өздігінен жүретін немесе өздігінен жүрмейтін су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарындағы командалық лауазымда жүзу өтілі болған кезде жүзеге асырылады.
32. Жүрдек кемелердің командалық құрамының механикалық мамандығы бар адамдары (немесе кеме жүргізушісі және кеме механигі лауазымдарын қоса атқаратын) механикалық мамандық бойынша дипломдары болған және ішкі суда жүзу кемелерінде жұмыс істейтін адамдар ретінде кезекті диплом беруден өткен кезде ғана жұмысқа жіберіледі.
33. Біліміне сәйкес диплом беруге:
1) кемелерге және барлық топтардың су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарына тиісті мамандық бойынша жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын аяқтаған адамдар;
2) кемелерге және 1-3-топтардың су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарына, 2-топтағы жолаушылар кемелерінің капитандарының, кемелердің барлық түрлерінің капитандары мен 3-топтағы бірінші штурмандарының лауазымдарынан басқа тиісті мамандығы бойынша орта кәсіптік оқу орындарын аяқтаған адамдар;
3) кемелерге және 1-топтың су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының барлық кеме жүргізуші, механик, электр-механик (жолаушылар кемелерінің капитандарынан басқа) лауазымындағы; 2 және 3-топтағы кемелерге үшінші штурман, механиктің үшінші көмекшісі, электр-механиктің екінші көмекшісі; орта кәсіптік оқу орындарын күндізгі немесе сырттай бөлімінің 3-курсын, ішкі жүзу кеме командалық құрамын даярлау бойынша курстарды аяқтаған адамдар, 2 және 3-топтағы кемелердің капитан көмекшісі, жүк және сүйреу кемелері механигінің екінші көмекшісі, бірінші көмекшісі лауазымына;
4) 55-тен 110 Квт (75 - 149 ат күші) дейінгі қуаты бар кемелерге - жоғары немесе орта техникалық білімі бар, сондай-ақ осы кемелерді басқару бойынша бір айдан кем емес тағылымдамадан өткен адамдар жіберіледі.
34. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден:
1) диплом берілетін адамның ұсынған құжаттарын және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) диплом берілетін адамның және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда және Рұқсат беру талаптарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша бас тартады.
35. Кәсіби диплом жоғалған немесе ол жарамсыз болып қалған (физикалық тозуы, бүлінуі)жағдайда кәсіби дипломның телнұсқасы беріледі.
36. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
3-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау тәртібі
37. Осы Қағидалардың 39-тармағында аталған құжаттарды комиссияға ұсына отырып, осы Қағидалардың 51-тармағында көрсетілген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттауға жіберіледі.
38. "Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
39. Кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы немесе кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасын алу үшін жеке тұлға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.elicense.kz, www.egov.kz "электрондық үкіметі" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы мынадай құжаттар жолдайды:
1) кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы алу үшін:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
кәсіби дипломның электрондық көшірмесі;
кемедегi жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген), 086/е нысандағы медициналық анықтама);
2) кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасын алу үшін:
жоғалу немесе бүліну мән-жайлары мен себептері көрсетілген осы Қағидалардың 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай - ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 7-қосымшаға сәйкес "Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - стандарт) жазылған.
40. Жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.
41. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
42. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеуді келіп түскен күні жүзеге асырады.
43. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
44. Кемелердің командалық құрамының адамдары үшін аттестаттаудан өткені туралы анықтаманы алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өтініш берілген күннен бастап жиырма екі жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал кемелердің командалық құрамының адамдары үшін аттестаттаудан өткені туралы анықтаманың телнұсқасын алу екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
45. Портал арқылы келіп түскен құжаттардың толық ұсынылмау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанындағы өтінішті одан әрі қарау туралы еркін нысандағы дәлелді бас тарту жолдайды.
46. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 39-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 995 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12824 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Кәсіби дипломды және кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманы беру үшін рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің талаптарына (бұдан әрі - рұқсат беру талаптары)сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттар мен оларда көрсетілген мәліметтердің сәйкестігін тексереді және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" аттестаттаудан өту орны мен уақыты туралы хабарлама жібереді.
47. Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттаудан өткені туралы хабарламаны жібергеннен кейін он бір жұмыс күні ішінде емтихан өткізуге дайындықпен айналысады және хабарламада белгіленген мерзімде емтихан өткізуді ұйымдастырады.
48. Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттау бойынша емтиханды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кемелердің командалық құрамының адамдары үшін аттестаттаудан өткені туралы анықтаманы ресімдейді.
49. Анықтаманың телнұсқасын беру құжаттарды тапсырған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Порталда жүргізіледі.
50. Комиссияның әрбір отырысы хаттамамен ресімделеді, онда кемелердің тобы мен қуаты, аттестатталатын кандидаттар атқарған лауазымдары көрсетілетін, аттестаттаудан өту туралы анықтамалар беру туралы комиссия шешімі жазылады.
51. Өздігінен жүретін кемелерде капитандар, ауысым капитандары мен олардың көмекшілері, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарындағы командирлер мен олардың көмекшілері, сондай-ақ капитандардың, капитандардың көмекшілерінің, командирлер мен олардың көмекшілерінің лауазымын қоса атқаратын кемелер мен су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарындағы механиктер мен олардың көмекшілері лауазымын атқаратын барлық адамдар аттестаттаудан өтуге тиіс.
52. Аттестаттау үш түрге бөлінеді:
1) кемелердің, олардың ведомстволық тиістілігіне қарамастан командалық құрамының барлық адамдарына бес жылда бір рет өткізілетін кезекті;
2) олардың кінәсі бойынша авариялық көлік оқиғаларына жол берген кемелердің командалық құрамының адамдары үшін ғана қолданылатын кезектен тыс;
3) кемелерге басқа, теңіз бассейндерін қоса алғанда, жұмысқа келген адамдар үшін, сондай-ақ ұзақ үзілістен (бес жылдан астам) кейін кемелердің командалық құрамына қайтып келген адамдар үшін қолданылатын арнайы.
53. Кезекті аттестаттау жылы тиісті мамандық бойынша оқу орындарын аяқтаған адамдар, сондай-ақ сол жылы диплом беруден өткендер аттестаттаудан босатылады.
54. Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау мынадай бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
1) аттестаттауды өткізуге дайындық;
2) аттестаттауға жататын адаммен Заңды білуін тексеру мақсатында комиссия өткізетін әңгімелесу;
3) комиссия шешімін шығару.
55. Комиссия аттестаттауды аттестатталатын адамның қатысуымен өткізеді. Аттестаттауды өткізген кезде комиссия кандидатқа өзінің лауазымдық міндеттерін және Заңды білуіне қатысты сұрақтар қояды. Аттестатталатын адамға кемінде он сұрақ қойылады.
56. Егер адам аттестаттауға келмеген жағдайда, комиссия қайта аттестаттау туралы шешім қабылдайды.
57. Комиссия кемелердің командалық құрамының адамдарына аттестаттау жүргізу кезінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
2) қайта аттестаттауға жатауы;
3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.
58. Қойылған сұрақтардың 80% дұрыс жауап берген жағдайда, комиссия аттестатталатын адамның атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы шешім қабылдайды, егер 80% аз болса, онда комиссия қайта аттестаттау туралы шешім қабылдайды.
59. Аттестаттаудан өтпеген адам осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен бастапқы аттестаттаудан өткен күннен бастап кемінде екі ай өткен соң қайта аттестаттаудан өтуге жіберіледі.
60. Қайта аттестаттау кезінде аттестаттаудан өтпеген адамға комиссия атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіндігі туралы шешім қабылдайды.
61. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады. Комиссияның құрамына кіретін кемелердің командалық құрамының аттестаттаудан өтетін адамы өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды.
62. Комиссияның шешімі бір данада жасалған хаттамамен ресімделеді, ол аумақтық бөлімшеде сақталады.
Аттестаттаудан өткен адам комиссия шешімімен танысады.
Аттестаттаудан өткен командалық құрамның адамдарына кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама беріледі.
63. Аттестатталушы адамның оның білімін бағалау бойынша емтихан комиссиясының мүшелерімен келіспеушіліктері болған жағдайда аттестатталушы адам уәкілетті органға аттестаттауды жүргізудің белгіленген тәртібінің бұзылғаны және (немесе) аттестаттаудың нәтижелерімен келіспеуі туралы жазбаша апелляциялық өтініш (бұдан әрі - аппеляция) бере алады.
64. Апелляция оны уәкілетті органға берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
65. Аттестатталушы адам апелляцияны емтихан бойынша баға жарияланғанынан кейін келесі жұмыс күні береді. Бұл ретте аттестатталушы адам нәтижелерді жариялаған күні өзінің емтихан жұмысымен таныса алады.
66. Апелляцияны қарау кезінде уәкілетті орган жұмыс мазмұнына және емтихан комиссиясының оны дұрыс бағалауына талдау жүргізеді.
67. Апелляцияны қарау барысында аттестатталушы адамның білімін тексеру бойынша бағаның дұрыстығы тексеріледі.
68. Уәкілетті орган аппеляцияны қарау кезінде аттестатталушы адамның өтінішін қанағаттандырудан бас тартады және аттестаттауда алған бағасын растайды не аттестатталушы адамның өтінішін қанағаттандырады және оң баға қояды.
69. Аттестатталушы адамның өтінішін қанағаттандырудан бас тарту не бағасын өзгерту туралы шешім аттестатталушы адамға және емтихан комиссиясының төрағасына жіберіледі.
70. Уәкілетті органның шешіміне сәйкес емтихан комиссиясы бағаны хаттамаға және аттестатталушы адамның жеке карточкасына жазады.
Аттестатталушы адам апелляциялық комиссияның шешімімен келіспеген кезде комиссия шешіміне сот тәртібімен шағымдануына болады.
71. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден:
1) аттестатталатын адамның ұсынған құжаттарын және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) аттестатталатын адамның және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттауға қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалар мен Рұқсат беру талаптарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша бас тартады.
72. Кемелердің командалық құрамының адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама жоғалған немесе ол жарамсыз болып қалған (физикалық тозуы, бүлінуі) жағдайда кемелердің командалық құрамының адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасы беріледі.
73. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
74. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, көлік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) басшысының атына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
75. Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация филиалының басшысына Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz. интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, сондай-ақ поштамен келіп түскен шағымдардың кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
76. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган - тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
77. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Өтініш
Сізден мені [Лауазымы] [Тобы] мамандығы бойынша кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беруді өткізуге жіберуіңізді сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. __________________________________________________________;
2. __________________________________________________________;
3. __________________________________________________________;
4. __________________________________________________________;
5. __________________________________________________________;
6. ...
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20___ж. "____" __________ ________________________
(өтініш берушінің қолы)
Өтініш
Сізден [Лауазым] лауазымына [Топ] № [Дипломның нөмірі] [Дипломның берілген күні]
дипломның телнұсқасын___________________________________________________________
(себебін көрсету)
________________________________________________________________________________
байланысты беруіңізді сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. __________________________________________________________;
2. __________________________________________________________;
3. ...
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер
көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20___ж. "____" __________ ________________________
(өтініш берушінің қолы)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларына 3-қосымша |
"Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелері көрсетеді. |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Мемлекеттік корпорация); |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Кәсіби дипломды беру мерзімі - 22 (жиырма екі) жұмыс күнінен кешіктірмей. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Кәсіби диплом, кәсіби дипломның телнұсқасы немесе бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) Мемлекеттік корпорацияға: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) диплом берілетін адамның ұсынған құжаттарын және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайы көрсетілсін) "Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
3) …
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
_______________________________________ Т.А.Ә. ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә.______________ Телефон:__________
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы 20__ жылғы "__" _________
Өтініш
Сізден мені [Лауазым] [Топтар] лауазымына кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізуге жіберуіңізді сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. __________________________________________________________;
2. __________________________________________________________;
3. __________________________________________________________;
4....
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20___ж. "____" __________ _________________________ (өтініш берушінің қолы)
Өтініш
Сізден [Лауазым] лауазымына [Топ] № [Анықтаманың нөмірі] [Анықтама берілген күн]
кемелердің командалық құрамы адамдарына аттестаттаудан өткені туралы анықтаманың телнұсқасын:
________________________________________________________________________________
(себебін көрсету: жоғалу, жарамсыз, табиғи тозуы, бүлінуі)
________________________________________________________________________________
байланысты беруіңізді сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. __________________________________________________________;
2....
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер
көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін. 20___ж. "____" __________ ____________________________________
(өтініш берушінің қолы)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларына 7-қосымша |
"Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелері көрсетеді. |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | www.elicense.kz, www.egov.kz "электрондық үкіметінің" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы беру мерзімі - 22 (жиырма екі) жұмыс күнінен кешіктірмей. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама, кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасы немесе бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оның құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алады. |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларына 8-қосымша |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде
мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының
адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы №___
АНЫҚТАМА
_________________________________________________________________________ берілді
(Т.А.Ә.)
Туған күні ______________________________________________________________________
Білімі___________________________________________________________________________
Диплом (диплом беру кезінде берілген) №____________________________________________
(кім және қашан берген)
________________________________________________________________________________
Лауазымы _______________________________________________________________________
Аттестаттау хаттамасының №____ және күні _________________________________________
Анықтаманың қолданылу мерзімі ___________________________________________________
Осы анықтама ___________________________________________________________________
Көлік комитетінің аумақтық органымен берілді.
Көлік комитетінің аумақтық органының басшысы______________________________________
(қолы) Т.А.Ә.
М.О.
20__ жылғы "____" _______________
(күні) (айы)