Кәсіби дипломды және кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманы беру үшін рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 995 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 8 қаңтарда № 12824 болып тіркелді.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған кәсіби дипломды және кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманы беру үшін рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың

      интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      _____________ А. Сәрінжіпов

      2015 жылғы 7 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      _____________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 24 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 18 қараша



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 19 қазандағы
№ 995 бұйрығымен
бекітілген

Кәсіби дипломды және кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманы беру үшін рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбесі жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.06.2021 № 315 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с

Рұқсат беру талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1.

1. Су түбін тазарту және су түбін тереңдету снарядтарындағы жұмыс үшін кеме механиктері, электр-механиктер мен олардың көмекшілері кәсіби дипломдарын алу үшін диплом беру өздігінен жүретін немесе өздігінен жүрмейтін су түбін тазарту және су түбін тереңдету снарядтарындағы командалық лауазымда осы Талаптардың 4-12-тармақтарында көрсетілген тиісті жүзу өтілі болған кезде жүзеге асырылады.
2. Диплом беру мақсаты үшін өздігінен жүретін кемелер олардың қозғалысын қамтамасыз ететін қозғалтқыштардың тиімді қуатына байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
1) 1-топқа дейін – 55-тен 110 кВт дейін (75 – 149 ат күші);
2) 1-топ – 110-нан 330 кВт дейін (150-450 ат күші);
3) 2-топ – 331-ден 550 кВт дейін (451-750 ат күші);
4) 3-топ – 551-ден 850 кВт дейін (751-1150 ат күші);
5) 4-топ – 581-ден 1620 кВт дейін (1151-2200 ат күші);
6) 5-топ – 1621-ден және одан астам кВт (2201 және одан астам ат күші).
3. Су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтары олардың өнімділігіне байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
1) 1-топ – өнімділігі сағатына 100 м3 дейін;
2) 2-топ – сағатына 101-ден 250 м3 дейін;
3) 3-топ – сағатына 251-ден 500 м3 дейін;
4) 4-топ – сағатына 501-ден 700 м3 дейін;
5) 5-топ – сағатына 701 м3 және жоғары.
35 км/сағ және одан астам жылдамдықты өрлете алатын су асты қанаттардағы, глиссирленген және әуе жастығындағы кемелер жүрдектерге жатады.
4. Кеме жүргізу, кеме механигі және электр-механик мамандықтары бойынша жоғарғы оқу орындарын аяқтаған адамдарға мынадай мамандықтар бойынша диплом беріледі:
1) кемелер капитанының көмекшісі (екінші штурман), электр-механиктің екінші көмекшісі, 4-топты қоса алғанда (кемінде үш ай кемелерді басқару бойынша практикалық дағдысының болуын ескере отырып) су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитандары мен олардың көмекшілері кемелер капитанының көмекшісі (үшінші штурман), механиктің және электр-механигінің үшінші көмекшісі капитандары мен олардың көмекшілері барлық топтардың су түбін және тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының;
2) командалық лауазымдарда 6 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде – кемелер капитанының көмекшісі (екінші штурман), механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі, барлық топтардың су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының командирлері мен олардың көмекшілері;
3) командалық лауазымдарда 12 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде – кемелер капитанының көмекшісі (бірінші штурман), механиктің және электр-механигінің бірінші көмекшісі, 2-топтың су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының командирлері мен олардың көмекшілері;
4) командалық лауазымдарда 18 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде – кемелер капитаны, механигі және электр-механигі, 1 – 3-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының кемелердің командирлері мен олардың көмекшілеріне және барлық топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының, капитанының көмекшісі (бірінші штурман), механиктің және электр-механиктің бірінші көмекшісі;
5) командалық лауазымдарда 24 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде – кемелер капитаны, механигі, электр-механигі, 1 – 4-топтағы су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының командирлері мен олардың көмекшілері (жолаушылар кемелерінен басқа);
6) командалық лауазымдарда 30 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде – кемелер капитаны, механигі және электр-механигі, барлық топтағы су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының командирлері мен олардың көмекшілері.
5. Ішкі су көлігі қызметкерлеріне диплом беру кезінде табиғи жағдайлар бойынша навигациялық кезеңнің ұзақтығы кемінде алты айды құрайтын өзен бассейндерінде жүзу өтілі алты айға теңестіріледі. Толық навигацияны атқармаған адамдарға өтілге нақты жүзу уақыты есептеледі.
6. Орта кәсіптік оқу орындарының кеме жүргізу, кеме механикалық және электр-механикалық бөлімшелерін және су жолдары мен қатынастары бөлімшелерін аяқтаған адамдарға мынадай мамандықтар бойынша диплом беріледі:
1) 1 – 2-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (екінші штурман), механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі және барлық топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (үшінші штурман), механиктің және электр-механигінің үшінші көмекшісі (кемені басқару бойынша кемінде үш ай практикалық дағдысының болуы);
2) командалық лауазымдарда 6 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде – 1 – 4-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (екінші штурман), механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі;
3) командалық лауазымдарда 12 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде – 1 – 2-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (бірінші штурман), механиктің және электр-механигінің бірінші көмекшісі, барлық топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (екінші штурман), механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі, 1-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі және электр-механигі;
4) командалық лауазымдарда 18 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде – 1 – 3-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (бірінші штурман), механиктің және электр-механигтің бірінші көмекшісі;
5) командалық лауазымдарда 24 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде – 1 – 3-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі және электр-механигі; барлық топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (бірінші штурман), капитанының және электр-механигінің бірінші көмекшісі;
6) командалық лауазымдарда 30 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде – 1 – 3-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі және электр-механигі (жолаушылар кемелерінің капитандарынан басқа);
7) командалық лауазымдарда 36 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде – 1 – 4-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі, электр-механигі (жолаушылар кемелерінің капитандарынан басқа);
8) командалық лауазымдарда 42 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде – барлық топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі және электр-механигі дипломын алады.
7. Кеме жүргізуші, кеме механикалық (электр-механикалық) мамандықтары бойынша орта кәсіптік оқу орындарын аяқтаған адамдар мынадай:
1) 1 – 3-топтарды қоса алғанда, кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (үшінші штурман), механиктің және электр-механигінің үшінші көмекшісі, 1-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (екінші штурман) және механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі (кемелерді басқару бойынша кемінде үш ай практикалық дағдысын ескере отырып);
2) командалық лауазымдарда 6 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде – 1 – 2-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (екінші штурман), механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі және 1-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (бірінші штурман), механиктің және электр-механигінің бірінші көмекшісі;
3) командалық лауазымдарда 12 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде 1 – 3-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (екінші штурман), механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі, ал капитанының, механиктің және электр-механигінің лауазымы бойынша бір ай ішінде тағылымдамадан өткен – 1-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі және электр-механигі;
4) командалық лауазымдарда 18 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде 2-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (бірінші штурман), механиктің және электр-механигінің бірінші көмекшісі;
5) командалық лауазымдарда 24 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде 2-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі және электр-механигі лауазымына диплом алады.
8. Ішкі суда жүзетін кемелердің командалық құрамын даярлау бойынша (қайта даярлау) курстарды аяқтаған адамдар (кемелерді басқару бойынша кемінде 6 ай практикалық дағдысын ескере отырып) мынадай:
1) 3-топты қоса алғанда (сүйреу және жүк флоты) кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (үшінші штурман), механиктің және электр-механигінің үшінші көмекшісі, 1-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (екінші штурман), механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі;
2) командалық лауазымдарда 6 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде 2-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (екінші штурман), механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі, 1-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының (жолаушылар кемелерінен басқа) капитанының көмекшісі (бірінші штурман), механиктің және электр-механигінің бірінші көмекшісі;
3) командалық лауазымдарда 12 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде 3-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (екінші штурман), механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі;
4) командалық лауазымдарда 18 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде 2-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (бірінші штурман), механиктің және электр-механигінің бірінші көмекшісі, 1-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі мен электр-механигі;
5) командалық лауазымдарда 36 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде 2-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының (жолаушылар кемесінің капитанынан басқа) капитаны, механигі мен электр-механигі лауазымына диплом алады.
9. Жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын аяқтаған адамдар 1-топтағы кемелердің (жолаушылар кемелері мен транзиттен басқа) капитаны, механигі және электр-механигі лауазымына осы лауазымдарда кемінде үш ай капитанның немесе механиктің қолдаухат-мінездемесімен расталған тағылымдамадан сәтті өткеннен кейін диплом алуға жіберіледі. Командалық құрамды даярлау бойынша курсты аяқтаған адамдар 225 Квт (300 ат күші) дейінгі қуаты бар кемелерге сол шарттарда және сол лауазымдарға диплом алады.
10. Рульдік моторшы, электрик, шығыршы лауазымында кемінде 12 ай жүзу өтілі бар және жоғарғы оқу орындарында 4-курстан және орта кәсіптік оқу орындарында 3-курстан төмен емес курстарда сәтті оқып жатқан қатардағы құрам адамдары тиісті мамандықтар бойынша 3-топты қоса алғанда кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтары механигінің және электр-механигінің үшінші көмекшісі дипломын алады, ал орта кәсіптік оқу орындарын сондай шарттарда бұрын аяқтаған адамдар кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (үшінші штурман) лауазымын атқаруға диплом алады.
11. Кеме жүргізушісі, кеме механикалық және электр-механикалық мамандығы мен "су жолдары және қатынастары" мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттерге рульдік моторшы, электрик, шығыршы лауазымында 4-курстан кейін кемінде 6 ай жүзу өтілі болған кезде 4-топқа дейін қоса алғанда, кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының механигі мен электр-механиктің көмекшісі лауазымына диплом беріледі.
12. Орта кәсіптік оқу орындарында кеме жүргізу, кеме механикалық пен электр-механикалық және "су жолдары және қатынастары" мамандықтары бойынша курсанттар мен білім алушыларға 3 курсты аяқтағаннан кейін рульдік моторшы, электрик, шығыршы лауазымдарына 6 ай жүзу өтілі болған кезде 2-топқа дейін қоса алғанда кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтары механигі мен электр-механигі үшінші көмекшісі лауазымына диплом беріледі.
13. Жүрдек кемелерде командалық лауазымдарды атқаруға диплом беруге ішкі суда жүзу кемелерінде командалық лауазымда жұмыс тәжірибесі жоқ, бірақ мынадай лауазымдарда:
1) капитанының көмекшісі (үшінші штурман) – механиктің үшінші көмекшісі - қызметінде 6 ай бойы – вахтада дербес тұруға құқығы жоқ капитанының көмекшісі (екінші штурман) механиктің екінші көмекшісі қызметіне;
2) капитанының көмекшісі (екінші штурман) – механиктің екінші көмекшісі 18 айдың 6 айы ішінде – үш ай мерзімге дейінгі тікелей рейстерде тағылымдамадан өткенге және сынақ тапсырғаннан кейін капитанының көмекшісі тиісті топтағы механиктің бірінші көмекшісі қызметіне;
3) капитанының көмекшісі (бірінші штурман) – тиісті топта механигінің бірінші көмекшісі лауазымына 30 айдың 12 айы ішінде капитан-механик қызметіне жүрдек кемелерде жүзу өтілі бар жоғарғы немесе орта кәсіптік білімі бар адамдар жіберіледі.
14. Жүрдек кемелерде командалық лауазымды атқаруға диплом беруге жоғарғы немесе орта кәсіптік білімі, ішкі суда жүзу кемелерінде командалық лауазымда жұмыс тәжірибесі бар, тиісті кемеде бір айдан кем емес мерзімде тікелей рейсте тағылымдамадан өткен және осы кемені басқару бойынша капитан-тәлімгерге практикалық сынақ тапсырған адамдар мынадай дипломы болған кезде:
1) 2-топтан төмен емес ішкі суда жүзу кемелері капитанының көмекшісі (бірінші штурман) және осы лауазымында кемінде 12 ай жүзу өтілі бар – 3-топтағы жүрдек кемелер капитанының көмекшісі (бірінші штурман);
2) 3-топтан төмен емес ішкі суда жүзу кемелері капитанының көмекшісі (бірінші штурман) және осы лауазымында кемінде 6 ай жүзу өтілі бар – барлық топтағы жүрдек кемелер капитанының көмекшісі (бірінші штурман);
3) 1-топтағы ішкі суда жүзу кемелерінің капитаны және осы лауазымында кемінде 18 ай жүзу өтілі бар – капитанының көмекшісі (бірінші штурман), ал 24 ай жүзу өтілі бар болса – 3-топтағы жүрдек кемелердің капитаны;
4) осы лауазымында кемінде 12 ай жүзу өтілі бар және 2-топтан төмен емес ішкі суда жүзу кемелерінің капитаны – 3-топтағы жүрдек кемелер капитаны;
5) 3-топтан төмен емес ішкі суда жүзу кемелерінің капитаны және осы лауазымында кемінде 6 ай жүзу өтілі бар – барлық топтағы жүрдек кемелер капитаны бола алады.
15. Жүрдек кемелердің командалық құрамына лауазымын жоғарылатпай жоғары топтағы жүрдек кемелерге ауысу үшін диплом беруге алдындағы топтағы кемелерде осы лауазымда кемінде 6 ай жүзу өтілі бар адамдар жіберіледі.
16. Осы Талаптарының 13-тармағына сәйкес жүрдек кемелердің командалық құрамының кәсіби дипломын алған адамдарға өз тобындағы ішкі суда жүзу кемелері капитанының көмекшісі (екінші штурман), механиктің екінші көмекшісі лауазымына диплом беріледі.
Жүрдек кемелердің капитанының көмекшісінің (бірінші штурманының), механигінің бірінші көмекшісінің, капитанының, механиктің кәсібі дипломдары бар адамдарға кейіннен диплом беру әрбір лауазымда кемінде 6 ай жүзу өтілі болған кезде жүргізіледі.

1) жоғары немесе ортадан кейінгі білімі туралы құжат (диплом);
2) жүзу өтілін растайтын құжат;
3) кемеде жұмысқа жарамдылығы туралы тиісті медициналық комиссияның қорытындысы ("Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 086/е нысандағы медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – 083/е нысандағы медициналық анықтама).


2.

1. Өздігінен жүретін кемелердегі капитан, ауысым капитандары мен олардың көмекшілері, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарындағы командирлер мен олардың көмекшілері, сондай-ақ капитан, капитанының көмекшілері, командирлер мен олардың көмекшілері лауазымын қоса атқаратын су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарындағы механиктер мен олардың көмекшілері лауазымын атқаратын барлық адамдар аттестаттаудан өтуге тиіс.

1) кәсіби диплом;
2) 083/е нысанды медициналық анықтама.




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады