"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 06.01.2022 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарының және бұйрығының құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 98 бұйрықпен бекітілген |
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленіп тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу тәртібін және шарттарын айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 06.01.2022 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар Қазақстан Республикасының аумағында тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) келісу бойынша тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізуге берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) ғылыми зерттеу – тарих және мәдениет ескерткішін зерделеуге, сақталу сапасын, дәрежесін бағалауға және сақтау бойынша жүзеге асырылатын қажетті жұмыстардың көлемін айқындауға бағытталған іс-шаралар кешені, оның ішінде ғылыми-жобалау құжаттамасын әзірлеу барысында жүзеге асырылатын қызмет;
2) ғылыми-жобалау құжаттамасы – тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарының көлемін және құрамын айқындайтын құжат, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектілерінің тарихи, сәулет-көркем келбетін сақтауды, жаңғыртуды, қайта жасауды қамтамасыз ету жөніндегі жобалық шешім;
3) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар – тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу, жобалау және өндірістік жұмыстар;
4) тарих және мәдениет ескерткіштері – Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосылған тарихи-мәдени мұра объектілері.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 06.01.2022 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу тәртібі
4. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар тарихи-мәдени мұра объектілерінің тарихи, сәулеттік-көркемдік келбетінің сақталуын, түлетуді, қайтадан жасауды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
5. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар жергілікті атқарушы органдармен жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде, уәкілетті органмен республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде жүргізіледі.
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары сондай-ақ олардың санатына қарамастан бюджеттен тыс қаражат есебінен, инвестицияларды тарту, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелері мен пайдаланушыларының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 06.01.2022 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың көлемі және құрамы тарих және мәдениет ескерткішін зерделеу барысында әзірленетін ғылыми-жобалау құжаттамасымен айқындалады.
Тарих және мәдениет ескерткішінде жөндеу жүргізілген жағдайда жұмыстардың көлемі және құрамы ақаулы актімен айқындалады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 06.01.2022 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Тарих және мәдениет ескерткішіндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу кезінде тарих және мәдениет ескерткіші туралы жаңадан анықталған мәліметтерді ескере отырып, жобалау шешімдері бойынша ғылыми-жобалау құжаттамасына түзетулер енгізіледі.
8. Тарих және мәдениет ескерткішіндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар тарих және мәдениет ескерткішінің физикалық жағдайын және сақталу дәрежесін, сондай-ақ аумағының көлемін ескере отырып, бір жылдан үш жылға дейін жалғасын табуы мүмкін.
9. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарын жүргізу кезінде құрамы, түрлері және түстік шешімі бойынша түпнұсқаларымен барынша бірдей материалдар қолданылады.
10. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу кезінде пайдаланылатын материалдарды дайындау түпнұсқа материалдардың құрамы мен қасиеттерін зерттеу және зертханалық зерттеу жұмыстарын жүргізу процесінде әзірленген технологиялар бойынша жүзеге асырылады.
11. Жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар аяқталғаннан немесе аралық аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде ғылыми-реставрациялық жұмыстардың сипаты мен қорытындысы қамтылған тарих және мәдениет ескерткіштеріне жүргізілген есепті:
жергілікті маңызы бар – жергілікті атқарушы органдарына;
республикалық маңызы бар – уәкілетті органға жолдайды.
12. Тарих және мәдениет ескерткіштерінде орындалған ғылыми-реставрациялық жұмыстар қабылдау-тапсыру актісімен қабылданады және тапсырылады. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды қабылдау-тапсыруды жүзеге асыру үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жұмыс тобын құрады.
13. Тарих және мәдениет ескерткішінде ғылыми-реставрациялық жұмыстарды қабылдауды бюджеттік бағдарлама әкімшісі немесе ғылыми-реставрациялық жұмыстарын қаржыландыруды бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырған жеке және (немесе) заңды тұлғалар техникалық (1950 жылдан кейін салынған қала құрылысы және сәулет ескерткіштерінде) және авторлық қадағалауларды және мүдделі тараптардың өкілдерін тарта отырып жүзеге асырады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 06.01.2022 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар орындалған жұмыстардың актісіне бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қол қойған күннен бастап аяқталған болып есептеледі.
3-тарау. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу шарттары
15. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізудің шарттары негізделген тарихи деректер болған жағдайда тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи қалыптасқан бейнесін қамтамасыз ету, тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи, сәулеттік-көркемдік бейнесін сақтау және ашу, тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи элементтерін қалпына келтіру болып табылады.
16. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі сыртқы ғылыми-реставрациялық жұмыстар Цельсий бойынша + 5 градустан төмен температурада жүргізілмейді.
17. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар жабық үй-жайларда қысқы уақытта Цельсий бойынша + 5 градустан жоғары температуралық режимді қамтамасыз ету үшін жылыту құралын орната отырып, жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 98 бұйрығына қосымша |
Күші жойылған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарының және бұйрығының құрылымдық элементінің тізбесі
1."Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 367 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12500 тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық -құқықтық жүйесінде жарияланған).
2."Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 367 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 149 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13828 тіркелген, 2016 жылғы 11 шілдеде "Әділет" ақпараттық -құқықтық жүйесінде жарияланған).
3."Мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 256 бұйрығымен бекітілген Мәдениет саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің 9-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17507 тіркелген, 2018 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).