"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасы бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі | М. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 5 бұйрығына 1 қосымша |
"Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес және "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп, "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;"
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) –электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметіy көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8 - тармағына (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес электрондық құжат нысанында лицензияны алу үшін құжаттарды портал арқылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) жібереді;
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Тізбеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі келтірілген.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 6 (алты) жұмыс күні лицензияға қосымша беру- 6 (алты) жұмыс күні, қайта ресімдеу – жұмыс күні көрсетілетін қызметті берушінің қатысуыныз 20 (жиырма) минут ішінде.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Лицензиялық алымды төлеу ЭҮТШ және екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүзеге асырылады.
7. Портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем ЭҮТШ арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
8. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш бергеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті порталда тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды қабылдау туралы хабарлама алады, Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтініштің орындаушысын анықтайды. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады .
9. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының лицензия беруге арналған құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, ақы төленгені туралы, психиатриялық және наркологиялық диспансерлерден анықтамалардың болуы туралы, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензия алу үшін құжаттардың толық топтамасын 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және лицензия беруге бұйрықты не дәлелді бас тартуды (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі) дайындайды және уәкілетті тұлғаға қол қоюға жібереді.
Осы тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9-1. Лицензияны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтініші Портал арқылы ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат ауыстырылған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстыру туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасынан алады.
Тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстыру туралы мәліметтер болмаған жағдайда электрондық өтінішті қалыптастыру процесі аяқталады.
Портал көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Порталдың көліктік қолтаңбасы арқылы көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз жұмыс күнінде 20 (жиырма) минут ішінде толық автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Порталдың көліктік қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Әділет министрінің 31.08.2021 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9-2. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының лицензияға қосымша беруге арналған құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы, ақы төлегені туралы, психиатриялық және наркологиялық диспансерлерден анықтамалардың болуы туралы, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензияға қосымшаны алу үшін құжаттардың топтамасын толық ұсынған жағдайда 4 (төрт) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін не дәлелді бас тартуды дайындайды және уәкілетті тұлғаға қол қоюға жібереді.
Осы тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
Ескерту. 2-тарау 9-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің комиссия төрағасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жіберіледі және сақталады.
11. Ақпараттық жүйеде іркіліс болған жағдайда, электрондық байланыс болмаған немесе хабарламаларды жіберуге кедергі келтіретін өзге де жағдайлар туындаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлімшесі "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі - оператор) техникалық іркілістердің пайда болуы анықталған сәттен бастап көрсетілген себептерді анықтау және жою үшін (жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін) шаралар қабылдайды.
12. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді .
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 31.08.2021 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25 бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 31.08.2021 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 31.08.2021 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 31.08.2021 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот- психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына" 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 31.08.2021 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" (бұдан әрі-Стандарт) | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Электрондық Үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады: www.egov.kz, www.elicense.kz. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Көрсету мерзімі: |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензия беру / қайта ресімдеу, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия бергені, лицензия қайта ресімдегені үшін жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым алынады, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554 бабына сәйкес мынадай: |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі |
Лицензия алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы; |
10 | Ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар мемлекеттік қызмет көрсетудің |
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініші
__________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
__________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын.
(қызмет түрінің және(немесе) қызметтің кіші түрінің толық атауын көрсету)
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ________________________________________________________
Телефондары ______________________________________________________________
Факс _____________________________________________________________________
Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы)
__________________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жай) нөмірі)
_____ парақ қоса беріледі.
Осымен расталады, бұл:
көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға
лицензияны және (немесе)лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері
бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болады; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын
түрімен және(немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайды; қоса беріліп отырған
барлық құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады; өтініш беруші
лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде
қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны; өтініш беруші өтінішті Халыққа қызмет көрсету
орталығы қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыруға келіседі
(Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға ________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Мөр орны (болған жағдайда) Толтыру күні: "____" ___ 20___ жыл
"Сот-сараптама қызметімен, | |
оның ішінде сот-медициналық, | |
сот-наркологиялық және сот- | |
психиатриялық сараптамалармен | |
айналысуға лицензия беру | |
мемлекеттік қызметін | |
көрсету қағидаларына" | |
2-1-қосымша |
Сот-сараптама қызметін, оның ішінде сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын мәліметтер нысаны __________________________________________________ жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты( бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (мен ұсынылған деректердің дұрыстығына дербес жауап беремін)
Ескерту. Қағида 2-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Әділет министрінің 31.08.2021 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
барлық тұлғалар үшін толтырылады
1. Сот сараптамаларының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігінің болуы және / немесе тиісті мамандық бойынша сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сарапшы дәрігер үшін мынадай нормативтік құқықтық актілер: Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы бойынша біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын маман сертификатының болуы:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі берген біліктілік куәлігінің/ біліктілік куәлігіне қосымшаның нөмірі_____________________________________________________
Біліктілік куәлігінің/ біліктілік куәлігінің қосымшасының берілген күні
______________________________________________________________________
Сот сараптамасы бойынша мамандығы (біліктілік куәлігі)_____________
______________________________________________________________________
2. Диплом және оған қосымша туралы мәліметтер жоғары оқу орнының атауы_____________________________________________
мамандық атауы _____________________________________________
мамандық шифры ____________________________________________
дипломның және оған қосымшаның нөмірі __________________________________
дипломның және оған қосымшаның берілген күні ____________________________
дипломды тану/нострификациялау туралы куәліктің берілген күні ______________
дипломды тану/нострификациялау туралы куәліктің нөмірі
_______________________________________________________________________
(6, 7-тармақтар шетелдік білім беру ұйымдары берген дипломдар үшін толтырылады)
3. Жоғары білімі туралы дипломда көрсетілген мамандық бойынша жұмыс өтілінің немесе сараптама қызметінің мәлімделген түрі бойынша сот сараптамасы (сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық) органдарындағы жұмыс өтілінің кемінде үш жыл болуы туралы мәліметтер:
жұмыс кезеңі __________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
лауазымы, ұйым, бөлімше _______________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
ұйымның орналасқан жері_______________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
бұйырықтың нөмірі_____________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
еңбек өтілі_____________________________________________________________
______________________________________________________________________
"Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_______________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_______________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
_______________________________________________________________________
Тегімнің, атымның, әкемнің атының (ол болған жағдайда) өзгеруіне байланысты сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға 20___ жылғы "____" № __________,
______________________________________________________________________
(лицензияның нөмірі(лері), лицензияны берген лицензиардың атауы)
берілген лицензияны қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
Жеке тұлға ____________ ________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _______
"Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 4-қосымша |
Нысан |
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сіздің [өтінім күні] жылғы № (Өтінім нөмірі) өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.
Бас тарту себебі
Қол қоюшының лауазымы Т.А.Ә.
"Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 5-қосымша |
Нысан |
ЛИЦЕНЗИЯ
20 ___ жылғы "___" ___________ | № _____________ | |
Берілді |
_____________________________________________ | |
қызметіне |
_____________________________________________ | |
Ерекше шарттар |
_____________________________________________ | |
Ескертпе: |
_____________________________________________ | |
Лицензиар |
_____________________________________________ |
Басшы _____________________________________________(уәкілетті тұлға)
Бастапқы берілген күні: _________ ж "___" _______________
Лицензияның қолданылу мерзімі: ______ ж. "___" _______________
Берілген орны _____________________________________________
ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМША
Лицензия нөмірі ___________
Лицензияның берілген күні 20___ жылдың "___" _________
Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі (түрлері):
________________________________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрінің атауы)
Лицензиат |
_____________________________________________ |
Өндірістік база |
_____________________________________________ |
лицензия қолданылуының ерекше шарттары |
_____________________________________________ |
Лицензиар |
_____________________________________________ |
Басшы _____________________________________________(уәкілетті тұлға)
Қосымша нөмірі ____________
Лицензияның қолданылу мерзімі: ______ ж. "____" __________
Қосымшаның берілген күні: "___" _________ _________ г
Берілген орны _____________________________________________
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 5 бұйрығына 2 қосымша |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 546 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16780 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2. "Сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 546 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 1538 бұйрығы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17788 болып тіркелген, 2018 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. "Сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 890 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17061 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
4. "Сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 890 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1616 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18016 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіндежарияланған).