2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 83-бабының екінші бөлігіне және "Қазақстан Республикасының құқықтық актілері туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9842 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Сотталған әскери қызметшілерді ұстау тәртібі олардың құқықтарын қамтамасыз етуді, олардың өз міндеттерін атқаруын, оларды оқшаулауды, қабылдауды және орналастыруды, жеке тінтуді, саусақтардың таңбасын алуды, суретке түсіруді, тексеріп қарауды, тыйым салынған заттарды, бұйымдарды, азық-түлік өнімдерін алуды, материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етуді, азық-түлік өнімдері мен алғашқы қажеттілік заттарына ие болуды, сәлем-сауқаттарды, сәлемдемелер мен бандерольдерді қабылдауды және жөнелтуді, ақшалай аударымдарды қабылдауды, хаттар, өтініштер мен ұсыныстар қабылдауды және жөнелтуді, телефондық тілдесулерді, гауптвахтадан тыс жерге шығуды, діни жораларды жасауды, жұмыстарға қатыстыруды, газет-журналдарға жазылуды, медициналық-санитарлық қамтамасыз етуді, қыдыруларды, кездесулерді, тергеу әрекеттері мен сот отырыстарына қатысуды, ынталандыру мен жазалауды, жеке қабылдауды, қайтыс болған сотталғандардың денелерін беруді, сотталғандарды босатуды, сондай-ақ ҚАК қарастырған міндеттерді орындауды қамтиды.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Гауптвахтада ұсталатын сотталған әскери қызметшілерді жеке камераларға орналастыруға ӘПО бастығы бекіткен гауптвахта бастығының дәлелді қаулысы бойынша мынадай жағдайларда жол беріледі:
1) сотталған әскери қызметшінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін;
2) гауптвахтада ұсталатын сотталған әскери қызметшінің басқа сотталғандар тарапынан өмірі мен денсаулығына төнетін қауіпке байланысты бөлек ұсталу туралы жазбаша өтініші болған кезде;
3) басқа сотталған әскери қызметшілердің, гауптвахтаның кезекші жеке құрамы мен ауысымының абыройына және ар-намысына тіл тигізу;
4) гауптвахтаның кезекші ауысымы және ӘПО басқа лауазымды тұлғаларының заңды талаптарына бағынбау;
5) сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттар мен бұйымдарды сақтау, жасау және пайдалану;
6) құмар ойындарға қатысу.
Гауптвахта бастығы келесі жұмыс күнінен кешіктірмей осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген қауіпсіздік шараларының қолданылуы туралы прокурорды жазбаша нысанда хабардар етеді.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Гауптвахтада ұсталатын сотталған әскери қызметшілер:
1) жататын орынмен;
2) ұйқы кезінде төсек-орын жабдықтарымен: матрацпен, жастықпен, көрпемен, үш ақжаймамен, екі жастық тысымен, екі сүлгімен. Сондай-ақ әйел жынысты адамдарға гигиеналық сүлгі беріледі;
3) тамақтану кезінде асханалық ыдыспен және асханалық жабдықтармен: табақпен, сапты аяқпен, қасықпен;
4) жалпыәскери жарғылармен, кітаптармен, журналдармен және мерзімді басылымдармен;
5) жуыну керек-жарақтарымен және жеке гигиеналық заттармен қамтамасыз етіледі.
Гауптвахтада ұсталатын сотталған әскери қызметшілер камераларда тамақтанады.
Түнгі уақытта барлық камералар кезекші жарықпен жарықтандырылады.
Сотталғандарды ұстауға арналған камералар санитариялық талаптарға сәйкес жабдықталады.";
8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"8-тарау. Сотталған әскери қызметшілердің хаттарды, сондай-ақ шағымдарды, өтініштер мен ұсыныстарды алуы және жөнелтуі";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. ҚАК 86-бабы 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес сотталған әскери қызметшілерге айына бір рет өз қаражатына хаттарды қабылдауға немесе жөнелтуге жол беріледі.
Сотталған әскери қызметшілер гауптвахтадан кеткеннен кейін оның атына келіп түскен хаттар үш жұмыс күнінен кешіктірілмей оның жазасын өтеу орны бойынша жөнелтіледі.";
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Сотталған әскери қызметшілердің ұсыныстары, өтініштері мен шағымдары осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сотталған әскери қызметшілердің ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын тіркеу кітабында тіркеледі.
Сотталған әскери қызметшілер сотқа, прокуратура органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға электрондық құжат түрінде жүгіне алады.
Гауптвахта аумағында және үй-жайында қолжетімді орындарға сотталған әскери қызметшілердің гауптвахта лауазымды адамдарының құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне шағымдар беруіне арналған арнайы пошта жәшіктері орнатылады.";
115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"115. Сотталған әскери қызметшілерге жалғыз адамдық камераға ауыстыру түріндегі жаза осы Қағидалар 22-тармағының 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда гауптвахта бастығының не болмаса оны алмастыратын адамның қаулысы бойынша қолданылады.
Әскери қызметшілерді жалғыз адамдық камерада ұстау мерзімі көрсетілген үй-жайларға нақты жабылған күннен бастап есептеледі.
Сотталған әскери қызметшілерге қатысты жалғыз адамдық камерада ұстауды жазалау шарасын қолдану туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.";
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы | К. Масимов |