БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10486 болып тіркелді, 2015 жылғы 7 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабы 41-26) тармақшасының 1-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру және "Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін анықтайды".";
4-тармақ алынып тасталсын;
6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Өтініш беруші азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын алу үшін www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиация оқу орталығын сертификаттауды жүргізуге өтінімді және осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес "Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды:
Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктерін көрсете отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта келтірілген.
Уәкілетті ұйымның құжаттарды және азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын жалпы қарау мерзімі 27 (жиырма жеті) жұмыс күнін құрайды.
Өтініш беруші портал арқылы құжаттарды берген кезде - өтініш берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
7. Уәкілетті ұйым кеңсесінің маманы құжаттар мен мәліметтерді тіркеуді олар түскен күні жүзеге асырады.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
8. Өтініш беруші Стандартта көрсетілген тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйым кеңсесінің маманы өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Өтініш беруші Стандартта көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, қарау үшін кеңсе маманы құжаттар топтамасын уәкілетті ұйымның жауапты орындаушысын жетекшілік ететін басшының орынбасары және (немесе) уәкілетті ұйымның құрылымдық бөлімшесінің басшысы арқылы айқындайтын уәкілетті ұйымның басшысына не оның міндетін атқарушыға береді.
Уәкілетті ұйымның жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттар пакетінің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Сертификаттық тексеру жүргізу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын уәкілетті ұйымның жауапты орындаушысы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" сертификаттау рәсіміне басталу күні, ықтимал өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және оларға сәйкес сертификаттық тексеру жүзеге асырылатын халықаралық ұйымдар құжаттарының тізбесі туралы ақпаратты қамтитын еркін нысанда уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған хабарламаны жіберуді қамтамасыз етеді.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды және уәкілетті ұйымның жауапты орындаушысы актінің бір данасын порталға өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберуді қамтамасыз етеді.
Өтініш беруші авиациялық оқу орталығын сертификаттық тексеру бағдарламасының сертификаттық талаптарына сәйкес келген немесе сертификаттық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті ұйымның жауапты орындаушысы актіге қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, осы Қағидалардың 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық оқу орталығының сертификатын не Стандартта көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және порталға өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.
Сертификаттық тексеру процесінде өтініш берушінің авиациялық оқу орталығын сертификаттық тексеру бағдарламасының сертификаттық талаптарына сәйкессіздігі анықталған, оны жойған жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін жағдайда, 3 (үш) жұмыс күні ішінде түзету іс-қимылдарының жоспарын бекіту үшін өтініш беруші порталда "жеке кабинетте" актіні алған күннен бастап уәкілетті ұйымға ұсынады.";
17, 18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Өтініш берушінің авиациялық оқу орталығын сертификаттық тексеру бағдарламасының сертификаттық талаптарына сәйкессіздігін жою туралы актіге қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, ол жойылған жағдайда уәкілетті ұйымның жауапты орындаушысы қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін авиациялық оқу орталығының сертификатын немесе Стандартта көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.";
Уәкілетті ұйымның жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын уәкілетті ұйымның басшысына немесе уәкілетті ұйымның құрылымдық бөлімшесі басшысының жетекшілік ететін орынбасарының және (немесе) басшының келісімі бойынша оның міндетін атқарушысына жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне уәкілетті ұйым басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ қол қойылады және порталға өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.;
18. Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы деректерді енгізу Қағидаларына сәйкес қамтамасыз етеді.
19. Авиациялық оқу орталығының сертификаты 2 (екі) жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу саласын кеңейту және ұзарту кезінде алдыңғы сертификаттың күші жойылады.
Авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу саласын кеңейту үшін авиациялық оқу орталығы авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу саласын кеңейтуге жататын құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті ұйымға өтінім береді . Бұл ретте сертификаттауды жүргізу тәртібі өзгермейді.";
мынадай мазмұндағы 19-1, 19-2 және 19-3-тармақтармен толықтырылсын:
"19-1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша уәкілетті ұйымның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті ұйым басшысының атына, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
19-2. "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
19-3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Өтініш берушінің көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгiнің Азаматтық авиация комитетi белгіленген заңнамалық тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгiнің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрiне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығына сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Мемлекеттік қызметтің атауы | Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығына сертификат беру |
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Портал арқылы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру - 27 (жиырма жеті) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (толық атоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын, авиациялық оқу орталығы сертификатының телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) өтініш берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде көрсетілетін электрондық нысандағы өзге талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған: |